«Қарлығаштағы» сәбилерге сый

Күні , 36 рет оқылды

Кәсіпкер  Асқар  Қабанов  Ақжайық  ауданындағы  Жаңабұлақ  ауылдық  округінің  тұрғындарын  игі  ісімен  қуантты.

Ол Жаңабұлақ орта мектебі жанындағы «Қарлығаш» атты шағын орталықтың ұзындығы 76 метр алаңына 1 млн. теңгесін шығарып, әдемілеп қоршап, екі жаппа (беседка) салып берді. Бұл іске қол күшімен ауылдық округ әкім аппараты, мектеп, мәдениет үйінің қызметкерлері, басқа да тұрғындар өз үлестерін қосты. Мысалы, дәнекерлеуші Асқар Журиновтің еңбегі зор болды.

– «Талпыныс» шаруа қожалығының жетекшісі Самархан Қажығалиев және «Аймекен» шаруа қожалығының жетекшісі Жақсыбек Құсайынов 50 бала тәрбиеленетін «Қарлығашқа» құны 150 мың  теңге болатын екі теледидар сыйға тартты, ардагер ұстаздар, зейнеткерлер екі «ОТАU ТV» қондырғысын алып берді. Шағын орталықтың ойын алаңына «Ақбота» шаруа қожалығының мүшесі Марат Ниязалиев пен ауыл тұрғыны Ерсайын Отаралиев өздерінің жүк көліктерімен құм түсіріп берді, – дейді Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  Айбат  Төлегенов.

Болат  ҚОСЖАНҰЛЫ,

Ақжайық  ауданы


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика