Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Күні , 66 рет оқылды

«БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ»

КІРІСПЕ Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалып- тастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты. Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкестендірілген. Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.

1-ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ: НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН ДАМУ ТРЕНДТЕРІ

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты іс-әрекетте: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылу қорытындысы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тәуелсіздік алған сәттен бастап Бірінші Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың бастауын жоюға бағытталған берік жігеріне сүйенеді. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының идеологиясы заманауи кезеңде Елбасы алға қойған «Қазақстан — 2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қойылған міндеттердің арқасында дамудың қуатты серпінін алды. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты міндеті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай фронтын қалыптастыру Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиясын орындау аясында жолдаған болатын, оның басты мәні мен мағынасы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мемлекет және қоғам күштерін біріктіру болды. 1993 жылдан бастап Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды методологиялық құралы ретінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды жүйелі жоюдың бағдарламалық- жоспарлық қатынасы, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлық көріністерін табанды жою болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін орындауды бағдарламалау және жоспарлау Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2014 жылда қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) және оны іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аясында жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдыңғы алты мемлекеттік бағдарламаны орындау тәжірибесін өзіне қабылдап, түбегейлі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамалық басымдықты өзгертті. Онда сапалы жаңа деңгейге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда барлық стейкхолдерді тарту сұрақтары енгізілді, яғни мемлекеттік органдарды, мемлекеттік сыңайлы сектор, бизнес қоғамдастығы және азаматтық қоғамдастықтар тартылды. 2017 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асырудың қорытындылаған жыл болды, бұл үш жылдықта Қазақстанда жаңартылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың алғашқы қорытындысын бағалауға мүмкіндік берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия алғашында оны орындаудың нәтижелігін өз еркімен бағалау және практикалық қорытындыны талдау әділдігін арттыру үшін сыртқы бағалау механизмдерін енгізгенін атап өту керек. Осы мақсатта 2017 жылда арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар БАҚ, мемлекеттік органдар және «Нұр Отан» партиясы өкілдері енді. Жүзеге асырылуы келесі бағыттарда жүргізілді: 2015–2017 жылдарға жоспарланған 64 іс-шараның 63 орындалды 1 алып тасталынды (іс-шара ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 414 қаулысымен жойылды). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталамыз. 2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың заманауи нысандары мен әдістерін қалыптастыруда шешуші маңызға ие болды. Аталған Заңның маңызды жаңалығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын пайдалануға бағыттың, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық субьектілері шеңберін кеңейтудің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа нысандарының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, мүдделер қайшылығын болдырмау және шешу, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық туралы Ұлттық баяндама жасау және жариялау), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары арасында нақты ажыратулардың енгізілуі. Жаңа Заңның қабылдануы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жолында да, жаңа заң қабылдауда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына түзетудің жаңа бағыттарын айқындатты. 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын қабылдау маңызды мағынаға ие болды, ол мемлекеттік қызметке ашық конкурстық іріктеу механизмі арқылы меритократия принциптерін енгізу үшін жағдай жасады, біліктілік негізінде мансаптық жоғарылау, қорытынды бойынша еңбек төлемін анықтауды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, биыл қабылданған тұжырымдамалық өзара байланысқан Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» екі Заңның қабылдануы заңнамалық деңгейде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтық пен транспаренттілік принциптерін қоғамдық бақылаудың нәтижелі шараларын анықтаумен белгіледі, ол барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелігін бағалаудың заңды механизмі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) және әдеп бойынша уәкіл туралы Ереже қабылдау мемлекеттік қызметті этикеттендірудің белсенді үрдісінің басталуына және мемлекеттік қызметшінің моральдық-өнегелілік бейнесін нығайтуға негіз болды. Мемлекеттік, құқық бұзушылық және сот органдарының ұйымдастыру – басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері деңгейін төмендету мақсатында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер және ішкі актілерді қайта қарау бойынша үлкен жұмыс көлемі жасалды, олар сыбайлас жемқорлық көріністері мүмкіндіктерін ықшамдау мақсатында, нақты реттеу ережесін, мансаптық көтерілу және қызмет ету жағдайын белгілеу мақсатында бекітілген. Құқық қорғау және сот органдарында жасырын құқыққа қайшы әрекеттер, жағымсыз тәуелділік және т.б. анықтау үшін полиграфиялық зерттеулер енгізілді. Сот процесстерін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекетін бейнефиксациялау үрдістерін енгізілуі, олардың тарапынан құқық бұзушылықтарды бақылау үшін жағдай жасалды. Квазимемлекеттік секторда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыруда салмақты өзгерістер болды. Соның ішінде, ұлттық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар жасап іске асыра бастады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасады, айқындықты үлкейтудегі кадрлық саясат принциптерін қайта қарастырды. Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік жаңа деңгейге көтерілді және қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау деңгейі күшеюінің маңызды факторына айналды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруде байыпты демеу және әкімшілік үрдістердің сыбайлас жемқорлықтың төмендеуі Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Стамбул іс-әрекет жоспары аясында мониторингтік процедураларға белсенді қатысуы болды. Жекелей алғанда, халықаралық сарапшылар атап айтқандай, 2017 жылғы қыркүйек айында 19 ұсыныстан толықтай немесе жартылай 16-сы орындалды, 1-еуі — орындалмады (2 ұсыныстың орындалуы бағаланбады). Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылуы сыбайлас жемқорлық көріністерінің төмендеуі бойынша мемлекеттік органдар іс-әрекетіне халықтың сенімін айтарлықтай нығайтты. Әлеуметтік зерттеу қорытындылары Стратегияның орындалуының бірінші жылында-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың әлеуметтік қолдауының өскенін көрсетті. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі 2015 жылы 57,9% құрады (2013 жылы — 52%), орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 64,8%, жергілікті атқару органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 51% құрады. 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтар үлесі 17,9%-ға өсті (55,5% -дан 73,4% -ға). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жылдарында да сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктің күшеюі айтарлықтай нәтиже берді. Зерттеу қорытындысынан азаматтардың басым көпшілігі (78,8%) сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз қарайды. Сауалнамаға жауап берушілердің 43,7%-ы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде өзінің жеке үлесін қосуға дайын екендігін білдірді, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық іс-әрекетімен жеке қақтығысқанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қандайда бір белсенді іс-қимыл қабылдауға халықтың 47,2%-ы дайын екендігі анықталды. Тұтастай алғанда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың алғашқы қорытындыларын жинақтауда келесіні атап өтуге болады. Біріншіден, Қазақстан Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі деңгейінің күшеюі мемлекеттік билікті әлеуметтік қолдауды айтарлықтай нығайтты. Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүйелі заңды өзгерістер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің нығаюы үшін қатаң құқықтық негіздер құрылды. Үшіншіден, мемлекеттік қызметте, құқық қорғау, сот органдарында, квазимемлекеттік секторда кадр саясатын сапалы қайта қарау мемлекеттік басқарудың кадр корпусындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін жағдай қалыптастырды. Төртіншіден, мемлекеттік органдардың қоғамдық бақылауды легитимациямен бірлесіп ашықтықты арттыруды басқарудың мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерге жауаптылығын жоғарылатты. Бесіншіден, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды алға тарту сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті күшейтуге мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша алғашқы заңнамалық актінің жиырма жылдығы, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының эволюциясы арқауында. 2018 жылдың шілдесінде 1998 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы Заңын қабылдаған сәттен 20 жыл толады. Тарихи тәжірибенің рефлексиясы заманауи үдерістерді түсінудің маңызды құралы болып табылады, сондықтан бұл айтулы күнге жүгіну, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үдерісінің қазіргі таңдағы жағдайын объективті бағалау мақсатында, жақын өткенді ұғынудың қажеттілігін туындатады. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өз бастауын Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығынан бастама алады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 90-шы жылдардағы тәуелсіздік алған сәттен бастап іс жүзінде жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес, ескі номенклатура, сонымен қатар нарықтық экономиканың қалыптасуының бастапқы дәуірінің жаңа пайда болған «пысықайлары» тарапынан да айтарлықтай кедергілерге тап болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан билігіне, шаруашылық күйзеліс пен қиын-қыстау саяси дағдарыс тұрғысында биліктің жаңа институттарын құру бойынша көптеген қиын міндеттерді шешуге тура келді. Бұл Қазақстанның ұлттық байлықтарына мүдделі, шетелдік капитал ағыны арқылы жаңа қуат көзін тапқан сыбайлас жемқорлықтың таралуы деңгейінде сөзсіз көрініс тапты. Бұл жағдайларда тек батыл іс-әрекеттер ғана жағдайды күрт өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың етек жаюын төмендету бойынша жолды айқындай алатын еді. Осылайша 1997 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын анықтаушы алғашқы ауқымды стратегиялық құжатын баяндай отырып, маңызды басым бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен батыл және аяусыз күресті айқындады. «Тұлғалар мен лауазымдарға қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресу қажет, басқару корпусы сөзсіз тазаруы және жаңғыруы қажет». Осы Елбасының сөздері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелік заңнамалық шараларды жүзеге асрыуды бастаған орны болды. «Қазақстан-2030» стратегиясы іс жүзінде болашақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін салды және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сыбайластықты тежеудегі табысты нәтижелерге қол жеткізуіне шешімділігін нығайтты. Оның салдарынан, Елбасының бастамасы бойынша 1998 жылдың шілдесінде, посткеңестік кеңістіктегі осындай заңнамалық актілердің алғашқыларының бірі болған ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған. Заңды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің ішкі саясатының дербес саласы ретінде бөлінуінің іс жүзіндегі бастамасы болды. Бұл үдерістің катализаторы ретінде, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) базасында мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органын құру жолымен аталмыш саясатты институционалды қамтамасыз етуді енгізу болды. 17 жыл бойы қолданыста болған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңы тұрақты түрде жетілдірілді және бұл оған ұзақ уақыт бойына өзекті заманауи шынайылық болып қалуына мүмкіндік берді. Бұл Заңның тарихи мәні, оның сыбайлас жемқорлықпен күрестің принциптерін, сыбайлас құқық бұзушылықтардың субъективтілігін, сыбайлас жемқорлықпен күресті іске асырушы органдарды, мемлекеттік қызметшілер өздеріне алуға тиіс шектеулерді, қаржылық бақылау шараларын, сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек беретін тұлғалардың дербес құқықтарына кепілдік берудің алғашқысы және нақты анықталуында болып табылады. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңның қолданыста болған мерзімінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің іргетасы қаланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді тікелей іс-әрекеттің айтарлықтай тәжірибесі әзірленді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыбайлас жемқорлықты тежеудің одан әрі табысты алға жылжуы, көбіне жұмысына тәуелді болатыны айқын болды, өйткені салдарлармен күрес тек қысқа мерзімді нәтиже береді және сыбайлас жемқорлықпен күрестің ұзақ мерзімділігіне қол жеткізу үшін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына салмақ салу қажет. 2012 жылдарда зерттеушілердің атап өтуі бойынша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесі 72% қылмыстық қудалаудан тұрған және тек 28% сыбайлас құқық бұзушылықтың және профилактика жасау бойынша шаралар ғана болған. Сондықтан 2014 жылы Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің концептуалдық негіздерін түбегейлі қайтадан қарастыру бастамасын көтерді, бұл бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықты туындататын тереңге тамыр жайған факторларын жоюға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жаңа кезеңінің бастамасы болды. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуына және табыстылыққа қол жеткізуінде тарихи рөл атқарғанын, сондай-ақ оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи қазақстандық моделінің негізін қаланғандығын, сыбайлас құқық бұзушылықтардың алдын-алудың түрлі нысандарының қабылданғандығын, оның сыбайлас жемқорлыққа шалдыққыштығын төмендету жоспарында заңнаманы жүйелік түзету тәжірибесі әзірленгендігін айта кету қажет. 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, алдыңғы заңның құқық қолдану практикасының таңдаулы тәжірибесін түгелдей алды. Ол жаңа сапалы деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша инновациялық алдын алу механизмдерін енгізді және Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған, сыбайлас жемқорлық көріністерін түбегейлі төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі сыбайлас жемқорлық саясатының мүмкіндіктерін күшейту бойынша айтарлықтай іргесін жасады.

Жемқорлыққа қарсы саясаттың қазақстандық үлгісі Қазақстан Президенті — Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы 20 жыл ішіндегі жемқорлыққа қарсы идеологиясын жүйелі жабдықтандыру, Қазақстанда жемқорлыққа қарсы ерекше ұлттық іс-қимыл үлгісінің нышаны болды. Бір мезгілдегі жергілікті шындықтарды есепке ала отырып, ол өзіне шет елдердің ең үздік халықаралық тәжірибелері мен тиімді жемқорлықты тежеу тәжірибелерін игерді. Қазақстандық жемқорлыққа қарсы саясат үлгісінде Қазақстан Президенті негізгі рөл атқарып, оны іске асыруда негізгі басымдықтарды белгілейді, бірінші кезектегі жемқорлыққа қарсы және заңнамалық актілер мен жемқорлыққа қарсы басқада субъектілердің әрекетін мемлекеттік және құқық қорғау органдары бақылайды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл үлгісі келесі міндеттер шегінде жүйелі қайта құруға негізделеді: Этика нормаларын сақтайтын, кәсіби мемлекеттік аппарат «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші институттық реформасын, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қабылдаумен, меритократия қағидаттарын барынша қамтамасыз ететін, мансап үлгісіне көшу қамтамасыз етілді. Осылайша, мемлекеттік қызметке жаңадан келген және еңбек өтілі жоқ үміткерлер, өз кәсіби қызметін жалпы байқау бойынша төменгі қызметтен бастайды. Сонымен бірге, мансаптық алға жылжу, жарысу қағидаттарын сақтай отырып, ішкі байқау бойынша және төменгі қызметтерде еңбек өтілі болған жағдайда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке түсу үшін жаңа үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді, ол келесі кезеңдерден тұрады: заң білімі бойынша тестілеу; жеке қасиеттерін бағалау; байқауды жариялаған мемлекеттік органда әңгімелесуден өту. Көрсетілген шаралар мемлекеттік қызметке қабылданғандар санын 3 есеге өсіруге, кадрлардың алмасушылығын 2 есеге төмендетуге және мемлекеттік қызметшінің ауысуын 18 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) орталық мемлекеттік органдар және Korn Ferry Hay Group компаниясымен бірігіп, Факторлы-балды шкала жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, ол 2018 жылы пилотты режимде Агенттік, Әділет Министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Маңғыстау облысы әкімдігі негізінде мақұлданады. Аталған еңбекақы төлеу жүйесі атқарылатын міндеттердің ауқымын, жауапкершілігі мен күрделілігін есепке алуға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болады. Мемлекеттік қызметті әдептендіру мәселесі белсенді түрде алға жылжып келеді және ол орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен әдеп бойынша Кеңесте әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға атынан институттық қолдауға ие болды. Қалыптасқан екі жыл ішінде әдеп жөніндегі уәкілетті институт өз тиімділігін көрсетті, оның енгізілуімен мемлекеттік қызметкерлер және азаматтар әдеп сипатындағы әлеуетті мүдде дауы мен басқа да мәселелер туындаған жағдайда кеңес алу үшін жүгінуге мүмкіндік алады. 2017 жылдан бастап әдеп жөніндегі уәкілетті қызметкерлер дербес жаңа үлгіде жұмыс істейді. Енді олар басқа функционалдық міндеттерден босатылды және дербес мәртебе берілді, бұл олардың жұмысының нәтижелілігін елеулі түрде арттырды. Әдеп бойынша Кеңеске келетін болсақ, қазіргі уақытта олардың құрамының 60% астам мүшесі – азаматтық қоғам институттарының өкілдері. Бұған қоса, 2017 жылдан бастап 3 ел аймағында пилотты режимде әдеп бойынша Кеңес мүшелерінің дербес жұмысын енгізу бойынша жоба іске асырылады. Заңның үстемдік құруы және құқықтық мемлекет «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде соңғы жылдары сот жүйесіне маңызды жаңғырту жүргізілді. Соның ішінде, үш деңгейлі әділ сот жүйесіне көшу жүзеге асырылды, судьяларды іріктеу және оларды тағайындау тәртібінің тәуелсіздігі қамтамасыз етілді, судьялардың жаңа этика кодексі қабылданды, сот ісін жүргізуді және сот істерін бөлуді толық автоматтандыру енгізілді, сонымен қатар барлық сот үдерістерінің үздіксіз бейне жазбасы енгізілді. Судьяларға үміткерлер енді біліктілік емтиханын тапсырмайды, бірақ полиграфта тексеруден және психологиялық тестілеуден өтеді. Үміткерлердің 5 жыл еңбек өтілі және сот үдерістеріне қатысуы немесе заң мамандығы бойынша 10 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Судьялық корпуста кәсібилікті арттыру үшін, бірінші жұмыс істеген жылдан бастап жылдық тағылымгерлік және кәсіби қызметті бағалаудан өтеді, ал қалған судьялар үшін әр 5 жыл сайын бағалау енгізілді. Жоғарғы Сот Кеңесі автономды мекеме болды және судьяларды іріктеу және тағайындау бойынша жүйелі жұмысты құрды. Барлық іріктеу кезеңдері БАҚ-та барынша жарияланып отырады, осы үдеріске сонымен қатар Қоғамдық кеңестер тартылды. Ақпараттық технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетуге, азаматтардың әділ сотқа жүгіну мүмкіндігін кеңейтуге, бюрократиялық тосқауылды төмендетуге және процессуалдық байланыстарды азайтуға мүмкіндік берді. Бұған қоса, сотқа берілген талап арыздардың 73,5% астамы «Сот кабинеті» сервисі арқылы жөнелтіледі. SMS-хабарламалар арқылы қатысушыларды электронды түрде жариялау, сот отырысы туралы дер кезінде жарияланбаған шағымдарды қысқартуға және әуресарсаңды болдырмауға мүмкіндік береді. Сот төрелігінің қызметі қайта құрылған, бұл азаматтарға аталған институтқа судьялар әрекетіне шағым айту үшін, тікелей жүгінуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Сот төрелігі судьялардың кәсіби қызметіне баға беріп, судьялардың этика Кодексі бұзылған жағдайда, тәртіптік сипаттағы мәселе- лерді қарастыратын болады. Нәтижесінде, «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша бәсекеге қаб- ілеттіліктің Жаһандық индексіне сәйкес, Қазақстан 111-орыннан 79-шы орынға (өсу 32 жайғасымды құрады) орналасты. Бұған қоса, «Doing Business – 2018» дүниежүзілік банктің рейтингінде «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстанның сот жүйесі 3 жыл ішінде 29-шы жайғасымға (190 орынның ішінде, 35- орыннан 6-орынға) жылжыды. Сот жүйесімен қатар, тұжырымдамалық реформаларі ішкі істер министрлігі жүйесінде, Бас прокуратура және қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін басқа да құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылады. Қылмыстық үдерістерде жазалаурепрессивті әдістер мен айыптаушы көзқарастардан түбегейлі кету жүзеге асырылды. Прокурорлық қадағалау саласындағы түбегейлі өзгерістер – бұл прокуратура қызметінен «жалпы қадағалауды» алып тастау прокуратураның жаңа бейнесі ЭЫДҰ озық тәжірибелеріне жауап береді және адамның құқығы мен бостандығын қорғау және оны қалпына келтіруді, сонымен қатар қылмыстық үдерістің заңдылығын басым етеді. Жергілікті полициялық қызметті құру арқылы міндеттерді орталықтандыру аса маңызды оқиға болды және ол үшін жергілікті атқарушы органдары уәкілетті болып саналады. Онлайн-карталар жасалды, ол арқылы азаматтар әр аймақта қылмыс бойынша барлық статистиканы, сондай-ақ мемлекеттік органға келіп түскен өтініштерді көріп отырады. Құқық қорғау органдарында рекрутинг жүйесі де өзгерді. Енді құқық қорғау органдарындағы қызметшілер, барлық мемлекеттік қызметкерлер сияқты, іріктеуден өтеді. Мемлекеттік институттардың ашықтығы, транспаренттілігі және есеп берушілігі Қазақстанда есеп беруді қалыптастыру бойынша бесінші институционалдық реформа аясында «Ашық үкімет» электронды платформасы құрылды. Бес қоғамдық деректер порталынан тұратын «Ашық үкімет» электронды платформасын құру, әрбір азаматқа бюджет шығысы туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге, нормативтік актілердің жобаларын талқылауға, кеңестер мен шағымдар бойынша онлайн жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін ашық бағалауға мүмкіндік берді. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен азаматтық қоғамға мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылауға қатысу үшін кең мүмкіншіліктер берілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты негізде 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Республикалық деңгейде және облыстар деңгейінде, Астана және Алматы қалаларында — 16, ал қалаларда және аудандарда — 197 кеңес бар. Қоғамдық кеңестердің жұмысына 4 мыңнан астам адам қатысады, олардың 75% — азаматтық қоғам өкілдері. Қоғамдық кеңестерде тек әкімдердің ғана емес, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары есеп беруінің тұрақты тәжірибесі енгізілді. Сонымен қатар, кеңестер қоғамдық көліктің жұмысы, су құбырларының жағдайы, тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, ПИК қызметі, негізгі тауарлардың бағаларының мониторингі секілді мәселелерге тұрақты қоғамдық мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етудің тиімді механизмдерінің бірі нормативтік құқықтық актілердің барлық жобаларын қоғамдық кеңестердің қарауы болып табылады. Осылайша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін әрбір мемлекеттік орган оларды қоғамдық кеңестің қарауына тапсыруға және ескертпелерді ескеруге міндетті. 2015 жылда құрылған кезден бастап қоғамдық кеңестер халық пен мемлекеттік органдардың байланыстары үшін тиімді және конструктивті алаңға айналды, бұл экономикалық, сондай-ақ және әлеуметтік сипатты проблемалық мәселелерді жедел қарауды және сапалы шешуді қамтамасыз етеді. Сервистік мемлекет Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мәселелері Қазақстанда жүргізілетін жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2017 жылы электрондық үкіметтің инфрақұрылымы арқылы Қазақстан азаматтарына 34 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал электрондық үкімет порталының тіркелген қолданушылардың саны 7 миллионға жетті. ХҚКО-ны трансформациялау шеңберінде электронды кезек енгізілді, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері біріктірілді, өзін-өзіне қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау және беру секторлары қайта бөлінді, жұмыс күні ұзақтығы ұлғайтылды. Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметі азаматтар үшін «клиентке бағдарланған», ашық және «кедергісіз» қызмет қағидаттарына негізделген. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін арттыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың тікелей байланыстары азайды, осылайша сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтердің 49% қазіргі уақытта онлайн режимінде, ал кәсіпкерлерге берілетін барлық лицензиялар мен рұқсаттар тек электронды түрде беріледі, «бір терезе» қызметтерінің барлығының 23%-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Алдағы бірнеше жылда мемлекеттік қызметтердің 90% электрондық форматқа көшіріледі, ал қалған 10% Еуропа тәжірибесі мен әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша іске асырылатын болады. Жалпы, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейінің үштен екі бөлігіне қысқартуға мүмкіндік берді. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі прогресс және халықтың оларды көрсету сапасына қанағаттануының артуы халықаралық бағалауменде расталатынын атап өткен жөн. Мысалы, БҰҰ-ның «электрондық үкіметті» дамыту бойынша рейтингінде Қазақстан әлемнің 190 елінен 33-ші орынға, Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде — 190 елдің ішінде 36-шы орынға ие болды. Осылайша, Қазақстан Президенті — Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті міндеттерін жоспарлы түрде іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді үлгісін құруға мүмкіндік берді. Оның негізіне Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясы, тұрақты түрде жетілдірілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, институционалдық қамтамасыз ету (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органды қоса алғанда), стратегиялық тексерілген тұжырымдамалық негіздеме (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия), сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны көп деңгейлі жоспарлауы салынған (тұжырымдамалық негіздеме, сыбайлас іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, ведомстволық және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық үлгісі заң үстемдігі, ашықтық, айқындық және есеп берушілікке негізделген мемлекеттік қызметті, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту және этизациялау арқылы мемлекеттік биліктің барлық вертикалды жүйесін жүйелі реформалауға бағытталған. 2-ТАРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ЖАЙ-КҮЙІ

Халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлықты өлшеу Сыбайлас жемқорлық қоғамның жаһандық өткір мәселесі болып табылады және барлық әлемнің елдерінде дерлік таралған. Әлемдегі жемқорлық деңгейінің көрсеткіші «Жемқорлықты қабылдау индексі» (бұдан әрі – ЖҚИ), Трансперенси Интернешнл (бұдан әрі – ТИ), халықаралық рейтингтік ұйыммен жасалатын, сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін зерттеу саласында ең беделді бағалау жүйелерінің бірі болып табылады. Шет елдерде және Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін салыстырмалы талдау үшін 2012-2017 жылдарға арналған елдік топтар бөлінісінде ЖҚИ деңгейі қаралды: дамыған елдер; ТМД және Балтық жағалауы елдері; азия елдері; мұнай өндіруші елдер және т.б. Мұндай құрылымдау мақсатында дамыған және салыстырмалытүрде дамушы елдерге қатысты Қазақстанның жетістіктерін бағалау болып табылады. Қазіргі уақытта, әлемнің көптеген елдерінде сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін ұлғаю үрдісі байқалады, әсіресе, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізген елдер. ЖҚИ нәтижелері бойынша 2017 жылы рейтинг жинағына енгізілген 180 елдің 126-сі 100-дің 50 баллдан кем жинаған, 53 ел — 30 балдан кем жинаған, ол сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейге сәйкес екенің көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықтың ең өткір мәселесі кемінде 15 балл жинаған Сирия, Сомали, Оңтүстік Судан елдері болып тұр. 80 балл жинаған елдер, жемқорлықты қабылдаудың өте төмен деңгейін көрсетеді, бұл негізінен дамыған елдер болып табылады. Аталған топқа Дания, Жаңа Зеландия, Финляндия, Швеция, Швейцария, Норвегия, Сингапур, Канада және Германия кіреді. Рейтинг нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың және елдің даму деңгейі арасындағы белгілі бір байланыстың болуын көрсетеді. Елдердің 40 пайыздан астамы ЖҚИ шкаласы бойынша кемінде 30 балл жинаған табысы төмен елдің топтарына Дүниежүзілік банкімен жатқызылды. Сонымен қатар, экономикасының дамуы төмен кейбір дамушы елдер сыбайлас жемқорлыққа ойдағыдай қарсы тұрады және әл-ауқат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қажетті алғышарты болып табылмайтынын дәлелдейді. ЖҚИ көрсеткендей, әлемде сыбайлас жемқорлықтың таралу үрдістерінің талдауы мәліметтерге сәйкес соңғы бес жылда, табысы төмен елдерде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі айтарлықтай төмендегені анықталған. Бұны Мьянма, Пәкістан, Индонезия, Албания, Парагвай, Суринам және Лаос мысалында көруге болады. Осы мезетте, Испания, Австралия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде, соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің айтарлықтай төмендеуі айтылды. Бұл өз кезегінде рейтингте жоғары орындарда тұрған экономикалық жағынан табысты елдер де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалы үшін үнемі күш — жігерін қолдау қажетілігін көрсетуде. Көптеген дамыған елдер жеткілікті жоғары ЖҚИ ұпай санын алғанына қарамастан, кейбір мемлекеттерде сыбайлас жемқорлық дауының саны артып келеді. ТИ жоғары лауазымды саясаткерлерге қатысты тергеу топтамасы өткен, экономикалық тұрғыда қолайлы ел ретінде Түркия елінде сыбайлас жемқорлық оқиғалары күрт жиілеп кеткені туралы атап көрсетеді. Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықты қабылдау денгейінің едәуір жақсаруы Польша, Чехия, Черногория, Косово, Румыния, Словакия және Хорватия Шығыс Еуропа елдерінде көрсетілген. Бұл факт азияеуропалық елдері озықтық үрдісін көрсетті және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған Еуропалық Одаққа кіру айтарлықтай оң әсерін берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асырудың тиімділігі мен дәйектілігі тұрғысынан, соңғы жылдары осындай табысқа Бенин, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Буркина-Фасо африка елдері жеткен. Бұл елдерде сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі факторлары ретінде келесі реформалар болды: бір мезгілде мемлекеттік қызметшілер санын қысқартып, жалақысын өсіруі; мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру; тиімді және тәуелсіз сот жүйесін құру; непотизммен қүресу; бақылау және қадағалауды күшейту, есеп берушілік жүйесін дамыту. Осындай нәтижелер, Африкада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқасында қол жеткізген озықтықты көрсетеді және ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саяси жігері болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалары сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін төмендетуіне сөзсіз әсер етеді. Жалпы озықтыққа қарамастан, Африкада сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейі жоғары болып қалуда. Сыбайлас жемқорлық кесірінен жылдық шығындарының жиынтығы барлық елдердің шамамен төрттен бірі ЖІӨ немесе 148 миллиард АҚШ долларын құраған. Сыбайлас жемқорлық БРИКС елдерінде де күрделі ауқымда дамуда – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР. Сыбайлас жемқорлық мәселесі мұнда негізгі кілті болып табылуда және бұл елдерде одан әрі экономикалық күшейту жолындағы кедергілерді қояды. ЖҚИ сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәжірибелермен жүйелі күресу бөлігінде, БРИКС елдері көшбасшылардың ішінде болған емес. ТИ сарапшыларының пікірінше, сыбайлас жемқорлық елдің дамуына қажетті әлеуетінен айырады. Бұл туралы ЖҚИ рейтингінде төмен иеленген, мұнай қорларына бай елдердің: Ангола, Эквадор, Иран, Нигерия, Венесуэла, Йемен рейтенгісі куәландырады. Бұл елдерде мемлекеттік келісімшарттар жүйесін жасау мұнай өндірушімен байланысты, сыбайлас жемқорлықпен байланысты, нәтижесінде өндірістегі және мұнай сатудағы үлкен табыс үлесі батыс мұнай компаниялары менеджерлерінің, делдалдар мен жергілікті шенеуніктердің қалтасына салынады. Терең дағдарыс кезеңде елдер, әскери немесе әскерден кейінгі кездегі іс-әрекеттерімен байланысты, сондай-ақ елеулі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемаларын бастан өткізуде. Олардың арасында Ауғанстан, Ирак, Сомали, Судан, Сирия және Ливия. ТИ сарапшыларының пікірінше, елдің қақтығыстарды үшін төлеген, бұл айтарлықтай төмендеуімен сапасын басқару. Болмаған жағдайда, мемлекеттік институттардың пайда күнемдік жеке аударып өз пайдасына қоғамдық ресурстар, бұл өсуіне әкеледі сыбайлас жемқорлық. Бұрынғы КСРО елдерінің арасында ең төмен сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейі 2017 жылға Эстонияда (21-орын), Литвада (38), Латвияда (40), Грузияда (46) тіркелген. Бұдан әрі Беларусь (68), Армения (107) елдері. Егер өзгерісті ескерсек, теңдессіз Грузия қалады. 10-жыл ішінде бұл ел рейтингте 84 позицияға көтерілген. Бұл өте алдыңғы қатардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысы. Бірқатар елдерінің жақсартуына қарамастан, көптеген бұрынғы КСРО мемлекеттерде – Өзбекстанда, Түркіменстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Украинада, Әзірбайжанда – бұрынғыдай жоғары сыбайлас жемқорлық деңгейі байқалады. Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 2017 жылы елдер рейтингінде 31 балл жинап және 122-ші орын иеленген, қаралатын кезеңмен салыстырғанда 11 позицияға көтеріліп, өз көрсеткіштерін жақсартқан (2012 жылы 133 орын). 2017 жылғы нәтижелер «Транспаренси Интернэшнл» рейтингісінде Қазақстан үшін барлық уақытта үздік болып табылады. ТИ сарапшыларын ыңпікірі бойынша рейтингтегі негізгі оң қозғалыс, ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаумен, жаңа қоғамдық бақылау институт енгізу, жүйелі және сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша дәйекті жұмыстарының жүзеге асырылуымен, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдірумен байланысты. Қазақстанның ЖҚИ нәтижелерімен тағы бір ТИ зерттеулерімен ұқсас – «Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі», сондай-ақ онда да 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі елеулі жақсарғанын атап өткен жөн. Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі азаматтардың арасында сауалнама жүргізеді және сыбайлас жемқорлықпен қақтығысқан кезде практикалық тәжірибе қарастырады, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтайды, әр түрлі қоғамдық секторларда сыбайлас жемқорлықтың таралғандығы жөнінде сауалнамаға жауап берушілердің бағасын береді. Егер азаматтардың жемқорлықпен соқтығысқан кезде практикалық тәжірибе туралы айтсақ, оның деңгейінің 10,9%-ға төмендеуін атап өтуге болады. Мәселен, 2016 жылы сауалнамаға жауап берушілердің 29% пара бердік деп жауап берсе, 2013 жылы бұл сан 39,9% құраған. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейме деген сұраққа, 2016 жылы сауалнамаға жауап берушілердің 37% бұл пікірмен келіскені, ал 2013 жылы тек 19% бұл салада оң өзгерістер көретіндері туралы жауап берген. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау институттардың бөлінісінде көр- сеткендей, сауалнамаға жауап берушілер арасынан неғұрлым сыбайлас жемқорлықты құқық қорғау органдары (сұралғандардың 35%), бизнес-компаниялардың басшылары (29%), судиялар және сот қызметкерлері (28%) деп санайды. Ең аз сауалнамаға жауап берушілер саны жоғары лауазымды шенеуніктердің (11%) сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп санайды, Жағымсыз пікірге «түңілген» азаматтар саны азайды, қарапайым азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әлсіз екендігі мүмкін емес деп есептейтіндер саны 2016 жылда — 43%, 2013 жылда – 56%. Сонымен қатар, 2016 жылымен қаралатын кезең салыстырғанда 20%-ға азаматтар саны төмендеген, мысалы белсенді азамат тардың іс-әрекеттеріне — наразылық акцияларына, петицияға қол қоюға дайындығы. Жалпы алғанда, «Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі» зерттеу нәтижелері Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің жақсаруын көрсетеді, сауалнамаға жауап берушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі билік органдары қызметінің тиімділігіне жоғары баға беруде және осы құбылыстарға қарсы күресте өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдіреді. Сонымен қатар, ТИ зерттеулермен, бүгінгі күні Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі көрсететін басқа да беделді халықаралық ұйымдардың рейтинг терге енгізілген. Оларға Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сот төрелігі жобасын және менеджмент және дамыту институтының зерттеулерін жатқызуға болады. Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару сапасы Мемлекеттік басқару тиімділігін және сапасын бағалау алты көрсеткішпен есептеледі: халықтың пікірін ескеру және мемлекеттік органдардың есеп беруі, саяси тұрақтылық және зорлық- зомбылықтың болмауы, үкімет жұмысының тиімділігі, заңнама сапасы, заңның үстемдігі, сыбайлас жемқорлықты тежеу. «Сыбайлас жемқорлықты тежеу» индикаторы бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бағаланады және экономиканың дамуына сыбайлас жемқорлықтың әсер ету дәрежесі анықталады. Елдерді 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша іріктейді, онда нөл ең жоғары, жүз – ең аз сыбайлас жемқорлық деңгейін білдіреді. Соңғы нәтижелері бойынша Қазақстан 20,7 балл жинады, 2015 жылғы (19,7) көрсеткішінен 1 балл жоғары және 2010 жылдың (17,5) нәтижесінен 4 балл жоғары. Бұл индикатордың тұрақты өсуі, тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттардың және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін құруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың елеулі дәрежеде нәтижелі екенін сипаттайды. Қазақстан мемлекеттік басқару- дық сапасын зерттеудегі Дүниежүзілік банк сарапшылары- ның пікірі бойынша, мемлекеттік басқару сапасын одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында, Қазақстанға мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету жұмысын күшейту, сондай-ақ тұтынушыға бағдарланған мемле- кеттік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет. Заң үстемдігі индексі Заң үстемдігі индексі, Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасымен жарияланатын әлемдік елдерде құқықтық ортаның даму деңгейін 8 көрсеткіш бойынша сипаттайды: сыбайлас жемқорлықтың болмауы, тәртіп және қауіпсіздік, мемлекеттік билікті шектеу, үкіметін ашықтығы, құқықты қолдану, азаматтық және қылмыстық сот төрелігінің іргелі құқықтары. Өткен жылдың қорытындысы бойынша заң үстемдігі индексінде Қазақстан 0,51 балл жинады және 113 әлем елдерінің арасынан 64 орынға иеленді, 2016 жылмен салыстырғанда (73-орын) 9 позицияға жоғарылады. Бұл кеңістік елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіштің бірі. Рейтингте Қазақстаннан жоғары Эстония (12) және Грузия (38) ғана, төменде Беларусь (65), Украина (77), Ресей (89) және Өзбекстан (91) орналасқан. «Сыбайлас жемқорлықтың болмауы» индикаторы бойынша көрсеткішін жақсарту 2016 жылмен салыстырғанда (0,43) 0,02 балл (0,45), осындай нәтижелерге қол жеткізудегі негізгі факторларының бірі болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, болашақта құқықтық жүйені жетілдіру кезінде орындаушылық және сот билігінде істерді қарау жылдамдығын арттыру және істі тергеу тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алуға ерекше рөлі болуы тиіс. Жыл сайынғы менеджментті дамыту институтының жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің рейтингі Бұл зерттеуде ел бойынша 342 көрсеткіштер бойынша бағаланады, олар төрт топ бөлінген: экономиканың жай-күйі (макроэкономикалық көрсеткіштер қамтиды), үкіметтің тиімділігі (соның ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі), іскерлік ортаның жай-күйі мен инфрақұрылымының дамуы. 2017 жылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 32-ші орынды иеленді, 2016 жылмен салыстырғандағы (47) көрсеткіші бойынша 15 позицияға жақсартып. Елдің арасында рейтинг те өз позициясын жақсартқан Қазақстан ең үлкен серпіліс жасаған, енді Испания (34), Польша (38), Италия (44), Түркия (47) сияқты т. б. дамыған елдерден жоғарыда орналасқан. Бұл көрсеткіш рейтингте сыбайлас жемқорлық көрсеткіші «үкіметтің тиімділігі» тобына кіреді, ол бойынша Қазақстанда айтарлықтай озықтық байқалады (2017 жылы – 19-орын, 2016 жылы — 31). Одан әрі үкімет тиімділігін арттыру үшін сарапшылар менеджментті дамыту институты, институционалдық және әлеуметтік сала жағдайын жақсарту, бизнесті жүргізу бойынша заңнама және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұсынады. Осылайша, сыбайлас жемқорлықты өлшеу индикаторлар халықаралық және ұлттық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты тудыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар әзірлеуге негіз болатын факторлар туралы деректер маңызды көзі болып табылады. Халықаралық тәжірибеде жоғарыда аталған әдістемелер рейтингтен сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалайтын зерттеулердің үлкен саны жеткілікті. Мысалы, Бертельсманн халықаралық қорының трансформация индексі (Германия), The Economist Intelligence Unit зерттеу орталығы демократия индексі (Ұлыбритания), «Enterprise Surveys» Дүниежүзілік банктің зерттеуі және басқалары. Көптеге нұсынылып отырған әдістемелер осы өлшеу құралдарының сенімділігіне қатысты белгілі бір сұрақтар туындатады. Бұл, ең алдымен, кейбір зерттеулердің нәтижелерінің арасындағы өзара бірқалыптылық (сызықтық) болмауына байланысты. Осыған орай, Қазақстандағы жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық қабылдау деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажеттілігін айта кетейік. Әдіснама құру кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін ұлттық деңгейде ғана емес және өңірлер бөлінісінде өлшеу керектігіне назар аудару қажет. Сыбайлас жемқорлыққты бағалау тең дәрежеде мемлекеттік, жеке меншік және квазимемлекеттік секторда таралуы қажет. Осындай әдістемелік тәсіл бізге Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділік жағдайларының қажеттілігін ұсынылады.

Қазақстан Республикадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың сипаты менсерпіні. Сыбайлас жемқорлықтың таралуы мен жай-күйін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды белгілеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басым салаларын анықтау кезінде тәжірибелік мәні зор. Бұл бөлімде қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін өлшеу және ресми құқықтық статистика деректеріне негізделген, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін және серпніне талдау беріледі. Қазақстандағы 2017 жылдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасы Бүгінгі таңда ҚР Бас прокуратура- сының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі коми- тетінің деректері бойынша 2017 жылы 2452 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген, 2016 жылдың көрсеткішінен 13% — ға төмен (2016 жылы — 2807). Бұл ретте ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау көбейді. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішінде басым бөлігін парақорлық – 51% (1245), ұрлау мен алаяқтық – 21% (516) және теріс пайдалану – 16% (388) фактілері құрайды. Тергеумен аяқталған қылмыстық істер саны өскен. Жалпы қылмыстық істер санынан 87% тергеумен аяқталып, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 79% құраған. Бұл ретте, сотқа жіберілгендер саны 27% — дан 38% — ға дейін өскен. Солай, білім беру жүйесінде 201 сыбайлас жемқорлық фактісі, денсаулық сақтау саласында – 101 жемқорлық фактілері, ауыл шаруашылығы саласында — 183, құқық қорғау және сот органдары – 290 жемқорлық фактілерінің жолы кесілген. Мемлекеттік органдардың заңсыз араласуда бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа тартылған 1146 тұлғалардың, 828 сотқа берілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 13% көбірек. 2017 жылы орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 19 басшысы әшкерленді, 98 – облыстық, 152 – қалалық және аудандық органдары. Ең көп сыбайлас жемқорлық фактілерін бұзатын барлық деңгейдегі әкімдіктер, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері. Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдер ішінде білім беру саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау салалары қалуда. Терең жедел әзірлемелерді іске асыру нәтижесінде орындаушылардан ұйымдастырушыларға дейін бүкіл тізбегін анықтай отырып, 2017 жылы 108 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері әшкереленді (2016 жылы — 92). Өңірлікте көбірек жүйелік сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім Астана және Алматы қалалары, Алматы, Қызылорда, Атырау және Жамбыл облыстары. 2017 жылы халыққа анағұрлым жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық көріністерімен нүктелі ден қоюға бағыттарын жұмыс күшейтілген. Солай, білім беру жүйесінде 201 сыбайлас жемқорлық фактісі, денсаулық сақтау саласында – 101 жемқорлық фактілері, ауыл шаруашылығы саласында — 183, құқық қорғау және сот органдары – 290 жемқорлық фактілерінің жолы кесілген. Мемлекеттік органдардың заңсыз араласуда бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Осы бағытта 352 фактісі әшкереленді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлігіне артық. Қабылданған шаралар нәтижесінде 270-тен астам кәсіпкерлер құқықтары қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құрал ретінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу ғана емес, сыбайлас жемқорлық қылмыстар зардаптарын жою болып табылады. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен келтірілген залалды өтеу жөніндегі шаралар қабылдана- ды. Мәселен, аяқталған қылмыстық істер бойынша 2017 жылы 14,4 млрд. теңге залал сомасы белгіленген, 6,9 — өтелді. Залалды өтеу үшін 2 млрд. теңге сомада мүлікке тыйым салын- ған. 2016 жылымен салыстыру үшін аяқталған қылмыстық істер бойынша 22 млрд. теңге залал сомасы белгілен- ген, 5,4 — өтелді. Залалды өтеу үшін 5,9 млрд. теңге мөлшерде мүлікке тыйым салынған. Жалпы алғанда, 2017 жылы сыбай- лас жемқорлық әрекеттері негізінен кәсіпкерлік субъектілеріне қамқор- лық жасағаны үшін пара алу, жауапк- ершіліктен жалтаруға жәрдемдесу, рұқсат беру құжаттарын беру, сондай- ақ ұрлау және мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджетті бөлу кезінде лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану түрінде байқалған.

Сыбайлас жемқорлықтың таралу ауқымына социологиялық зерртеу Қоғамдық пікір арқылы сыбайлас жемқорлықтың таралуының негізгі тенденциялары және жағдайы туралы объективті ақпарат алу әлеуметтік сауалнама әмбебап құрал болып табылады. 2017 жылы «ПРЭКО Консалтинг» компаниясымен «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді. Зерттеу Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарына және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттану бағасының, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мақсатында жүргізілген. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері 2016 жылғы зерттеумен кезеңімен салыстырғанда оң көрсеткішті көрсетті. Мысалы, жемқорлыққа теріс қарайтын адамдар саны 20,7%-ға өсті (2016 ж. 60,7%, — дан, 2017 ж. 81,4%), елде сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа және жоғары деңгейде бағалайтын адамдар саны (72,7%, 2016 ж. — дан 70,1% — 2017 ж.) қысқарды. Сондай-ақ, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік артқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2017 жылы 55,5% — дан жауап алынған халық, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне жеке қолдау көрсетуге дайын екендері туралы мәлімдеген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,1% құраған. Мұндай нәтижелерге қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын іске асыруда жаңа тәсілдерді қолдану арқасында қол жеткізілді. Аталған әлеуметтік зерттеуде қатысқан кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық бизнесті дамыту кедергілерінің бірі ретінде бесінші орынға орналастырды (сауалнамаға жауап берушілер 16,7%) 2016 жылғы ұқсас зерттеулер нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлық бизнесті дамытудың негізгі кедергілер рейтингінде 4-ші орында тұрды. Сыбайлас жемқорлықпен соқтығысқан азаматтардың үлесі Қазақстанның мемлекеттік органдарда 19,9% құрайды. 2017 жылда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көріністеріне ең жиі шалдыққандар қатарында жеке кәсіпкерлер болып табылады (29,9%). Соңғы екі жылдағы өткізілген ұқсас зерттеулер нәтижелерін саластырғанда, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған азаматтардың үлесі 18,3% — ға қысқаруы байқалады. Өңірлер бөлінісінде 2017 жылда сыбайлас жемқорлық көріністерімен жиі кездесетіндер қатарында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының респонденттері. Бұл ретте басым бөлігінде азаматтар салық қызметі, денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім беріу, еңбек инспекциясы мен жер қатынасатары саласындағы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездесті. «ПРЭКО Консалтинг» компаниясымен бірге 2017 жылда сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік өлшеу- лерін басқа да зерттеу институттары жүргізді: Этноаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы. Экономикалық зерттеулер институты. — «Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы оң үрдістер Этноаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының «Жемқорлықтың әлеуметтік деңгейі: себептері, нысандары, таралу деңгейі» зерттеулерінде байқалды. Осылайша сұраққа жауап берген азаматтардың 80%-ы, сыйлықтар мен ақша беруге мүмкіншілік болмағанын айтты. Бұл ретте респондеттердің 83%-ы, сыбайлас жемқорлықтың төмендеу себебін әкімшілік реформалармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуымен ұштастырады. Бұл азаматтардың мемелкеттік аппаратпен жүргізіліп жатқан жұмысты көріп қолдайтынын дәлелдеді. 2017 жылда экономикалық зерттеу Институтымен «Іскерлік климат-2016» атты әлеуметтік зерттеулер нәтижесі жарияланып, барысында республика бойынша 4000 астам кәсіпкерлер сұралды. Зерттеулердің жеке блогы сыбайлас жемқорлық талдауында келесі бағыттарға арналды: әр түрлі аумақтарда сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау, парақорлықтың көлемін бақылау, сыбайлас жемқорлыққа шалдыққыш салаларды анықтау. Зерттеудің қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігін респондеттердің 71% сұралғандар ерекше жоғары бағалады. Бизнес-мендердің 28% елде сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстың импульсы бизнес-қауымдастықтың жағынан қолдауын тапқаны туралы аталған нәтижелер айғақ болып отыр. Өңірлерде сыбайлас жемқорлықтың таратылу деңгейіне қатысты Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық ерекше төмендеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі үшін үлкен потенциал басқа да өңірлерде бар. «Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы республикада сыбайлас жемқорлықтың жағдайына ақпараттық компаниялардың ықпалын бағалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы каналдардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік жарнама 56,7% сұралғандардың, 62,4% сұралғандардың әсіресе ҮЕҰ өкілдерінің оң бағасын алғанын зерттеу көрсетті. Респондеттердің пікірі бойынша ерекше тиімді құралдар еңбек ұжымдарында түсіндіру іс-шаралары және жергілікті телеарналар мен LED-экрандар бойынша бейне роликтерді жариялау танылды. Сондай-ақ зерттеудің шеңберінде елдің әртүрлі топтарында сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдануына баға берілді. Жалпы алғанда, ҮЕҰ өкілдерінің (78,8%), мемлекеттік қызметшілердің (76,2%), жеке тұлғалардың (63%), кәсіпкерлердің (62,2%) көп бөлігіне соңғы жылда сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болмады. Осылайша әлеуметтік зерттеулер нәтижесі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімнің қалыптасқаны жөнінде және мемлекетпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары тимді екендігі бойынша қорытынды шығаруға болады. Сонымен қатар мемлкеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін одан әрі арттыру мақсатында ең алдымен келесі шаралар қолдану қажет: өскелең ұрпаққа сыбайалас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие беру, қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылғы деңгейін арттыру.

3-ТАРАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

2016 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндамада сыбайлас жемқорлық себептерін тудыратын жағдайларға талдау жасалынып, оларды жою бойынша ұсынымдар берілген болатын. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бойынша жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік берді. Алдыңғы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерінің жоғары нәтижелілігін назарға ала отырып, 2017 жылы Агенттікпен 340 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, нақты ұсынымдар әзірленді. 2017 жылы аталған жұмысқа азаматтық қоғам, бизнес қоғамдастық, ҮЕҰ, «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері тартылуда. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқор- лыққа қарсы күрес агенттігі мен «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында бизнесті дамыту үшін маңызды 16 салаға бірлескен талдау жүргізілді (денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, энергетика және ТҮКК, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салық және кедендік әкімшілендіру, жер қойнауын пайдалану және экология, ветеринариялық қадағалау, санитарлық эпидимиалогиялық қадағалу, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп қауіпзіздігі, сот актілерін орындау, көліктік бақылау). Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша 3028 ұсыныс жасалып, оның ішінде 2837-і (94%) орындалды. Ұсынымдардың негізгі бөлігі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және жүзеге асыруға бағытталған. Бірқатар ұсыныстар Салық және Кеден кодекстерін жаңа редакцияда әзірлеу және қабылдау кезінде ескерілді. Ұсынымдарды жүзеге асырудағы ең маңызды нәтижелер ретінде мемлекет пен салық төлеушінің қатынастарын ырықтандыру, жоспардан тыс тексерулердің негіздерін 62%-ға төмендету (32-ден 12-ге), салық төлеушілердің әр түрлі санаттары үшін салық әкімшілігінің сараланған тәсілін енгізу, салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шектеу нормаларын енгізуді атап өту керек. Жоғары тиімділік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды жүзеге асыруда жұмыс тобы құрамына тәуелсіз сарапшыларды тарту тәжірибесі жоғары нәтижені көрсетті. 2017 жылы Агенттік Гуманитарлық зерттеулер мен жобалар институтының мамандарымен бірлесе Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушылық холдингінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі жұмысында сыбайлас жемқорлық мониторингі мен жедел-тергеу тәжірибесі маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда, ұсынымдар 9 заңды (4-і қабылданған), 42 заңға қосымша актіні (24-і қабылданған), 9-мемлекеттік қызмет стандарттарын (3-і қабылданған) әзірлеу барысында ескерілген.

Орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласында Орта мектептерде, бала бақшаларда, колледждерде аттестация өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін Ақтөбе, Алматы және Шымкент қалаларында Білім саласында бақылау департаменттерінің басшылары қылмыстық жазаға тартылды. Бақылау саласымен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бюджеттік қаражатты игеру саласында да анықталды (мемлекеттік сатып алу саласында және мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлу). Құқыбұзушылықтардың таралуы лауазымдық тұлғалардың қаржы-шаруашылық және өкімдік өкілеттіліктердің негізсіз кеңдігі. Олар көбінесе конкурста жеңімпаз атану үшін немесе жалған актілерге қол қою, қылмыстық келісім арқылы қаражатты ұрлау сияқты сыбайлас жемқорлық қылмыстармен белгіленеді. Аталған қылмыстар үшін Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы аудандық білім бөлімдерінің басшылары қылмыстық жазаға тартылды. «Балапан» бағдарламасына бөлінген қаржыны балабақшалардағы балалар санын жасанды түрде үлкейтуі бойынша Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында Ұлттық қор бюджет- інен қаражат ұрлау сыбайлас жем- қорлық жүйесі анықталды. Жүргізілген талдау арқылы орта білім беру саласында ұрлау және теріс пайдалану қылмыстары кадрлық мәселелер, «өлі жандарға» жалақы есептеу, жалған аттестаттар, сертификаттар және дипломдар берумен ұштастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау бойынша бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі нормативтік бекітіліммнің болмауы, сонымен қатар білім саласындағы стратегиялық құжаттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдердің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер деңгейін төмендетудегі шаралардың тиімділігін тежейді. Орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту мақсатында келесі ұсынылады: Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап, осы жұмысты бақылау; «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын тиімді іске асыру бойынша білім сапасын жақсарту және мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша шаралар кешенін қарастыру; Уәкілетті орган өз тәжірибесі мен ішкі талдау негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту тетіктерін әзірлеу.

ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — Астана қаласында пилоттық режимде жаңа автоматтандырылған жүйе негізінде ата-аналардың әкімдіктің қатысуынсыз үйден шықпай-ақ балабақшаны таңдап, жолдама ала алу мүмкіндігі жүзеге асуырылуда (аталған рәсім тиісті мемлекеттік қызметтер стандарттарына өзгерістер енгізілгеннен кейін бүкіл республикада жүзеге асырылатын болады). Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. бюджет қаражаты балабақшаға емес, студент шәкіртақысына ұқсас баланың есебіне бағытталатын болады. Қайырымдылық қаражатын жұмсау тәртібін белгілейтін қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы үлгі ережесінің жобасы әзірленді. 2017 жылы бірқатар орта мектептерде бюджеттік есептің автоматтандырылған жүйесі–«бұлтты бухгалтерия» енгізілді (2018 жылы толығымен енгізу жоспарланған); Қамқоршылық кеңестер құрамына қоғам өкілдері енгізілуде (балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қорлар, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП және т.б.). ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Астана қаласындағы пилоттық бағдарлама шеңберінде қорғаған 20 мыңға жуық жолдамалар берілді. Бұл өз кезегінде 40 мың ата-ананы лауазымды тұлғалармен «тікелей» байланыстырудан қорғап, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді; — мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа қаржыландыру тетігін енгізу лауазымды тұлғалар мен мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан теріс пайдалану тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға ықпал етіп, сондай-ақ қызметтердің сапасын жақсарту бойынша балабақшалар арасында бәсекелестіктің арттыруын мүмкін етті; — қайырымдылық қорларды жұмсау тәртібін бекіту мектептердегі заңсыз «алым-салым» жағдайларын — «бұлтты бухгалтерияны» енгізу білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етті және қаржылық бұзушылықтарды болдырмайды.

Денсаулық сақтау және дәрідәрмек айналымы саласында Денсаулық сақтау саласының дамуы, медициналық қызмет көрсету сапасының арттыруы және дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, аталған саладағы қылмыстардың тең жартысы дәрі дәрмек, медициналық құралжабдықтар, науқастарға азық-түлік өнім дерді сатып алудағы және т.б. тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі — ТМККК) шеңберіндегі сатып алудағы лауазымдық тұлғалардың қаржы-шаруашылық өкілеттіліктердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Аталған сатып алу категориясы ҚР «Мемлекеттік сатып алу» заңнамасынан шығарылып Үкімет қаулысымен бекітілген жеке Ережелермен регламенттеледі (2009 жылғы 30 қазанның №1729 қаулысы). Электрондық форматсыз аталған үрдістерді өткізу лауазымдық тұлғаларға шешім қабылдау кезіде өкілеттіліктерін теріс пайдалануға мүмкіншілік береді. Оның үстіне тендерлік комиссия құрамына тек сатып алушыларды енгізу бұдан әрі өкілеттіліктерді теріс пайдалануға жағдй жасайды. Денсаулық сақтау жүйесінде ұйымдастырушылық-билік ету функцияларымен қатысты қызметтегі қамқорлық үшін парақорлық, қызметке тұру, сыйақы бекіту, жалақыны заңсыз есептеу сияқты құқық бұзушылықтар кең таралған. Өткізілген талдау медицина саласындағы құқық бұзушылықтардың төрттен бір бөлігін құрайтын Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті мен медициналық және Формацевтикалық қызметті бақылау комитетінде нақты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметтерге ақы төлу бойынша департаменті қызметінде, сыбайлас жемқорлық жүйелік фактілері анықталды. Осылайша басшының орынбасары мен бөлім басшысы 72 медициналық мекеме тартылған есеп берудегі жоғары көрсеткіштерге ие болу үшін берілетін парақорлық жүйесі анықталы. Денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында ұсынылды: мемлекеттік органдардың және мекемелердің басшыларының жауап- кершілігін арттыру, соның ішінде, қоғамдық кеңестерге есеп беру жолдарын күшейту; медициналық қызметтер мен дәрілік заттарды сатып алу бойынша мамандандырылған электрондық порталды құру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған шұғыл шаралар қабылдау.

ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — 2017 жылы ҚР ДСМ әзірлеген ҚР заңы жобасының аясында қаралуда: — барлық дәрі-дәрмек үшін баға жүйесін мемлекеттік реттеу жүйесін енгізу (2018 жылдың қазан айынан бастап — рецептік препараттарға, 2023 жылдан бастап рецептсіз дәрі-дәрмектер үшін); — дәрі-дәрмек өндірушілерді тексерудің еуропалық жүйесін енгізу (тексерудің орнына 3 жылда 1 рет тіркеу кезінде ғана); — бағаны көтерудің нақты шегін белгілеу (көтерме топ үшін — 20-дан 10% дейін, бөлшек сауда үшін — 50-дан 10%-ға дейін (баға жоғары болған сайын, қамбаттатушылық төмен болады); — дәрілік заттардың және бағаның құжаттама бағасының онлайн жүйесінде тіркеу туралы фармацевтикалық өндірушілерге қатысты міндеттерді енгізу; — дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды электронды сатып алуға біртіндеп көшу (2018 жылдың қаңтарынан — бірыңғай дистрибьюторлар үшін, 2018 жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау субъектілері үшін); — шығындарды оңтайландыру және тиімді өтуді қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҚМ бірыңғай нүктесін пайдалану (мемлекет басшысының орталықтандырылған қызметтер қағидаты бойынша бірыңғай сатып алу жүйесін енгізу тапсырмасына сәйкес). — ҚР ДСМ дәрі-дәрмек этикалық ілгерілету ережелерін әзірледі. — Дәрілік заттарды сатып алу ережесі мен оларды сақтау және тасымалдау бойынша ережеге түзетулер енгізілді (үкіметтің 2017 жылғы 8 қарашадағы №719 қаулысы), осыған сәйкес тендер өткізгенге дейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық біліктілік талаптарына сәйкес келуі бойынша бағалау жүргізіледі (аталған тәжірибе БҰҰ балалар қорында препараттарды сатып алуда белсенді түрде қолданылады). — ҮЕҰ өкілдерін конкурстық комиссияға енгізуді көздейтін кепілдендірілген тегін медициналық қызметті көрсету бойынша әлеуетті өнім берушіні таңдаудың жаңа ережесі бекітілді. — Кепілдендірілген тегін медициналық қызметті көрсету және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережесі қабылданды (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы) (есеп құжаттамасының түрлері 22%-ға, бастапқы медициналық анықтамалардың түрлері 30% қысқартылды). — ҚР ДСМ көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. — 28 негізсіз санитарлық ережелер жойылды. — 14 мемлекеттік функция бәсекелестік ортаға берілуде.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: Дәрі-дәрмектер азаматтар үшін одан сайын қолжетімді болды, бірдей атауға елеулі баға айырмашылығы алынды; — дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үрдісінің айқындығы мен ашықтығын жоғарылату, әлеуетті жеткізушілермен байланысқа жол бермеу, тәртіптерді жеңілдету және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жағдайлар жасалатын болады; — дәрілік заттарды негізсіз жазып беру жағдайлары алынып тасталды; — тендерлерді қарау уақытын едәуір төмендетілді, тәртіптің икемділігі мен тиімділігі қамтамасыз етілді, субъективті тәсіл алынып тасталды; — есеп құжаттамасының түрлері 22%-ға, бастапқы медициналық анықтамалардың түрлері 30% қысқартылды; — сатып алулар кезінде лауазымды тұлғалармен байланысты болдырмауға және оларды автоматтандыруға мүмкіндік беретін 39 мемлекеттік қызметтің 22-і толығымен автоматтандырылған, яғни, бұл 56% -ды құрады; — медициналық бизнес үшін кедергілерді жою үшін жағдайлар жасалды.

Ауылшаруашылық жүйесінде Ветиринарлық-санитарлы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауыл шараушылық Министрлігінің негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Қолданылатын эпизоотикалық шараларға қарамастан (белгілі бір аймақта жануарлар ауруының таралуы) елде аталған салада қолайсыз жағдай қалыптасуда. Негізгі себептердің бірі ол мемлекетке ауылшаруашылық өнімді кіргізу бойынша рұқсат қағаздарының заңсыз берілуі. Ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін мелекет ішінде ет өнімін игерудегі лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекеттері қосымша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. Аталған саладағы заңға тәуелді актілер талдауы шешім қабылдауда ашықтық пен айқындықтың жоқтығын куәландырады. Рұқсат қағазадарын берудегі өкілеттіліктің кеңдігі және шенеуліктер мен кәсіпкерлер арасында тікелей байланысы сыбайлас жемқорлық шарттарын туғызады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ауылшаруашылық өнімдерді шығарушыларды субсидиялау саласында жоғары деңгейде сақталады. Аталған саладағы сыбайлас жемқорлық қыл- мыстары аулышаруашылық шығару фактілік көлемдерді субсидиялау кезіндегі қаржыны негізсіз жоғарылату жолымен бюджеттік қаржыны ұрлау, субсидияларды беруді ұйымдастырудағы арнайы Комиссиялардың жетілмегендігі, сонымен қатар коллизиялар мен кемшіліктер және НҚА-дегі қарама қайшылықтарда сақталады. Ауылшаруашылық жүйесінде сыбайлас жемқорлық төмендету мақстаныда келесі ұсынылды: ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүйесінде ашықтық пен қоғамдық бақылау тетігін енгізу; рұқсат беру үшін ведомстволық комиссия және өтінішті тек электронды түрде беру ережесін құру; мемлекеттік қызметтер көрсету шарттарын қысқарту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға шұғыл шара қолдану.

ҰСЫНЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ: — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ет өнімдері мен тыңайтқыштарды субсидиялауға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің электронды түрдегі толық аудармасын жасады. — Дәнді дақылдарға арналған гектарлы субсидиялауды әрі қарай несиелендіру тәртібіне өту өнімінің соңы алынып тасталды. — Агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеуді субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтердің 2 жаңа стандарттары әзірлену сатысында. — Субсидия беру туралы өтініштерді объективті қарауға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілуде. — Мал шаруашылығы саласында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың электрондық өтінім беру форматын қамтамасыз етудің жаңа ережесі әзірленді. — Ескірген тиімсіз мөлшерді және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті жоюды қарастыратын «Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін субсидиялау және бөлу саласындағы шешімдерді қабылдаудың ашықтығы мен айқындығы үшін жағдайлар жасалды; — бірқатар әкімшілік кедергілер жойылды; — тұқым шаруашылығына субсидиялар төлеуді оңайлату мақсатында өтініш берушінің құжаттар тізімі (3-тен 1-ге дейін) 3 есе қысқартылды; — өсімдік аумағын жасанды өсіру арқылы бюджет қаражатын ұрлау шарттары алып тасталынды; — ауыл шаруашылығында бизнесті жүргізу шарттары жақсарды; — агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау үшін жағдай жаңарды.

Жерқатынастары саласында Жер қатынастары саласында парақорлық, алаяқтық, және жер учаскілерін берудегі лауазымдық өкілеттілікті кері пайдалану қылмыстары негіз алады. Құқықтық тәжірибет алдауы нәтижесі сыбайлас жемқорлық туғызатын бірқатар себептер мен шарттар анықталды. Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың лауазымдық тұлғалармен ҚР Жер кодексінің 44-1 бабының үнемі түрде бұзылады. Ашық доступта бос жер участкілері бойынша ақпарат жоқ, сонымен қатар оларды алушы кезекте тұрған азаматтар тізімімен манипуляция жасау орын алады. Басқа сыбайлас жемқорлық тәуе- келдері жергілікті атқарушы органдары жер учаскілерін беру бойынша өкілеттіліктерінің берілуі болып табылады, бұл өз кезегінде шешім қабылдаудағы қоғамдық бақылаудың жүргізілуіне тосқауылдар туғызып объективтілік және бейтараптық жойылады. Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында келесі ұсынылды: азаматтарға жер учаскелерін бөлу тетіктерін қарқынды түрде қайта қарау; жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратты жасыру үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту; комиссия құрамына ҮЕҰ өкілдерін қосу тұрғысында НҚА-ге өзгерістер енгізу; бос жер учаскелерінің автоматтандырылған деректер базасын дамыту және оған халықтың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету (орналасу көрінісі, мақсаты мен шекаралары бар); жер учаскесін беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін (төмендету бағытын) қайта қарау; бөлінген жер учаскелерінің заңдылығына жүйелі негізде тексеру

ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — Ауыл шаруашылық мақсатына жер бөлудің ашық рәсімдерін көздейтін оның ішінде, қоғамдық конкурстық комиссия мүшелерін енгізу (комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 50%) туралы қр заң жобасы әзірленді. — «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде электронды түрде жер учаскесін жалдау немесе жер сату құқығы мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. — 2018 жылы тұрақты және уақытша жер пайдаланудың учаскесіне жеке меншік актілер беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандырылған форматқа көшіру жоспарлануда (пилоттық жоба қазіргі уақытта Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында іске асырылуда) алғаннан. — Бүкіл процесті автоматтандыру мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу бойынша кезек күтушілердің бірыңғай деректер базасы құрылуда. — ҚР мемлекеттік жер кадастрының (www.aisgzk.kz) автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің веб-порталында жер учаскелері бойынша ақпараттарға қол жеткімділік ашылды. — Мемлекеттік қала құрылысы бойынша кадастры бірыңғай жүйесінде аумақтар мәртебесі (құрылыстар) мен олардың даму жоспарлары туралы толық ақпаратты қамту жұмыстары жүргізілуде. — Ақмола облысында пилоттық режимде жұртшылық үшін ашық жер туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы қызмет іске қосылды.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Жер қатынастары саласындағы шешімдерді қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығы үшін жағдайлар жасалды; — жер телімдерін бөлудің ашықтығы қамтылды; — жер қатынастары саласындағы бірқатар әкімшілік кедергілер жойылады; — халық арасында әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін жағдайлар жасалды. Жол жөндеу саласында Көлік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік негізгі бағытардың бірі болып табылады және мемелкет үшін стратегиялық мәні бар. Құқықтық тәжірбиені талдау нәтижесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өнім берушіні таңдау қызмет көрсетудегі мемелкеттік сатып алуда, жобалау-сметалық құжаттама дайындаудағы құнын негізсіз жоғарлату, шенеуніктерге жай сөзбен айтқанда «откаттар» жасау, салдарында жол сапасына кері әсер ететін құрылыс матералдарына бөлінген қаражатты үнемдеумен қатысты екендігін көрсетті. Сонымен қатар, объектілрді пайдалануға тапсыруды қабылдау кезіндегі, жол құрылысы кезіндегі қадағалау мен бақылауларда және құқық бұзушылықтарға жауапкершіліктің болмауы кезіндегі, сондай-ақ шешім қабылдауда қоғам тарапынан бақылаудың болмауы бірқатар мәселелерге орын береді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде жол құрылысы саласында республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты қалыптастыру және жұмсау бойынша ақпараттың қолжетімсіздігі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту мақсатында ҚР ИДМ және өзге де жауапты м е м л е ке т т і к о р га н д а р ж ә н е ұйымдармен ұсынылған: түбегейлі қоғамдық институттарды осы үдеріске кеңінен тарта отырып, автомобиль жолдарын салуын бақылау тетіктерін қайта қарауды; — іске асырылатын жобалар бойынша тәуелсіз сараптамалық қорытынды ұсыну құқығын беру сұрақтарын қарау; «ҚазАвтоЖол» АҚ-ы ұлттық операторы және жергілікті атқарушы органдары ҚР «Ақпаратқа қолжетім- ділік туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жолдар салу туралы ақпаратты өз сайттарында толық жариялау қажет. сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде заң бұзғаны үшін заңды тұлғалар мен сарапшылардың әкімшілік жауапкершілігін (техникалық қадағалау) күшейту; инженерлік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу үшін қажетті талап ретінде, орнату тұрғысынан техникалық қадағалау туралы, автомобиль жолдарының құрылысы саласындағы сертификатталған мамандардың болуы міндетіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар ережесіне (Ереже және техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеу жөніндегі қызметін лицензиялау талаптары 23 қараша, 2015 жылы ҰЭМ бұйрығымен №709 қаулысымен бекітілген); жаңа озық технологияларды енгізумен жол құрылысының қолданыстағы стандаттарын және нормаларын (ҚНмЕ) қайта қарау; Инвестиция және даму министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар автомобиль жолдарының құрылысы сапасын бақылауды күшейтуі тиіс.

ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — Инвестициялар және даму министрлігімен жол құрылысы саласында сатып алуды жүзеге асыру үшін электронды тіркеу жүйесін енгізді. — Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталық құрылуда. — Автомобиль жолдары құрылысы саласындағы сарапшы ұйымдарды аккредитациялауда аттестатталған сарапшылар штатының болуына міндетті шарттар енгізілді. — ҚР ӘҚБК әкімшілік кодексінің айыппұлдарды нақыт төлеу мөлшерін белгілеу, сондай-ақ сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласындағы лицензиялау стандарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жөнінде кодекске өзгерістер енгізу (кодекстің 464 бабы). — Үздік шетелдік тәжірибені ескере отырып, жол салудың тиісті стандарттарына және ережелеріне өзгерістер енгізіледі.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Жол құрылысын сатып алуда жеткізушілер үшін тең жағдайлар жасалды; жолдардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына орталықтандырылған бақылау жасау үшін жағдайлар жасалды; бірыңғай дерекқордағы ақпаратты толық және автоматтандырылған есепке алу бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттырады, апаттық деңгейін және теріс пайдалану ықтималдығын төмендетеді; әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нақты айыппұлдарын белгілеу әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы дискрециялық өкілеттіктер түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді; мамандандырылмаған мамандарды техникалық қадағалауға жіберуге арналған шектеулер белгіленді.

Спорт саласында Дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бөлігінің бірі болып табылады. Оны тиімді жүзеге асыру топтастырылған қоғамның құрылуына және болашағы ортақ ұлтқа айналуына тікелей тәуелді. Анықталған фактілер кәсіби футбол клубтарын қаржыландыру мен қызметін жетілдірудегі жүйелік мәселелрге негізделеді. Ол өз кезегінде халықаралық деңгейде қазақстандық футболдың бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына ықпал ететін басқа фактілер қатарында әкімдіктердегі лауазымдық тұлғаларды кеңінен өкілеттіліктер беруіне және қызметінің ашықтығы мен айқындығының болмауын жатқызуға болады. Әкімшіліктің спорт және денешынықтыру басқармаларының қызметін регламенттеуші құқықтық актілерді зерттеу басшылардың спорт ұйымдарының басшылары реінде тағайындау және босату, сонымен қатар жазаға тарту, шығыстар сметасын бекіту және төлем шоттарына қол қою, жергілікті спорт федерацияларын аккредитациялауын өткізу, облыстық командалар тізімін бекіту және т.б. өкілеттіліктеріне ие болғанын анықтады. Аталған өкілеттіліктердің бір тұлғада шоғырланғаны сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатыны айдан анық. Жоғарыда айтылғанның негізінде спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын болдырмау үшін төмендегілер ұсынылады: спорт ұйымдарын қаржыландырудың көзқарасын түбегейлі қайта қарастыру, бюджет қаражатын бөлу жүйесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету; кезең-кезеңімен жекеменшік капиталды арттыра отырып, мемле- кеттік қаржыландыруды азайту мәсе- лесін қарастыру (Англия, Германия, Италияның тәжірибесіне сүйене отырып); шешім қабылдауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың тетіктерін енгізе отырып, әкімдіктер, спорт және дене шынықтыру басқармаларының функцияларын қайта қарау; құрылтайшысы мемлекет болып табылатын спорттық мекеме басшыларының қызметтік жалақысы мен сыйақыларының ең жоғарғы шегін орнату; ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының орындалуын арнайы интернет – ресурстарда дене шынықтыру және спорт саласының қаржыландырылуы туралы ақпаратты жариялай отырып қамтамасыз ету; Дене шынықтыру және спорт министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар спорттық мекемелердің қаржыландырылуын және қызметін бақылауды күшейту.

ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер кызметінің аражігін ажырата отырып спорт саласын қаржыландырудың 2017 жылы 11 мамырда №65-VI ҚР «Дене шынықтыру және спорт саласының сұрақтары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. — ҚР спорт түрлерінің ережелерін саралау тәртібі (2017 жылғы 26 шілде №216 ҚР Дене шынықтыру және спорт министрінің бұйрығы), сондай-ақ дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін спорттық ойындар жеңімпаздары мен чемпиондарының сыйлығының көлемі бекітілді (2017 жылғы 28 шілде №219 ҚР Дене шынықтыру және спорт министрінің бұйрығы). — Бәсекелестік ортаға 8 футболды клуб берілді. — Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттар тізбесі 3 жаңа стандартпен толықтытырылды «спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидалары»; «олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»; «спорт түрлері бойынша қазақстан республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» (2017 жылғы 3 шілде №203 ҚР Дене шынықтыру және спорт министрінің бұйрығы). — 2018 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жол карталары әзірленді. ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ: — Орталық атқарушы орган (бюджеттік қаржының жұмсалуын үйлестіру және бақылау) және әкімдіктер функцияларының аражігі ажыратылды; — Кәсіби футболды мемлекеттік қаржыландыру азайтылды; — 3 мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті берушімен тікелей байланыс шектелді; — Қабылданған шаралар спорт саласында қаржыландыру мен үйлестіру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекттік аудит саласында Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Республикалық бюджетті игеруді бақылау бойынша есеп комитетімен жүргізілген (бұдан әрі — Есеп комитеті) бюджеттік қаржыны және активтерді игеру мониторингі бақылау қамтуды ұлғайтумен бірге аталған қаржыны игрудегі құқық бұзушылықтардың өсуі де байқалды. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бюджеттік саясатты жүргізудегі қадағалаушы органдардың маңызыды рөлін көрсетеді. Сонымен бірге, аталған қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы тиісті саладағы қызметтің тиімділігіне кері әсер тигізеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы кері әсерін тигізеді. Мысалы, Қарағанды облысында ҚМ қаржы бақылау комитетінің Республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұқсас қылмыстар Ақмола, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында алдын алуы орын алды. Құқықтық тәжірибе талдауы мемлекеттік аудит және қаржы бақылау органдары қызметінде сыбайлас жемқорлық себептері мен шарттыры бар екендігін көрсетті. Біріншіден, ол мемлекеттік аудит органдары жүйесінің жетілмегендігі, мемлекеттік аудит органдары қызметінде қайталанушы функциялырдың болуы. Екіншіден, өткізілген талдау нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін дискрецондық нормалардың орын алуы анықталды. Осылайша, «Мемлекеттік аудит және қаржы бақылау» Заңына сәйкес тексеру комиссиясы өкілдері бастамасымен келесі жылға мемлекеттік аудитке жататын объектілер тізімінің бекітіліміне өзгертулер енгізуі мүмкін. Сонымен қатар, тексеру барысында мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі мемелкеттік аудит оргаы басшысымен ұзарту мүмкіншілігі бар (Заңның 17 бабының 3 тармағы). Сондай дискрециалық нормалар заңға қарасты нормативтік құқықтық актілерде анықталды. Ішкі мемлекттік аудитті және қаржылық бақылау жүргізу ережесіне сәйкес (2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 Үкімет қаулысы) аудиторлар тексеру барысында мемлекеттік адит объектілері тізбесінен белгілі аудиторлық шараларды жоюға (Ережелердің 24,38,39 тармақтары) және тексеруші салалар тізбесін үлкейтуге құқығы бар (Ережелердің 60 тармағы). Ұқсас нормалар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Ережлерінде де анықталды (2015 жылғы 30 қаршадағы № 17-НҚ Есеп комитетінің нормативтік қаулысы) (52,54,55 — тармақтары). Үшіншіден, тексеруші объектілер тұлғалары мен аудиторлар арасында тікелей байланыс жиі орын алатыны анықталды. Төртіншіден, бақылау органда- ры қызметінің айқын еместігі байқалуда. Бақылау органымен ашық түрде мемлекттік аудит өткізу туралы тол- ық ақпарат жарияланбаған. Олар тек баспасөз релизін, жоспар және қыс- қаша ақпарат жариялаумен ғана шектеледі. Бұның барлығы бақылаушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады. Сыбайлас жемқорлық үшін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында және мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге және қаржылық бақылауға мемлекеттік органға ұсынылады: бірін–бірі қайталайтын буындарды қоспағанда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін қайта қарау; «тікелей байланысты» болдырмау үшін барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау шараларын автоматтандыру; ашықтық қағидатын жүзеге асыру үшін (Заңның 6-бабының 7-тармағы) және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін (Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 4-бабы) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары өз қызметі өз қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде тексерулер мен олардың нәтижелерін (аудиторлық есептер, аудиторлық есептер және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер) БАҚ-да, оның ішінде Интернет-ресурстарында жариялауды міндеттеу; Есеп комитетімен тиімділік пен нәтижелілікті анықтау мақсатында мемлекеттік аудиторлық және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау мәселесі қарастырылсын; Есеп комитетімен, Қаржы министрлігімен және Тексеру жөніндегі комиссиясымен өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыстар күшейтілсін. ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — Келесіге бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын қабылдау: — мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру; — мемлекеттік аудитті, электронды мемлекеттік аудитті, алдын ала тексеруді, мемлекеттік куәлікті қайтарып алу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін жетілдіру және құқықтық кемшіліктерді жою процедураларын жетілдіру жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту; — ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу ережесі және электрондық мемлекеттік аудитті жүзеге асыру тәртібін бекіту мақсатында уәкілетті органның құзыретін белгілеу. — Мемлекеттік аудитордың лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілді. — Тексеру кезінде аудиттелетін мәселелердің тізімін қысқарту және кеңейту үшін аудиторлардың дискрециялық өкілеттіктерін қоспағанда, ішкі аудит және қаржылық бақылау ережесіне (ереженің 24, 38, 39, 66-тармақтары), сондай-ақ аудит жоспарына және аудиттің барысында аудиторлық тапсырмаларға түзетулер енгізу (ереженің 68-тармағы) қарастырылған.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Қабылданатын шаралар мемлекеттік аудит жүйесін оңтайландыруға, оның тиімділігін арттыруға және мемлекеттік аудит саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін жағдайлар жасады.

Экология саласында Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі болып табылады. Аталған салада тиісті емес бақылау экологияның нашарлауына әкеліп соқтырып азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіреді. Осы аспектіде экология қауісіздігіне әсер етуші елеулі фактор ретінде сыбайлас жемқорлық көріністіері болып табылады. Құқытық тәжірибе талдау нәтижесінде аталған саланың дамуына кері әсер етуші негізгі фактор – сыбайлас жемқорлық екендігі анықталды. Ең алдымен, ол тексеруші субъектілер мен лауазымдық тұлға арасын- дағы «тікелей байланыстың» болуы, айқын емес дискрециялық өкілеттіліктің болуы, мемлекеттік экологиялық экспертизасының және мемлекеттік қызмет көрсетудің төмен сапасы, экологиялық ақпараттың қолжетімсіздігі, жоспардан тыс, айқын емес инспекторлық тексерулердің көптігі. Жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және табиғат пайдаланушылардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру үшін: — анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру тәртібін жетілдіру; — күнтізбелік жылдың қалған кезеңіне қарай қысқартуды қоспағанда, Қоршаған ортаға эмиссиялар лимитін айқындау әдістемесін өзгерту; — кешенді экологиялық рұқсат беру және эмиссияға рұқсат беруді қайта рәсімдеу шаралары регламенттелетік заңнамада анықталған мәселелер мен коллиязияларды жою; — Энергетика министрлігі және жергілікті атқарушы органдар анықталған кемшіліктерді жою және мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдансын.

ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған: — мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін 3 есе қысқарту (120-дан 45 күнге дейін); — бір терезе» қағидаты бойынша электрондық форматқа толығымен көшу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру және экологиялық сараптаманың қорытындыларын шығару үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті біріктіру; — бір өтінім аясында (10 жұмыс күні ішінде) түзеу және жою механизмін енгізу арқылы сараптама қорытындысын беруден бас тарту рәсімін алып тастау. — Энергетика министрлігі экологиялық тексерулерді бейнетіркеуді барынша пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуде. — Табиғат пайдаланушылардың шығарындылар көздеріне арналған сенсорлар арқылы шығарындыларды бақылауды автоматтандыру мәселесі қарастырылуда

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Сараптама қорытындысын алу мерзімдері бірнеше айға қысқартылды; — тексеру барысында табиғат пайдаланушылармен тікелей байланысын болдырмайтын онлайн режімінде шығарындылар туралы ақпарат алу арттары жасалды; — экологиялық тексерулердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды; — қабылданатын шаралар бизнесті жүргізуге жағдай жасауға мүмкішілік берді және қызмет көрсетушілерге әкімшілік кедергілерді азайтты.

Квазимемлекеттік секторда Қылмыстық статистика талдауы квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтағы ең осал секторы ол сатып алуалар болып табылады (аталған саладағы тіркелген барлық сыбайлас жеқорлық қылмыстарынан 55%-і сатып алулар саласында). Себебі сатып алу саласында, ақпараттықталдамалық платформа, айқындықтың төмен сапасы, әкімшілік тәсілдердің басымдылығы, бақылау тетіктерінің болмауы сияқты бірыңғай тәсілдердің болмауы. Квазимемлекеттік сектордағы туындаған мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барын, заңдылықтағы коллизиялар мен кемшіліктер, айқындықтың, есептіліктің және бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін төмендегілер ұсынылды: Квазимемлекеттік сектордағы сатып алудың жеке нормативтік құқықтық актісін әзірлеу және электрондық сатып алудың заманауи тетіктерін енгізу арқылы көзқарастарды түбегейлі қайта қарастыру. Мемлекеттік қаражатты жұмсау тәртібін реттейтін ұлттық холдингтер мен компаниялардың барлық ішкі құжаттарына ауқымды аудит жүргізу. Бұл әрекетті орындау үшін, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінің «Атамекен» қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру. Квазимемлекеттік сектордың ішкі құжаттарына әзірлеу, талқылау, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу және жариялау тәртібі туралы «Құқықтық актілері туралы» ҚР Заң нормаларын жариялау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық (құрылымдық бөлімше басшылары, бухгалтерлер, заңгерлер мен сатып алуға, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, материалды-қаржылық ресурстарын іске асыруға байланысты өзге де тұлғалар) субъектілерінің кеңейту аясына қатысты қылмыстық және әкімшілік заңнамаға өзгерістер енгізу. Сыбайлас жемқорлықты және дискрециялық нормаларды жоққа шығаратын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй жобаларын іріктеу және қаржыландыру Ережесін өзгерту. Қоғамдық бақылау институтының енгізуімен қабылданған шешімдердің ашықтық пен жариялылық тетіктерін қамтамасыз ету. Ұсынылған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін Үкіметтен, депутаттар корпусынан, мүделлі мемлекеттік органдардың (БП, ӘМ, ҚМ, ҰЭМ, ИДМ, Есеп комитеті, МҚІСЖҚІА және т.б.) мен ҰКП «Атамекен» құрамынан тұратын арнайы мемлекеттік комиссия құрылсын. ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: — «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу туралы қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы әзірленіп, ол бойынша: — бірыңғай ережелер және электрондық сатып алу форматы; — квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жүргізілетін сатып алуларға бақылау жөніндегі уәкілетті орган қазақстан республикасы қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетін анықтау; — сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу; — жеткізушілердің шағымдарын қараудың арнайы тәртібін енгізу; — сатып алу мониторингінің бірыңғай дерекқорын, сатып алулардың әділетсіз қатысушыларының тізілімін және сатып алуды бақылау қызметін құру қарастырылған. — «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгертулер енгізілді (2017 жылғы 23 қазандағы № 674 үкімет қаулысы), оған сәйкес «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен әзірлеушілермен тікелей өзара әрекеттесу алынып тасталды. — «Бәйтерек девелопмент» АҚ-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында: — сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу; — 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында (қоғамдық бақылау институты, әлеуетті әзірлеушілерден талап етілетін құжаттардың санын 52-ден 35-ке дейін қысқарту, қосымша құжаттарды талап етуге құқықты алып тастау) тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу және қаржыландыру ережелеріне өзгерістер енгізілді, — сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жаңартылып, жаңа құжаттар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, іскерлік әдеп және корпоративтік басқару кодексі) қабылданды; — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесе отырып, жеке серіктестермен (әзірлеушілермен) жұмыс істеу және жаңа жобалардықаржыландыруға өтінімдерді қабылдау және қарау үшін бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін онлайн-порталды құруды, сондай-ақ жаңа жобаларды іске қосуды қамтамасыз ететін автоматтандырылған «Digital Baiterek» жүйесін әзірлеу және іске қосу, сондай-ақ ағымдағы жобалар бойынша жұмыстарға актілеу мен ақы төлеу аяқталды; — іскерлік әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ету үшін омбудсменнің лауазымын белгіледі;

ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: — Квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын жұмсауды тұрақты мониторингілеу үшін жағдайлар жасалды; — квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір қысқарды.

4-ТАРАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың негізгі тәсілдері «Қазақстанның үшінші жаңғы- руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты екенін атап өтті. Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың қажетті шарты мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Агенттік қоғам мен мемлекет арасындағы серіктестіктің оңтайлы үлгілерін іздестіру мен барынша ашық болу саясатын қабылдады. 2017 жылғы маңызды оқиға-алғаш рет өткізілген Азаматтық сектор, кәсіподақтар, этномәдени және басқа да азаматтық қоғамның басқа институттарының өкілдерін біріктірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі болды. Агенттік жоғары оқу орындары қауымдастығымен, Қазақстан халықтар Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен, діни конфессиялармен серіктестік қарымқатынастарды орнатты және көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыруға қоғамды тарту бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды. Конгрестің қатысушылары ұсынған бастамалар қатарында «Жасырын сатып алушы» әдісімен «қоғамдық аудит» жобасы, мемлекеттік қызметтегі мүдделер шиеленісін қарау, мемлекеттік сатып алулардың қоғамдық мониторингі, «Жолдардағы жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам» жобасы болды. Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне әсер етеді, сондықтан осы процеске қоғамдастықты кеңінен тарту арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне үнемі мониторинг жүргізу қажеттілігі туындайды. Мәселен, 2017 жылы «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтық бақылау жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдарға 718 рет бару жүзеге асырылды. Нәтижесінде 758 заң бұзушылық анықталды, соның ішінде: заңсыз сыйақы («помогайки») үшін делдалдық қызмет көрсету, үлкен кезектер, бюрократиялық кедергілер, жұмыс кестесін сақтамау, қате кеңес беру фактілері, қызмет көрсету тәртібі туралы сенімсіз ақпаратты жариялау, күту залдарының жарақталмауы, пандустардың жоқтығы және т.б. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Агенттік барлық ұйымдарға тиісті ұсынымдар жолдады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырды. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірге «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты ауқымды акциясы жүзеге асырылды. Акция шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істей бастады, олар азаматтарды қабылдауды жүргізіп, еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні 1075 сапар жасалды, 3344 еңбек ұжымы немесе 460 мыңға жуық адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашумен қамтылды және де 237 жазбаша өтініштер келіп түсті. Мониторинг нәтижелері бойынша (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және жеке деректерін зерттеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, жоспарлы тексерулер) мүдделер шиеленісінің 153 фактісі анықталды. Осы фактілерден мүдделер шиеленісі келесі бағыттар бойынша анықталады: жұмыспен қамту немесе бірлескен жұмыс — 133, мемлекеттік сатып алу (конкурстық комиссияға қатысу немесе жақын туыстарының қатысуы) — 7, тәртіптік санкцияларды қолдану (мүдделі тұлғаның ресми тексеру жүргізуі) – 4, сыйақы (жақын туыстарына артықшылық беру) — 3, жер қатынастары (жер комиссияларында қатысуы) — 2, тұрғын үй қатынастары (тұрғын үй комиссияларында болу) — 2, ауыл шаруашылығы (жануарлар ауруларын диагностикалық бағалау жөніндегі комиссияда болу) – 2. Өңірлердегі қоғамдық бақылаудың негізгі бағыттарының бірі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Медиа Орталығы» бастамасымен іске асырылған «Жолдардағы жемқорлықты азайтудың 10 қадамы» жобасы болды. Жобаның негізгі мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жол полициясы, көлік инспекциясы және кеден органдарымен қарым-қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту болып табылады. Ол үшін автокөлік иелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы талаптарын, Агенттіктің 1424 байланыс орталығына хабарласу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ақпараттық парақтар таратылды. Сонымен қатар, жобаның шеңбе- рінде тұрақты негізде ресми этиканың ережелерін бұзуды болдырмау үшін мемлекеттік қызметшілердің ресми көлік құралдарын пайдалану – қызмет этикасы қағидаларын бұзушылықтардың алдын-алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні Қазақстанда жемқорлыққа қарсы заңнаманың дамуына елеулі үлес қосатын, Сыбайлас жем- қорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспарларды жүзеге асыру бойынша мониторинг топтарына қатысатын, жұмыс топтарына және консультативтік-кеңес органдарға белсенді қатысатын азаматтық қоғамының белсенді өкілдерінің тобы қалыптасқанын сеніммен айта аламыз. 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша жоспарды әзірлеу азаматтық қоғамды біріктірудің жарқын үлгісі болды. Республика бойынша 70-тен астам дөңгелек үстел мен басқа да іс-шаралар өткізілді, онда азаматтық институттардың, академиялық қоғамдастық өкілдерінің және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалардың қатысуымен жаңа үш жылдық жоспар талқыланды. Елдің әрбір азаматы Жоспар жобасына енгізу үшін шаралар ұсынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлестерін қосуға мүмкіндік алды. Жүргізілген іс-шаралардың шеңберінде жоспар жобасына бес жүзден астам ұсыныс берілді. Көрсетілген жұмыстың нәтижелері жаңартылған форматта орын алған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы: мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру» қоғамдықтың — дауларында жинақталған. Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша соңғы бірнеше жылда азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігі арта түсті. Мысалы, 2017 жылы сауалнамаға қатысқандардың 55,5% -і сыбайлас жемқорлықты азайтуды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді, 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,1% болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік атмосферасын құру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының бірі. Бүгінгі күні елімізде жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеудің ұтымды үйлесіміне негізделген жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың институционалдық және құқықтық негіздері құрылған. Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұрақты дағдыларын қалыптастыру және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру міндеттерін шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жемқорлыққа қарсы тәрбие бағдарламалары жүзеге асырылады. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың ақпараттық фокусында мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар. Тұрақты түрде балалардың суреттер, мүсіндер, шығармалар байқаулары Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі. Ең үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында өткізілетін көрмеге іріктеліп алынады. Мектептегі ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардың тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бекітілген, оның негізінде 800 мың оқушыны біріктіретін Республиканың барлық мектептерінде еріктілердің «Адал Ұрпақ» клубы құрылды. Бүгінгі күні осы клубтарда 23 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар өткізілді. Студенттік жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беруді жүзеге асыру жалғасуда. Оқыту шеңберінде студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени және моральдық-этикалық аспектілерін, сондай-ақ жемқорлық тың мәнін түсінуге көмектеседі. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу идеясын ұғынған көптеген студенттер өздерінің ғылыми мақалаларын жазу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелермен байланысты тақырыптарды таңдайды. Алғаш рет мәдениет мекемелері, мұражайлар, театрлар, кітапханалар, көрмелер мен көркем галереялар, сондай-ақ білім беру ұйымдары адалдық, инабаттылық және қиянатқа бармау қағидаттарының белсенді жетекшілері (өзгерістер агенттері) ретінде әрекет етті. Мәселен, мәдени мекемелердегі азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруі үшін тиісті әдебиет пен өнер туындыларының арнайы бұрыштары, театр қойылымдары, кітапханаларда кітап көрмесі ұйымдастырылады және т.б. Бұл азаматтардың жемқорлыққа қарсы білім беруі үшін қолайлы білім беру және мәдени ортаны құруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда Агенттіктің қамқорлығымен ақпараттық және білім беру жобалары, «Адал Бол», «Университеттен университетке дейін», «Антивзятка» және т.б ақпараттық-білім беру жобалары маңызды рөл атқарады. Олардың барлығы бір мақсатқа ұмтылады — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте еліміздің ең үлкен мүмкіншілігінің санын күшейту, тұрақты иммунитетті дамыту және сыбайлас жемқорлық көріністерін жалпы қабылдамау. Жоғары оқу орны қауымдастығығының академиялық адалдық пен нөлдік төзімділік қағидаттарын алға жылжытудағы күш-жігерін біріктіру үшін елдің 50-ден астам жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы телекөпір өткізілді. Телекөпірдің қорытындысы бойынша «Адал Бол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета басталды, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға студенттер сюжет түсіріп, кейін Интернеттегі желілерде бейнероликтер таратқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета студенттер арасында танымал болды және жылдың соңында еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтыды. «Адалдық алаңы» сайтының іске қосылуы арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды, білім беру, шығармашылық бағыттарды, бейне материалдарды және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты таба алатын білім беру алаңы құрылды. Сайтта «Азаматтық қоғаммен ке- лісім», «Құрмет және этика» сияқты бірегей беттер бар. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлердің және басқа салалардың қызметкерлерінің этикалық тәрбиесіне бағытталған. Қазақстандық блоггерлер альянсымен бірге Facebook әлеуметтік желісінде «#АНТИВЗЯТКА» флеш-мобы өткізілді, оны өткізу барысында балаларға жемқорлықтың қоғамға қандай қатер тигізетіні және оған қалай қарсы тұратыны түсіндірілді. Акцияны еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік желілердің 15 мыңнан астам қолданушылары қолдады, олардың арасында танымал теле жүргізушілер, спортшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың өкілдері бар. Сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруда маңызды рөл жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, бүгінгі күні олар қауіпқатер туралы ескертіп, пара бермеуге шақыра отырып, жемқорлыққа қарсы тәрбиеге үлкен үлес қосты. Жылдың басында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың сыбайлас жем- қорлыққа нөлдік төзімділігін қалыптастыру мақсатында «Есіктен-есікке» атты республикалық бағдарлама іске қосылды. Акция мәні сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар мен коммуналдық төлемдер туралы түбіртектер мен ақпараттық парақтарды тарату болып табылады. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде 13,5 миллионнан астам парақша таратылды. «Есіктен есікке» бағдарламасы танымал әртістер, белгілі қоғам қайраткерлері мен еліміздің спортшылары арасында қолдау тапты. 300 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар мен «Коррупцияны терең нокаутқа жіберейік» және «Парқорлық балаларымыздың армандарын ұрлайды» атты ұрандармен олардың суреттері бар баннерлер еліміздің барлық өңірлерінде халық жаппай жиналатын жерлерінде орналасқан. Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасуына ақпаратпен және түсіндіру жұмыстары айтарлықтай ықпал ететі. 2017 жылы түрлі мақсатты топтар үшін 776372 азаматты қамту арқылы 1050 түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды. Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 144-ге жуық баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізілді. Баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша 6425 мақала жарияланды, интернетте 12544 басылымдар, 2514 телесюжет және 2023 радио бағдарламалар шығарылды. Бұған қоса, 28-телеарнада жемқорлыққа қарсы бейне роликтер және дыбыстық жазбалар — 11- радиостанцияда жарияланды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда оң өзгерістерге қол жеткізілді, бұл жыл сайынғы «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік сауалнамасының деректері растайды. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамдардың саны (2017 жылы 60,7% — тен 2017 жылы 81,4% — ке дейін) 20,7% — ке өсті, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа және жоғары деңгейде бағалайтын адамдардың саны (2017 жылы 72,7% — тен 2017 жылы 70,1% — ке дейін) болды.

5-ТАРАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ПЕН ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ ҮРДІСТЕРІ Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізу

Беделді халықаралық ұйымдардың жаһандық және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы актілерінде, нұсқаулықтарында қамтылған халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың даму бағдарларын қалыптастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәсілдерін бір қалыпқа келтіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ-ның негізін қалаушысы болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы актісі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияны (2008 жылғы 4 мамыр-да), сондай-ақ БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын (2008 жылғы 4 мамырда), Еуропа кеңесінің Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны (2011 жылғы 2 мамырда) ратификациялады, олардың негізгі қағидаларының бір бөлігі қазіргі уақытта ұлттық заңнамаға енгізілген. Сонымен бірге, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің аясында 2003 жылы басталған өзара бағалау жөніндегі субөңірлік бағдарламаға – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдың Стамбулдық жоспарына» жүргізілген мониторингке белсене қатыстырылды. Стамбулдық жоспар аясындағы халықаралық сарапшылардың нақты ұсыныстары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру процесінде маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет. 2018 жылға дейін Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар бойынша мониторингтің төрт раунды өткізілді. Үшінші раундтың қорытындысы 2017 жылғы 13 қыркүйекте Парижде ЭЫДҰ штаб-пәтерінде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдың Стамбулдық жоспарының пленарлық мәжілісінде шығарылды. Онда мониторингтің Үшінші раундының ұсыныстарын орындау дәрежесіне келесі бағалар берілді. Мониторингтің төртінші раунды ЭЫДҰ ұсыныстары келесі төртіның аясында 22 жаңа ұсыныс берілді, ал оның алдындағы 7 ұсыныс олардың орындалуы ішінара болғандықтан өз күшінде қалады деп танылды. ЭЫДҰ ұсыныстары келесі төрт саланы қамтиды, бұл жерде олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнамадағы өзектілігі анықталады. Аса маңызды ұсыныстарға келесілер кіреді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. Бұл бағыттың аясында ЭЫДҰ сарапшыларының сыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға бір уақытта тұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу және оны жүзеге асыру үшін мемлекеттің жауапкершілігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деген ұғымның жеке меншік секторға қатысты қолдануын бекіту қажеттігіне бағытталды. Бұл қылмыстық заңнамада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері ретінде жеке меншік секторындағы лауазымды тұлғаларды қарастырып бекітуді талап етеді. Корпоратив ішіндегі сыбайлас жемқорлық кәсіпкерлік салаға сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделеріне де айтарлықтай зиян келтіруде. Сондықтан оған мемлекеттік салада іске асырылатын әдістер арқылы қарсы іс-қимыл жасау оған қарсы күресті тиімдірекетуге мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. ЭЫДҰ ұсыныстарының көбінақты осы бағытқа қатысты болды. Нақты алғанда ЭЫДҰ сарапшылары саяси қызметкерлер үшін жанжақты адалдық қағидаларын белгілеу, сондай-ақ осы қағидалардың орындалуын бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу қажеттігін белгілеп өтті. Бұл жерде депутаттық этика қағидаларын жетілдіру, сондай-ақ сәйкес өкілеттік берілген депутаттық этика жөніндегі комиссияларды енгізу қажеттігі жөнінде айтылады. Бұл ретте ҚР ОСК аталған қызметтері болмауы тиіс. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңында мүдделер қақтығысы туралы нормаларға қатысты осы нормаларды іске асыру тетігін және оларды бұзу үшін санкцияны енгізу талап етіледі. Сот саласында сот жүйесінің ішкі өзін-өзі басқаруын нығайтуға және осыған сәйкес тәуелсіздігін арттыруға бағытталған реформаларды жүргізу қажет. Сонымен бірге, судьялар арасында істерді кездейсоқ бөлу принципін заңнамалық деңгейде бекіту және соттарда істерді бөлудің автоматтандырылған жүйесінің жұмысына рұқсатсыз араласу үшін жауапкершілікті белгілеу талап етіледі. Прокурорлық қадағалау саласында прокурорларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау кепілдігін арттыруға, іріктеу процедураларын қатайтуға, прокурорларды бағалау, соның ішінде этика мәселелері, жүйесін енгізуге, прокурорлық өзін-өзі басқару органы ретінде прокурорлық кеңесті құруға, прокурорлардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлігін, кірістері мен шығыстарын міндетті түрде декларациялауды, кейін осындай декларацияларды жариялауды енгізуге бағытталған шараларды қолдану талап етіледі. НҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама саласында Парламентке енгізілетін барлық заң жобалары үшін оны міндетті болуын кеңінен қолдану, оны өткізу тәжірибесін НҚА басқа да жобалары, сондай-ақ қолданыстағы НҚА үшін жалғастыру талап етіледі. Ақпаратқа қол жеткізу саласында ҚР тиісті заңын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру қажеттігі туындайды. Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулар саласында сатып алуларды бір көзден жүргізу деңгейін төмендету, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары туралы заң қабылдау, сатып алулар жүйесін ашықтықты арттыру есебінен жетілдіру, мүдделер қақтығысына жол бермеу талап етіледі. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесі мерзімі жеткен болып табылады, аталған сектор есеп берушіліктің, бақылауға алынудың және шешімдер қабылдау процедураларының айқындығының, ақпаратты ашудың, ішкі және сыртқы аудиттің белсенді ұйымдық-құқықтық тетіктерін, адал бәсекелестік принциптерін сақтау, іскерлік этика және адалдық нормаларын қабылдау және сақтау, сондай-ақ корпоративтік қағидаларды (комплаенс) енгізу және орындау шараларын енгізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және оның қолданылуы. Бұл бағытта ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес келесі шараларды қолдану қажет: — сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау (тек қана қылмыстық қалуы тиіс); -сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті қолданудың ақшалай шегін (2 АЕК) алып тастау, өйткені қызметтік міндеттерді орындау үшін қандай да болсын сыйақы алуға жол берілмеуі тиіс; — үшінші тұлғалардың пайдасына пара жөнінде уәде беруді және оны ұсынуды, пара беруді және коммерциялық параға сатып алуды, ықпал етуді сатуды қылмыстандыру; — алқа билерді сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық субъектілерінің санына қосу; -предикаттық қылмыстар үшін жауапкершілікке қарамастан, ақшаны заңдастыру (жылыстату) үшін жауапкершілікке тарту тәртібін белгілеу; — заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілігін енгізу; — іс-әрекеттер арқылы өкінуге байланысты, сондай-ақ шетелдік лауазымдық тұлғаларға пара берген жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігіне жол бермейтін нормаларды қабылдау; — шетелдік лауазымдық тұлғаларды Қазақстанда жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін және Қазақстан азаматтарын шетелде жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша қылмыстық заңнаманы халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру; — жемқорлардың және үшінші тұлғалардың пара бергені үшін міндетті түрде мүлкін тәркілеуді енгізу; — тәркіленуі тиіс қылмыстық кірістерді іздестіру, анықтау, оларға тыйым салу және оларды басқару үшін, соның ішінде шетелде де, жауапты органды немесе бөлімшені құру; — құқық бұзушылықтың осы түрі жасырын болуына байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, ескіру мерзімін ұзарту; — қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін, Парламент депутаттарына, Бас прокурорға қатысты дербес құқықтылығынан айыру процедураларын оларды нақты регламенттеу жағынан жетілдіру; — қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қолдану мақсатында жария лауазымды тұлғаның анықтамасына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, саяси партиялардың басшыларын, сондай-ақ жария лауазымды тұлғаның отбасы мүшелерін және жақын (байланысты) тұлғаларын қосу; тергеудің қаржылық мониторинг деректеріне қол жеткізуін оңайлату; қылмыстық кірістерді тиімді түрде анықтау және қадағалау үшін банктік шоттардың орталық тізілімін құру мүмкіндігін қарастыру; БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының 57-бабына сәйкес активтерді қайтару және басқару тәртібі мен талаптарын заңнамаға енгізу; материалдық залалды өтеп берген кезде жемқорларды бас бостандығынан айыру түріндегі жуапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмау; ҚР ҚІЖК-нде пара берудің жол берілген еліктемесі мен пара беруге азғырту арасындағы нақты ажырату белгілерін және қылмыстық қызмет еліктемесін жүргізудің жан-жақты қағидаларын белгілеу. Жоғары білім алу — жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны қудағалау. ЭЫДҰ сарапшылары жоғары білім алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, бұл саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша айтарлықтай шаралар қолдану қажет екенін атап өтті. Нақты алғанда, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ауқымды талдау жасау, сыбайлас жемқорлық жоспарлауын жетілдіру, қызметтің айқындығын қамтамасыз ету және аккредитация жүргізу, жоспардан тыс тексерулерді алып тастау, сатып алуларды жүргізу тәртібін жетілдіру қажеттігі және т.б. туындайды. Өңірлік ерекшеліктерді есепке ала отырып, Қазақстандағы жағдайға терең талдау жасауға негізделген үздік дүние жүзілік тәжірибені енгізу бойынша өлшенген тәсіл ұлттық заңнаманың сапасын арттыруға, оны жаңа мазмұнмен толықтыруға, халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған принциптері мен нормаларына сәйкес келтіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру үшін жағдай құруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың жаңа тәсілдері мен трендтері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әлемдік және отандық тәжірибе сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлау жүйесінің жоғары маңыздылығын куәландырады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұнның әдіснамасын тұрақты түрде түзете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі негізде іске асырудың тиімді құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың бірінші кезеңінің нәтижелері мен қорытындысын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңі жалпы республикалық және салалық сипаттағы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін, солардың ішінде қоғамдық институттар мен ел азаматтарын, шоғырландыруға көмектесуі тиіс. — Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында белгіленген тапсырмалары; — Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық құқықтық акциялараясындағы міндеттемелері; — Қазақстан қатысушысы болып табылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдың Стамбулдық жоспары аясындағы ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің ұсыныстары; — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды стратегиялық жоспарлаудың бірінші кезеңінің, сондай-ақ ведомстволық және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлардың орындалуына талдау жасау нәтижелері; — сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтердің, жалпы республикалық және салалық сипаттағы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін, солардың ішінде қоғамдық институттар мен ел азаматтарын, шоғырландыруға көмектесуі тиіс. Мұндай жұмыс мақсатты, кешендік және жүйелі түрде жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының 2018–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бағыттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын қалыптастырған кезде тірек көздер және бағдарлар ретінде төменде көрсетілгендер болған: — сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған ішкі және сыртқы талдаулардың, әлеуметтік және ғылыми зерттеулердің қорытындылары бойынша құрылған нәтижелер және ұсыныстар; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалардың болуына талдау жасау; орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қоғамдық институттардың, ұлттық және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары. Екінші кезеңдегі Жоспардың құрылымы, ең алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленген алты бағытты іске асыруға бағытталады. Іс-шаралардың мақсатты міндеттеріне қарай барлық алты бағыт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдың Стамбулдық жоспары аясындағы ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің ұсыныстарын орындауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша төмендетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын одан әрі дамытуға,мемлекеттік органдар қызметінің айқындық және ашықтық принципін нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға жүргізілетін мониторингті жетілдіруге көмектесуге арналған. Олардың ішінде қаржылық бақылауы жүргізілуі тиіс тұлғалардың кірістері мен мүлігі туралы мәліметтер шынайылығын бақылау процедураларының тиімділігін арттыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу кезектілігінің бірыңғай тіркелімін тіркеліміне енгізілуі тиіс мемлекеттік қызметтер тізімін белгілеу сияқты шараларды ерекше атап өту қажет. Іс-шаралардың үлкен блогы құқықтық кемшіліктерді, коллизияларды және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормаларды болдырмауға бағытталған. Бұл бағытта талдаулар мен мониторингтердің кең ауқымы жүргізіледі. Әзірлемеге бірнеше заң жобалары қабылданатын болады, заңға тәуелді құқықтық актілер қайта қаралды, толықтырылды немесе өзгертілді. Соның ішінде мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамаларды жетілдіру және жемқорлық, құрылыс, автомобиль транспорты, сәулет және қала салу, ауыл шаруашылғы, сонымен қатар қоғамдық кеңес, салық және кеден заңнамасында саласында, атқарушылық өндіріс туралы заңнама мен сот орындаушысының мәртебесі туралы заңнамаларды жетілдіру жоспарлануда. Азаматтық қызметкер этикасының кодексі жасалатын енгізу және жер телімдерін пайдалану мақсатын өзгерту процедурасын оңтайландыру, мемлекеттік қызметтер болады. 2018-2020 жылдарғы Іс-шаралар жоспарына, сонымен қатар қоғамдық бақылауды дамыту, квазимемлекеттік және жеке секторларда, соттар мен құқық қорғау органдарында жемқорлықты тоқтату, жемқорлыққа қарсы мәдениет және жемқорлықты қабыл алмау жағына қоғамдық сана трансформациясының деңгейін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсылық мәселелері бойынша халықаралық серіктестікті дамыту мәселелеріне назар бастыаударылды. Ведомстволық және аймақтық жемқорлыққа қарсы жоспар маңызын, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігін және оларды уақытылы түзету қажеттілігін бағалауды жүзеге асыруға шақырылған мониторингтік арнайы топтың үлкен рөлін назарға ала отырып. Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңі жоспарындағы бірінші блокта ұйымдастыру іс-шаралары бекітіліп, олардың орындалу алгоритмдері көрсетілді. Жоспарланған шаралар бірінші кезекте Жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудағы бірінші кезеңді талдау барысында айқындалған ведомстволық және аймақтық жемқорлыққа қарсы жоспарлаудағы кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Арнайы мониторингтік топ жұмысы орталық және жергілікті атқару органдарының, сонымен қатар кең спектрден квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жемқорлыққа қарсы практикалық шараларын іске асыруын тиімді бақылауды қамтамасыз етуге шақырылған. Жаңа Жоспардың негізгі тренді бәрінен бұрын жемқорлық көрінісінің алдын алуға бағытталған практикалық шаралар болғандығын атап өткен жөн. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі айқын қойылған мақсатты индикаторларды стратегиялық жоспарлау, сонымен қатар алға қойылған мақсат нәтижелілігі мен жетістігін бағалау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететін сандық-сапалық көрсеткіштері болды. Жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы негізгі мақсатты индикатор жемқорлықты қабылдау деңгейін 65% -ке дейін төмендеуі болды. Осылайша қабылданатын жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігі мен нәтижелілігін ендігі кезде салалық көрсеткіштер немесе ресми құқықтық статистика деректеріне бағдар алған мемлекеттік институттар емес, Қазақстан қоғамының өзі баға беретін болады. Аталған инновация Қазақстанда жалпы республикалықта, сонымен қатар салалық және аймақтық көлемде де жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың жаңа тренді болады. Инновациялық даму мен жеделдетілген технологиялық жаңаруды талап ететін әлемдегі дамыған 30 елдің арасына кіру міндетін орындау аясында, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың екінші кезеңінің инновациялық шарасы Қазақстан халықтарына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бекітілген тапсырмаларды орындауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың екінші инновациялық шарасы сандық технологияны қолдануы болады. Іс-шаралар жоспарында жемқорлыққа қарсы шараларды технологиялық қамтамасыз ету бойынша практикалық іс-шаралардың ауқымды блогы жоспарланған. Соның ішінде, Үкімет, мемлекеттік органдар алқасының отырыстары тарату жазбаларының «Ашық үкімет» порталында орналастырылған пациентті госпиталдандыру күнін автоматты анықтау бөлігінде «Ашық үкімет» порталы мен оның компоненттерінің порталын, «Госпиталдандыру бюросы» порталы жетілдіру жоспарлануда. Автоматтандыруға атқарушылық өндіріс процестеріне, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғарғы білім берудегі білімдік бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға түсу шаралары, агроөнеркәсіп кешен саласында субсидиялау жүйесі, сонымен қатар аудан маңызды қалалар, кенттер, ауылдық округтердің көлік құралдарына, жер салығына, оларды қолмақол ақшалай төлеу мүмкіндігінен шығара отырып, ұшыратылды. Құқықтық сауаттылық пен жемқорлыққа қарсы заңнамаларды арттыру бойынша мобильді қосымша әзірлеу жоспарланады. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың екінші кезеңі ішінде қағазды қылмыстық істердің «Электронды қылмыстық істерге» көшірілу, ҚР сот орындарының электронды сервистеріне қолжетімділік үшін «Сот кабинеті» интернет-сервисі мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде сот істерін автоматты үлестіру процесін жетілдіру бойынша мәселелер жасалатын болады. Осылармен қатар, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзит кезінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты байланыс пен бақылау жүйесін орнату бойынша мәселелер қарастырылатын болады. Мемлекеттік кіріс органдарының кеден қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері портативті бейнетіркегішпен қамтамасыз ететін болады. Таңдаулы әлемдік және отандық тәжірибені ескеретін бәсекеге қарсы жоспарлау жүйесіне жаңа инновациялық және технолгиялық амалдарын енгізу барлық субъектілердің жемқорлыққа қарсы жұмыстарын қайта форматтауға және Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қарсы қабылданатын шаралар тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі практикалық міндеттерді шешуге мүмкіншілік береді.

5.3 Мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізу «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» қазақ халқына Жолдауында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген шараларға оң бағасын бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында әлемдік және отандық таңдаулы тәжірибелерін ескеретін жаңа амалдарын енгізу тәжірибесінде белсенді қатысуын барлық жемқорлыққа қарсы күрес субъектілерінен талап ететін мемлекеттік органдардың тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекетін қоса отырып, процестерді цифрландыру бойынша міндеттер қойды. Алдын алу бағытын күшейту бойынша алға қойылған міндеттерінің маңыздылығын назарға ала отырып, Агенттік «аймақ» — «орталық» қағидаты бойынша жобалық менеджменті негізінде сыбайлас жемқорлықты тарату себептері мен талаптарын минималдандырудың жаңа форматын жасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты әрекет ететін барлық субъектілер ресурстары мен мүмкіндіктеріне ықпал етуге мүмкіндік беретін жобалық басқаруды енгізу мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар мен қоғамдық институттардың жемқорлыққа қарсы жұмысын вертикалды да горизонталды түрде де құрылымдауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында жаңа амалды іске асыру аясында агенттік Астана қаласының әкімшілігінің жұмысына пилоттық режимде «Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыруды болжамдайды. Жоспарланып отырған жоба өзінің Миссиясына, іске асыру Стратегиясына, сонымен қатар алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жемқорлық «алаңының» қысқаруы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және білім, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту және сәйкесінше мемлекеттік институттарға азаматтар сенімділігінің деңгейін арттыру үшін, сөзсіз жағдай жасауы тиіс болатын жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты практикалық шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық субъектілер өзара әрекеттерін күшейту кешенін танытады. Жеті мақсат пен міндетті іске асыру мақсатында 15 жұмыс бағыты мен 56 іс-шараларды айқын белгілей отырып, жемқорлыққа қарсы күресу бойынша Агенттік, Ұлттық бюроның, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің ішінен жобалық топтар құрылымдау ұсынылады. Бірінші рет сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесінде жемқорлық қылмыс жасаудың жоғарғы тәуекелімен қызметтер тізімдемесін жасап, басшылардың дербес жауапкершілігі нығайтылатын болады. Практикалық іс-шаралар ретінде, сонымен қатар мемлекеттік органдар құрылымын тиімдендіру бойынша шаралар қабылдау, еңбек төлемін арттыру, мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оларды дәріптеу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету және жаңа қоғамдық бақылау тетіктерін қосу, мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен сатып алу бағасына мониторинг жүргізу, қолданыстағы ақпараттық жүйе тиімділігін талдау және жемқорлыққа қарсы бағыттылығының ақпараттық жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау болжамдалады. Жобалық топ қызметі тұрақты негізде сыртқы және ішкі бақылау мен талдауға ұшырайтын болады. Мәселені кешенді өңдеу, айқындылық жағдайларын қамтамасыз ету, ашықтық пен қоғамдық бақылау үшін, жұмысына ғалымдар, бизнес ассоциациясының, сарапшылық қауымдастық пен азаматтық сектор өкілдері тартылатын Сараптамалық Кеңес құрылатын болады. Жобалық топ жұмысын үйлестіру және қамтамасыз етуді Агенттіктің жауапты қызметкерлерінің арасынан анықталып басқаратын жобалық кеңсе жүзеге асыратын болады. «Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асырудағы пилоттық алаң ретінде елдің астанасын таңдау кездейсоқ емес, негізді. Соңғы жылдары Астана көптеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен амалдарды іске асырудың алаңы болды. Қала әкімшілігі пилоттық режимде нәтижесі оның екі есе артуынан күтілетін мемлекеттік қызметшілер еңбегінің өтелуі есебі кезінде факторлық-балдық шкаланы енгізді. Бала бақшадан орын бөлудің электронды кезегі енгізілді. Қаладағы іске қосылған «Open Akimat» жобасы азаматтарға кедергісіз және қолжетімді қызмет көрсетуі үшін жағдайлар жасады. Қазақстанда тұңғыш ашылған Астананың «Digital ХҚКО-ы» мемлекеттік қызмет алу кезінде тұрғындардың байланысын электронды форматқа көшіре отырып, қысқартты. Мемлекеттік кіріс, миграция органын, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, табиғи монополия субъектілері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін және тұрғындарға лайықты қызмет көрсету жағдайларын жасау үшін жағдайла- рын жасады. Қала әкімінің жалпы еңбек өндірімділігінің артуына бағдар алған мемлекеттік мекемесі жұмыс тиімдендіру, сонымен қатар бюджеттік ассигнациялауды тиімді қолдану мемлекеттік органдар санын 30-дан 21-ге дейін қысқартып, 125 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Сыбайлас емқорлыққа қарсы әрекет бойынша тиімді жұмыстың маңызды және анықтайтын факторы астана тұрғындарымен лайықты кері коммуникация және құқық қорғау органдарының жұмысына цифрлық технология енгізу болды. Пилоттық режимде басталған «Электронды хаттама» жобасы және бейне бақылау, талдау және болжам- даудың интеллектуалды жүйесі — Сергек жол қозғалысы саласында жемқорлық тәуекел төмендеуіне, сонымен қатар қылмысты 35%-ке төмендеп, жол–көлік оқиғаларының саны 30%-ке қысқартып ЖКО-да қаза болғандар мен зардап шеккендер саны екі есе қысқаруына алып келді. Көрсетілген тәжірибе қазіргі уақыттары өзгеруде және Қазақстанның барлық аймағында дамуда. «Астана – адалдық алаңы» жобасы нақтылы мақұлдауға модельдік үлгілерді және амалдарын өңдеуден кейін іске асыру тәжірибесі көпшілікке тарату және еліміздің барлық өңірлерінде практикалық тұрғыда енгізілуі күтілуде. Мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық менеджмент жүйесін енгізу мемлекеттік институттар жұмысы мен есептілігінің айқындылығын арттырады, басшылардың рөлі мен жауапкершілігін танытып, нәтижені дәл жоспарлауға, қолдағы адам ресурстарын барынша тиімді басқаруға және маңызды нәтижеге қол жеткізуіне персоналдарды уәждемелеуге, оперативті ақпарат негізінде негізді шешім қабылдап, туындаған ауытқулар мен тәуекелдерді басқару салдарын төмендетуге, жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды бақылауды, соның ішінде жемқорлыққа қарсы жүзеге асыруға, бағыттылықты мүмкіндік береді. Нәтижесінде тиімді салынған басқару есебінен бәсекелік елдік басымдылық күтіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сәтті іске асыру, мақсатты индикаторлар мен сандық-сапалық көрсеткіштерге қол жеткіу үшін, біріншіден, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және бақылау бағытындағы барлық жоспарланған іс-шаралар кешенін сатылы түрде іске асыру ұсынылады. Екіншіден, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері салалық ерекшеліктеріне қарай мақсатты индикаторлар мен сандық-сапалық көрсеткіштерін нақты белгілей отырып, ведомстволық, салалық және аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларын қабылдауы қажет. Үшіншіден, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың Бірінші кезеңінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау аясында берілген ұсыныстарды орындау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс. Төртіншіден, ұлттық заңнамаға халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу мақсатында уәкілетті орагандарға ұлттық заңнаманың ерекшелігін ескере отырып, терең және сапалы талдау негізінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес Стамбұл жоспарының мониторингін жүргізудің төртінші айналымы аясында ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің ұсыныстарын қабылдау мүмкіндіктері мен қажеттілігін қарастыру және келісілген жұмыс стратегиясын дайындау ұсынылады. Бесіншіден, орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігіне «Астана – адалдық алаңы» жобасын пилоттық іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне жобалық менеджмент принциптері мен элементтерін енгізу ұсынылады. Алтыншыдан, орталық және жергілікті атқарушы органдарға «Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыру тәжірибесін барлық мемлекеттік органар мен елімізің аймақтарына мультипликативті түрде тарату қамтамасыз етіледі. Жетіншіден, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның алтыншы бағытын іске асыру бойынша шараларды жетілдіру аясында уәкілетті мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіру мәселесін пысықтау; активтер мен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғалардың қайтарылуын қамтамасыз ететін екіжақты келісімдер аясында Қазақстан Республикасының басқа елдермен ынтымақтастығын күшейту бойынша ұсыныстар дайындау; режимін енгізу мәселесін қарастыру; Сегізіншіден, осы Баяндаманың жобасын талқылау барысында үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен ғалымдардан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылады: — мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық және басқа да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық аспектілерін ескере отырып, мемлекеттік органдарға азаматтарды өткізудің ашықтау мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарына смартфонмен өту және смартфонды қолдануға тыйым салуды енгізудің мақсаттылығы, заңдылығы және тиімділігі мәселесін зерделеу; республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын жұмсау туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жариялау бөлігінде ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнаманың талаптарын орындауды қамтамасыз ету.


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика