2.04.2018, 23:35
Қараулар: 270
Оқырмандар клубы ұйымдастырылмақ

Оқырмандар клубы ұйымдастырылмақ

Өткен  апта  соңында  облыс  әкімінің  орынбасары  Ғабидолла Оспанқұлов  бейресми  жағдайда  мектеп  басшыларымен  жүз­десті.  Оқушылар  және  жастар сарайындағы  ашық  диалог алаңын­да  білім   ошақтарының  басшыларымен  емен-жарқын әңгі­мелескен  Ғабидолла  Абдоллаұлы  мұндай  басқосуларды дәстүрге  айналдыруды  ұсынды.

– Білім ошағындағы қандай мәселелерді болса да, бірлесе шешуіміз керек. Бұл орайда «Мектеп директорларының клубы» жұ­мы­сын жандандыруымыз қажет. Бұл
клуб барлық мәселені ортақ қа­зан­ға салатын мектеп басшыла­рының бас қосар орнына айна­луы тиіс. «Елді түзетуді бала оқыту ісінен бастау керек» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі әлі күнге өз маңызын жоймағанын мойын­дауымыз керек. Кешегі ұйым­дастырылған «Математикалық регатаның» осы өңірден бастау алып, министрлік тарапынан қол­дау тап­қанына, олимпиада­да­ғы ұс­таздарымыздың жеңісіне ризашылық білдіремін. Ұстаз бойын­дағы са­йыскерлік қасиеттің білім сала­сында бәсекеге қабілеттілікті кү­шейтетіні анық, мұндай регатаны басқа пәндерден де өткізіп тұру керек, – деді  Ғабидолла Абдол­лаұлы.

Облыс әкімінің орынбасары тоқ­талған мәселенің бірі – цифрландыру жайы. Осы бағытта көп­теген семинар-тренинг ұйымдас­тыруды қолға алу керек. Бұл орайда облыстық білім басқармасы­ның басшысы Шолпан Қадырова­ның таяуда ҚР Білім және ғылым вице-министрі алдында цифрлан­дыру мәселесі бойынша есеп бер­генін айтып өтті. Өз кезегінде облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы да білім жүйесін басқару процесте­рін автоматтандыру қолға алынға­нын, осыған сәйкес балабақша­ларға кезекке тұру және жолдама беру кезегін автоматтандыру­дың жаңа стандарты бекітілгенін, мектептерге қабылдау, басқа бі­лім ұяларына ауысу электронды режімде іске асырыла бастайтынын мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары та­рапынан айтылған ұсыныстың бі­рі – оқырмандар клубтарын ұйымдастыру мәселесі.

– Ол үшін заманауи көркем әдебиеттің тізімі жасақталып, мектеп басшыларына осы тізім үлес­тірілуі керек. Әрбір мектеп басшысы өзінің кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеруі, заман ағымына ілесе алуы үшін үнемі жаңа маз­мұндағы кітаптарды оқуы және ізденіс үстінде болуы шарт. Бір айдан соң оқырмандар клубында бас қосып, оқыған кітапты тал­-
дауды әдетке айналдыруды ұсы­намын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

 

Айнагүл СӘБИЕВА,

облыстық  білім  басқармасының  баспасөз  хатшысы