Еуроодақ Оралда тұңғыш рет Еуропа кинофестивалінің ашылуын жариялайды

Күні , 36 рет оқылды

ОРАЛ – 15-17 маусым аралығында Оралда тұңғыш рет Қазақстанда Еуропа күні мен ЕО-Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығын атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтеді. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Бельгия, Болгария, Чехия, Германия, Эстония, Испания, Франция, Кипр, Латвия, Мажарстан, Нидерланды, Австрия, Польша, Румыния, Словения, Словакия  және Финляндия елдерінде түсірілген 16 фильм кірді.

Кино туындылары арасында әртүрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, «Сезар» сыйлығының жүлдегері және 2014 жылғы «Оскар» сыйлығына үміткер -«Разомкнутый круг» фильмі (Бельгия), 5 «Гойя» сыйлығының иегері, соның ішінде үздік фильм үшін — «Трумэн» (Испания) фильмі, Испаниядағы Сан-Себастьян фестивалінің толық метрлі дебюты үшін берілген Гран-при иегері («Урок»), «Жыл фильмі 2004» («Чудо Берна», Германия), және Берлин кинофестивалінің жүлдегерлері («Маленькая гавань» Словакия).

15 маусым күні фестиваль ашылуында көрермендерге ерекше деректі фильм «Конный лучник» (Венгрия), «Трумэн» (Испания), және«Урок» (Болгария) фильмдері көрсетіледі. 2016 жылдың қаңтарында «Конный лучник» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмде ата-бабаларының садақ ату және жауынгерлік өнер мектебін негіздеген заманауи венгр жауынгері және философы Лайош Кошшаидың қызметі туралы баяндалады. Оның шебері арқасында салт аттылар далалық мәдениеті Венгрияда жандандырылады. «Урок» фильмі –батыс киноиндустриясының көлеңкесінде жиі қалатын шығысеуропа кинемотографының керемет туындысы. Кинолента бірқатар кинофестивальдарда көрермендерді өзінің үндеуімен таң қалдырды. «Урок» фильмінің тұсаукесері Торонтода өтті, онда фильм дистрибьюторлық компаниялардың жоғары бағасына ие болып, Канада мен АҚШ-қа таратылуға сатылып алынды, ал Испанияда кинотуынды толық метрлі дебют үшін Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Сеска Гаяның «Трумэн» атты фильмі екі дос, соның біреуі ауыр сырқатқа ұшырағаны жайлы әңгімені баяндайды. Ол 2016 жылы «Гоя» сыйлығының триумфаторы атанып, бес жүлдеге иеленді.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова және Кинопарк желісінің PR директоры Ерлан Бұхарбаев қатысады.

Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.

Кинофестивальдің толық бағдарламасы Қазақстандағы Еуроодақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған — @euinkz

Редакторлардың назарына:

Күні мен уақыты: 15 маусым, 18:30

Өтетін орны: Кинотеатр Kinoplexx, ТРК Орал, Абулхаир хан к-сі 179, Орал

 

Аккредиттеу сұрақтары бойыншы:

ҚР ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат бойынша ассистенті Еркежан Амриева ханым:   + 7 (775) 6730823, e-mail: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu. 


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика