Жамағат көп жиылды

Күні , 1 494 рет оқылды

Ақ Жайық төріндегі «Орал» орталық мешітінде биылғы алғашқы тарауық намазына мыңнан аса адам жиналды.

Алла үйінің үлкен залында жиналған жамағатқа облыстық орталық мешіттің бас имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Рамазан айына арнаған құттықтау сөзін жеткізіп, Құран Кәрімді хатым ететін түрік елінен арнайы келген Сүлеймен қариды таныстырды. «Ұлық айды қалай қарсы аламыз?» деген тақырыпта уағыз айтып, сансыз сауапқа толы айды құр жіберіп алмай, уақытты тиімді пайдалануға, жамағатты игілікті істер жасауға шақырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика