Киік мүйіздерімен ұсталды

Күні , 68 рет оқылды

Батыс  Қазақстан  облысында  соңғы  күндері  киік  мүйіздерімен ұсталу  бойынша  қос  бірдей  оқиға  тіркелді.

ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлағанындай, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының инспекторлары аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдтік шаралар кезінде 6 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Қазталов – Жәнібек жолында «Фольксваген Гольф» автокөлігін тоқтатқан.

Автокөліктің рулінде Жәнібек ауданының 1992 жылғы тұрғыны болған. Көлікті қарау кезінде 68 дана киік мүйізі табылды.

Арада үш күн өткенде,  9 сәуірде сағат 21.50 шамасында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында «Лада 21214» автокөлігі тоқтатылды. Оның рулінде Қазталов ауданының тұрғыны отырған, сондай-ақ бір жолаушы болған.

Автокөлікті қараған кезде сөмкеден 37 дана киік мүйізі табылды.

Қос дерек бойынша Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Елжан  ЕРАЛЫ


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика