Қанатқақты жобаны таныстырды

Күні , 42 рет оқылды

Зеленов ауданында «СұңқарСмартСити» қанатқақты жобасының таныстырылымы өтті. Облыс аудандарының ішінен алғаш боп қолға алынған жоба туралы «Элайтс» ЖШС-ның қаржылық директоры Алексей Корнишкин айтып берді.

Жобаның таныстырылымында аудан әкімі Асхат Шахаров еліміз тәуелсіздік алған тұста цифрлы технология қолданысқа енгізіле бастағанын, әлемдік экономикалық даму көшінен қалыс қалмау үшін цифрландыру технологияларын енгізудің мән-маңызына тоқталды.

– Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде «Цифр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылды. Ақпарат­тық технология­лар қарыш­тап дамыған заманда IT сала­сын қолға алмасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рына ену қиынға соғатындығын Елбасымыздың өзі атап көрсетті. Өйткені өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді, – деді Асқар Шахаров.

Ауданда жүзеге асқалы отырған «СұңқарСмартСити» пилоттық жобасы бойынша қашықтық арқылы басқарылатын құрылғы көмегімен қоғамдық тәртіпті сақтауды оңтайландырады,  дала өрті, су тасқыны сынды төтенше жағдайлардың орын алуының алдын алады және қауіптің көзін жоюға қызмет қылады. Құрылғы қажеттілік бойынша онлайн режимде, ауданның кез келген нүктесінен түсірілім жасайды.

– Біз құрылғы жұмыстарын жүргізуші IT-мамандарды даярлап, курстар ұйымдастырып, оларға әдістемелік көмектер көрсетеміз, – деді «Элайтс» ЖШС қаржылық директоры Алексей Корнишкин.

Ертай  БИМҰХАНОВ,

Зеленов  ауданы


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика