Қап тауынан келген мұсылмандармен жүздесу

Күні , 63 рет оқылды

Жуырда Орал қаласындағы «Достық» үйінде облыстық қайырымдылық бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, кәсіпкерлер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен БАҚ өкілдері, Ресей Федерациясы Шешенстан Республикасынан келген, «Рахьма» және «Даймохк» қайырымдылық қорларының жетекшілері Магамед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриев қатысты. Шарада Ғайса Қапақов келген қонақтарды таныстырып, кеңес отырысына сәттілік тіледі. Кейін «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Р. Хайрушева мен «Патриот» қоғамдық бірлестігінің өкілі Т. Чудобаев қайырымдылық шаралары жөнінде  баяндады. Ғайса Қапақов Қап  тауынан (Кавказдан)  Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке Ақ Жайық жұртының атынан шапан кигізді.

Шарадан соң орталық мешітке келген оларды ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы  Еркебұлан Қарақұлов жылы шыраймен қарсы алып, облыс көлемінде атқарылған діни шаралар жөнінде айтып, жамағатпен таныстырды. «Рахьма» қайырымдылық қорының жетекшісі, әрі имамы Магомед-Эмин Баснукаев сөз алып,  өткен ғасырда КСРО-да көптеген халықты күштеп жер аударғанын, тоталитарлық жүйе миллиондаған адамның  тағдырын  қиғанын  айтты. Тағдыр талайы қиын болған ұлттарға пана бола білген қазақ елінің жомарт пейіліне, дархан көңіліне, қонақжай төріне ризашылығын білдірді.  Кейін  жамағатпен бірге намаз оқыды. Бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке  алғысхат  табыстады.

Нұрлан   САМАТҰЛЫ,

 Орал   қаласы


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика