Сәрсенбі күні Достық үйінде БҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының кезекті VI пленумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Астанадан арнайы келген мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов жиында кәсіподақ саласындағы өзгерістерді айта келіп, облыстық салалық кәсіподағының басшылығына Айгүл Есекенованы ұсынды. Көпшіліктің дауысымен Айгүл Оразқызы кәсіподақ төрайымы болып сайланды. Сондай-ақ кәсіподақтан шығарылғандардың орнына жаңа мүшелер де сайланды. Пленумда облыстық салалық кәсіподағының президиум мүшелерінің тексеру және тұрақты комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. Жалпы жиын барысында салалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің өзара ынтымақтастығы, кәсіподақ жұмысын жандандыру турасында сөз болды. Шара соңында облыстық салалық кәсіподақ пен ау-
мақтық кәсіподақтар бірлестігінің өзара әрекеттестігі туралы келісімге қол қойылды.
– Кәсіподақтар әрқашанда қоғаммен бірге тыныстап, заман талабына сай барлық мекемемен әріптестік қарым-қатынаста болып келеді. Алдағы уақытта да кәсіподақтармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, – деді жиынды қорытындылаған Ғабидолла Оспанқұлов.
Ясипа РАБАЕВА,
«Орал өңірі»
Қалдыру жауабы бар