Ақсайдағы қанды оқиға

Күні , 11 492 рет оқылды

Жуырда Ақсай қаласында қанды оқиға орын алды БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 маусым күні сағат 07.15-те 5-шағынаудандағы 12-үйдің 1-қабатында орналасқан «Алмас» ақша айырбастау пунктінен көптеген пышақ жарақаттарымен 1966 жылғы А. есімді азаматтың мүрдесі табылды. Марқұм валюта айырбастаумен айналысқан. Қазіргі кезде Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдарын жүргізуде. Осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын ұсталып, Бөрлі аудандық сотының санкциялауымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Мұндай оқиға Ақсайда бұдан бұрын да болған. 2015 жылы 8 қазанкүні валюта айырбастауменайналысқан ер адамдыөзүйініңкіреберісіндеатыпкеткенеді. Бұлқылмысәліашылғанжоқ.

Арман БОЛАТҰЛЫ

   


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика