30.03.2018, 22:40
Қараулар: 88
Жол қалпына келді

Жол қалпына келді

Сәрсенбі күні Бөкей ордасы ауданында еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті.

Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев­тың айтуынша, оқиға түстен кейін аудан орталығы Сайқын ауылынан 91 шақырым жерде, Бисен ауылдық округі аумағында облыстық маңызы бар Чапаев – Жаңақала – Сайқын жолының 317-шақырымында орын алды.
Қар қатты ерігендіктен, тұрба­дан өтіп үлгермеді ме, су жолдың үстімен өткен. Көп ұзамай, аталмыш жол бөлігі қалпына кел­ті­ріл­ді. Осы аралықты тиісті ме­­кеме­лер мен жергілікті полиция қыз­ме­ті бақылауға алды.
Айта кетейік, Жаңақала мен Сайқын арасында қатқыл табанды жол қатынасы жоқ. Сондықтан көктемгі және күзгі лайсаң кездерінде көліктердің қатынауы қи­ынға айналады.

 

Елжан  ЕРАЛЫ