Өрт қаупі бар маусым басталды

Күні , 32 рет оқылды

Облыстағы ормандарда өрт қаупі бар маусым басталады.

Бұл маусым облысымызда сәуірден бастап қазанға дейін созылады. Ол  өрт қауіпті және өрт қаупі жоқ кезеңдер болып бөлінеді. Өңірде ең өрт қаупі күшейетін кез шілде-қыркүйек айлары.

  Ормандағы өрт оқиғалары көбінесе демалыс және мейрам күндері орын алады. Өйткені бұл күндері көптеген тұрғын өздерінің саяжай учаскелеріне және табиғатқа демалуға шығады. Орман өрттерін сөндіру – адам өміріне қауіп төндіреді әрі өте ауыр жұмыс. Тек өткен жылы облыстың орман қорында 17 орман өрті болып, 405,7 гектар орман аумағы отқа оранды. Орман қорына келген залал 2 296,4 мың теңге көлемінде бағаланды. Сол 17 орман өртінің 15-і мемлекеттік орман қоры аумағымен шекараласатын аймақтардан, яғни бақылаусыз дала өрттерінен болды.

Инспекция ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 367-бабына сәйкес азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ескертеді және келесідей: жеке тұлғаларға – 24 050 теңге, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 72 150 теңге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 120 250 теңге, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 360 750 теңге мөлшерінде айыппұл салады.

Ормандарда өртті болдырмас үшін мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін әрқайсымыз сақтауымыз керек:

– жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді;

– жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;

– аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;

– жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;

– іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар-жағармай құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады;

– өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орманшылар өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санатында шөптесiн өсiмдiктердi жағуға;

– орманды тұрмыстық қалдықтармен, қоқыстармен ластауға, орманға қоқыс пен құрылыс қалдықтарын төгуге болмайды.

Орманда от жағу үшін ені кемінде төрт метр минералды жолақтар жасалуы керек. Демалып болған соң, отты топырақпен мұқият көміп, ол  бықсып жанып біткенше су құйылуы керек. Орманда өрттің тұтануын байқаған кезде мына төмендегідей:

  БҚО ТЖД «СПиАСР» ММ                         101, 51-05-94;

  Орал қ. орман мекемесінің радиожайы            26-49-37;

  Жергілікті атқарушы құрылымы      50-92-70, 26-52-57;

  Аумақтық инспекция                                  51-40-76.

Міне, осы телефон нөмірлеріне міндетті түрде хабарлау қажет.

Альфия ЖӘҢГІРОВА,

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлімінің бас маманы


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика