23.04.2015, 7:36
Қараулар: 70
Зейнеп апай Оралға келді

Зейнеп апай Оралға келді

 IMG_5938


Кеше  Орал қаласына қазақтың біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, танымал жазушы  Зейнеп Ахметова арнайы шақырумен келді.


Зейнеп апайды әуежайдан  көрнекті ақын Ақұштап Бақтыгереева, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов және басқа да зиялы қауым өкілдері  қарсылап  алды.

З. Ахметова  23-24 сәуір күндері облыстық қазақ драма театрында өтетін  жазушы Шерхан Мұртазаның Бауыржан Момышұлының өміріне арнап жазған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасының премьерасын тамашалайтын болады. Батырдың келіні, белгілі қаламгермен арадағы сұхбатты газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқи аласыздар.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар