Асық ойнап, ләңгі тебуде

Күні , 234 рет оқылды

Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды  негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі білім сайыстарында олжа салып жүр. Елді мекендегі шағын мектептің өрендері сабақтан тыс уақытта мәдени-көпшілік шаралардан да тыс қалмауда.

Тәжірибелі ұстаз Қайыржан Ғатауов басқаратын ұжымда «Дулыға» ұлдар ұйымы құрылған. Осы ұйымның жетекшісі Үміткер Орынғалиев -өзіндік бастамаларға ұйытқы болып жүрген жас ұстаз.

Жуырда Үміткердің ұйымдастыруымен асық атып, ләңгі тебуден мектепішілік жарыс өтті. Ләңгі тебу сайысына 15 ұл қатысса, 12 өрен жұптасып  асық атудан жарысты. Қызықты да тартысты өткен сайыстан мәре-сәре болған ұлдар үзіліс кезінде осы ойындарды жалғастырмақ ниетте екен.

Сәндібек   Жомартұлы,

Қазталов   ауданы


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика