1.03.2018, 15:23
Қараулар: 256
Туберкулез емделетін дерт

Туберкулез емделетін дерт

Туберкулез —  жұқпалы ауру, адам ағзасында туберкулездік бактериялар арқылы пайда болады. Бұл ауру көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ мидың, суйектердің, көздің, бөтекенің, шектердің және т.б. мүшелердің туберкулезі кездеседі.

Туберкулездік бактериялар ауырып қалған адамның өкпесінде өсіп көбейеді.Содан соң өкпе қабыну кезінде миллиондаған бактериялар бар каверна ошақтары пайда болады. Ауру адамнан сөйлегенде,жөтелу, түшкіру арқылы бактериялар қоршаған ортаға бөлінеді. Бұл бактериялар ауада бірнеше сағат өмір сүреді. Науқас ұзақ уақыт желдетілмеген бөлмеде (үйде, жұмыс кабинетінде,аурухана палатасында, автокөлікте,абақты камерасында) болса бактериялар көбейіп, басқа адамдар да ауа арқылы осы ауруды жұқтыру мүмкін. Студенттер арасында бұл аурудың болу себебі: миграция (көшу-қону), жаңа жерге адаптация, жүйкеге қатты салмақ түсуі, дұрыс тамақтанбау, жатақханаларда адамның көп болуы, темекі шегу, ішімдік ішу, материалдық жағдайының төмендігі әсер етеді.Және үйдегі, оқу, жұмыс бөлмелерінде   ауа  температурасының қатты өзгеруіне байланысты   адам ағзасына әсер етеді:біресе ыстық және салқындық гипоксия,жұмысқа қабілетсіздік, жұқпалы және т.б. аурулардың пайда болуы мүмкін.  Туберкулез ауруын флюорография, рентген арқылы және туберкулиндік Манту сынамасымен анықтайды. Туберкулездік бактерияларын анықтау үшін адамның қақырығын бактериоскопиялық әдіспен тексереді.

     Туберкулезбен ауырмау үшін:

1.Салауатты өмір салтын ұстану қажет; бұл дұрыс     тамақтану (ет, сүт, балық,көкөніс,жеміс-жидектер), физикалық қозғалыс, спортпен шұғылдану, темекі,ішімдік,нашақорлықтан бас тарту.

2.Дәрігерге уақытында қаралу.

3.Жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтіп тұру.

4.Жеке бас гигиенасын сақтау:  жөтелгенде, түшкіргенде ауыз –мұрынды жауып тұру.

5.Балаларды уақытында вакцинациялау.

6.Таза ауада, табиғат аясында көбірек болу.

7.Бөлмелерді жиі желдету.

8.Кез келген жерге түкіріп-қақырмау.

Туберкулез емделеді оның арнайы дәрілері бар, ауру тегін емделеді. Уақытында анықталған ауру тез жазылудың кепілі.

                                               Орал қалалық ҚДС басқармасының

                                                  жетекші маманы Ж.С. Нургалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар