1.03.2018, 11:21
Қараулар: 212
Наиф мүфти медресенің жай-күйімен танысты

Наиф мүфти медресенің жай-күйімен танысты


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Алау Әділбаев Батыс Қазақстан облысында болып,  рухани білім ордасы «Орал»  медресесінің ұлағатты ұстаздарымен, діни ілім алып жатқан шәкірттерімен кездесті.


Алдымен  діни білім ордасының директоры Әлімхан Тұрлыбеков сөз алып, арнайы келген қонақтарды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Алау Әділбаев пен жаңа тағайындалған өкіл имам Еркебұлан Қарақұловты шәкірттерге таныстырды.

Наиф мүфти медресесінің шәкірттерімен танысып, сұхбат жүргізіп оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап медресе ұжымының  атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. «Бұл медреседе оқып жатқан шәкірттердің болашағынан үмітіміз зор, Алла қаласа, осы оқу ордасынан дінімізге үлкен үлес қосатын азаматтар  шығады деген үміттеміз», Алау Шайқымұлы деді. Сондай-ақ, кездесу барысында наиб мүфти Алау Әділбаев медресенің жай-күйін бақылап, алдағы уақытта медресемен тығыз қарым-қатынас орната отырып бірігіп жұмыс жасасақ, біз ала-алмайтын қамал болмас. Бір атаның баласындай жұмыла жүк көтерсек , асыл дініміз әлі-ақ қанатын кеңге жаяды, — дей келе, өзінің алға қойған ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп, медресе ұстаздарының істеріне сәттілік тіледі.

 Нұрлан Қабыкеш