Астана төріндегі «Ақжайық» саябағы Елордаға ерекше көрік беріп тұр

Күні , 788 рет оқылды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан облыс әкімі  Алтай Көлгіновке  Алғысхат келді.

Онда Мемлекет басшысы Алтай Сейдірұлын және облысымыздың бүкіл жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш екенін жеткізген.

«Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады. «Ақжайық» саябағы әсем Астанамызды одан әрі көгалдандырып, көркейте түсті. Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатымен қазақ халқының қаһарман қызына Орал жұртшылығы орнатқан ескерткіштің символдық мәні зор. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» деп жазған  Алғысхатында  Нұрсұлтан  Әбішұлы.

Айта кетейік, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай елордада «Ақжайық» саябағы ашылған еді. 1,5 гектар жерді алып жатқан бұл саябақтың орнында бұрын ескі үйлер болды. Ол үйлер бұзылып, жаңа инфрақұрылымдар тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Саябақтағы амфитеатр, балалар ойын алаңы, кітап оқуға арналған орындар, әуенді субұрқақ, лабиринт, баскетбол және жүгіру алаңдары бүгінде астаналықтардың  сүйікті  орнына  айналды.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика