1.03.2018, 15:26
Қараулар: 254
Абайлаңыз! ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ!

Абайлаңыз! ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ!

Орал қаласы бойынша жедел  вирусты В гепатінің   2 жағдайы тіркелді.

Вирусты  гепатит — вирустық  инфекция тудыратын бауырдың қабынбалы ауруы. Жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі. Қазіргі таңда мына вирусты гепатиттер -А,В,С,Д және Е толық зерттелген. А және Е гепатитіне шалдығудың себебі вирус адамға ауыз-нәжіс, тұрмыстық-қатынастық, алиментарлық, су жолымен таралады. Яғни, науқас жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда тағамға немесе суға вирус түсіп басқа адамға жұғуы мүмкін.

В, С және Д гепатиті  ауру адамнан парентералдық байланыс нәтижесінде  жұғады.

 В және С вирусы  аурудың созылмалы түрге ауысып және бауыр циррозына немесе біріншілік бауыр обырына әкеледі. Кейбір адамдарда инфекция жұққаннан кейін симптомсыз жүреді.

 Гепатит бауыр созылмалы  ауруға шалдықпайынша ондаған жылдар бойы ауру белгілерінсіз өтуі мүмкін. Сондықтан қазір гепатит ауруының «жасырын індеті» кеңінен тіркелуде.

Медициналық тексеріс кезінде анықталады, оған сырқаттанушының өзі бейхабар болуы мүмкін. Ондаған жылдар бойы ауру белгілерінсіз өту кезінде  науқас  айналасындағы адамдарға әр түрлі  жолдармен жұқтыруы мүмкін.

В гепатитіне қарсы екпе міндетті екпе ұлттық күнтізбесіне енгізілген.  Нәресте  дүниеге келгеннен кейін, алғашқы жылында үш екпе  салынады. Үш екпенің біріншісі перзентханада нәресте  дүниеге келеннен кейінгі 12 сағат  ішіңде егіледі. Екпе алғандарда жұқпаға  қарсы  иммунитет қалыптасады. С вирусты гепатитіне қарсы екпе әлі күнге дейін жоқ.

В және С вирусты гепатиттердің жұқтыру жолдары.

  • вирусты В және С гепатитімен ауратын науқаспен немесе қоздырғышты  тасымалдаушымен  есірткемен бірге пайдаланған кезде  жұғады
  • кездейсоқ жыныстық қатынас кезінде
  • сән салондарда құлақты тестіру, татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг жасау кезінде  құрал-жабдықтарды  қолдану арқылы
  • медициналық мекемелерде жұқтырылған қанды және оның препараттарын құйғанда, стоматологилық және медициналық  манипуляциялар  жасау  кезінде
  • Жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан  өту кезінде беріледі
  • Жеке бас тазалығын сақтайтын құралдарды жалпылай пайдаланған уақытта (маникюр құралдары, сақал қыратын ұстара, тіс щеткасы).

Вирусты В және С гепатитпен ауыратын науқаспен  қатынаста болғандар тексерістен өтіп, гепатит В-ға қарсы   толық екпе алуы қажет. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Орал қалалық  қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы

жетекші маманы                                                                          Дариға  Утесинова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар