1.03.2018, 11:34
Қараулар: 214
Технология арқылы оқыту

Технология арқылы оқыту


Лайықты әрі сапалы білім алу – оқушылар үшін өмірлік маңызды міндет. Мақсатқа жету үшін оқушылардың сабақ кезіндегі қызығушылықтарын арттырып, оқу процесін қызықты ету қажет. Осы мақсатта оқу орындарында интерактивті технологиялар мен қазіргі заманғы коммуникация құралдары қолданылады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқарамасы қызметкерлері Жедел құтқару жасағы қызметкерлерімен бірігіп «112» Шұғыл қызметі» және «Құтқару қызметтерін көрінеу жалған шақыру» тақырыбындағы өте байыпты және танымдық сабақ өткізді.


Интерактивті сабақ жүргізу барысында Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының орта білім беретін мектептері мен колледждерінің білім алушыларын «112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің барысымен таныстырды.

«112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардан төтенше жағдайлардың пайда болу алғышарттары немесе пайда болуы, өрт, өмірге қауіп төну және адамдардың денсаулығына зиян келтіру және басқа да шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайлар туралы хабарламаларды өз құзіреті шегіндегі шұғыл қызметтердің жауап беруі бойынша кезекті іс-әрекет үйлесімділігін жасайтын қабылдау және өңдеу қызметі.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері «112» телефон номерін терген білім алушыларға бірнеше міндетті ережелерді ескертті. Бірінші кезекте жауапты күту қажет – Сізге міндетті түрде жауап береді, қоңырауды лақтырып тастап сіз тек БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің жұмысын қиындатып (ол қоңырау шалынған номерге қайта қоңырау соғады) қана қоймай, сонымен бірге жауап күту кезегінің (әрбір қоңырау жаңа қоңырау ретінде қабылданады) ең соңына түсіп қаласыз. БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің сұрақтарына нақты және сабырлы жауап беру қажет. Қиын жағдайға түскен адам өз-өзіне ие бола алмай, өзінде және оның айналасындағы адамдарға не болғанын сауатты түрде түсіндіре алмай қалатыны белгілі жағдай. Осы кезде БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің жетелеуші сұрақтары болған жайдың толық бейнесін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісіне көп сұрақ қойғаны үшін ашуланудың қажеті жоқ, мұның орнына оларға қысқа әрі анық жауап берген жөн. Сондай-ақ, зардап шегуші немесе куәгер БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінен алынған барлық нұсқаулықтарды сақтауы қажет. Егер оқиға орнындағы жағдай өзгеріп кетсе (ушығып немесе жақсарып кетсе) «112» номеріне қайтадан қоңырау шалып бұл жөнінде хабарлау қажет.

Шұғыл жағдайға байланысты сізге типтік сұрақтар қояды:

оқиға болған орынның нақты мекенжайы және/немесе оның шамамен бағдары;

оқиға орнына жету схемасы;

сіз қоңырау шалып тұрған телефонның номері;

сіздің Т.А.Ә (аты-жөніңіз);

болған оқиға туралы, зардап шеккендер (егер олар болса) туралы  толық ақпарат.

Интерактивті сабақтың соңында қоңыраулардың маңыздылығын, шұғыл қызметтердің шақыру қызметін анықтама қызметі ретінде пайдаланудың қажет еместігін, сондай-ақ, шұғыл шақыруларды кішкентай балалардың жасамауын қадағалап немесе телефонның өзі еріксіз түрде осы номерді теруін болдырмау қажеттігін түсінді. Себебі бұл Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі №235 V Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 438 «Арнайы қызметтерін көрінеу жалған шақыру» бабына сәйкес әкімшілік айыппұл төлеуге әкеп соқтырады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД облыс тұрғындарына БҚО ТЖД БКДҚБ қызметкерімен аса маңызды емес сұрақ бойынша сөйлескен немесе олардың қоңырауы бойынша кері қоңырау шалуға мәжбүр болған кезде, басқа біреу нағыз кезек күттірмейтін көмекке зәру болып қалатынын ескертеді.

Батыс Қазақстан облысы
ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы