1.03.2018, 11:10
Қараулар: 312
Өкіл имам имам-молдалармен жүздесті

Өкіл имам имам-молдалармен жүздесті


26 ақпан күні ҚМДБ-ның БҚО  бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов облыс, қала мешіттерінің имам-молдаларымен кездесті.


Жиналыс барысында өкіл имам Еркебұлан Ибрагимұлы  мешіт тынысымен тынысып, «Ислам және отбасы жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ел мешіттеріне белгілеп берген жұмыс жасаудың «төрт бағыты» туралы кеңінен тоқталып, қызметкерлерге аталмыш жұмыс бағыттарының бүгінгі ел өміріндегі мән-маңызына тоқталды.

Облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов: «Бәрімізге белгілі ҚМДБ жалпы өз жұмысын басты төрт бағытта жұмыс істейді. Олар: уағыз-насихат,  діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс жəне қайырымдылық істері.Әрбір имамның, әрбір қызметкердің жұмысы жоспарлы да жүйелі түрде болуын талап етемін.. Сол арқылы, құрметті имам-молдалар, біз халыққа асыл дінімізді, Ислам құндылықтарын Алланың үйінен ғана алуға, үйренуге шақыруымыз керек. Сонымен бірге, соған өзіміз атсалысуға тиіспіз»,-деді.

Мешіт имам-молдаларының атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіре келіп, бас имам мешіттің имам-молдаларының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақыттарда атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы бір қатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Осындай игі  шара  облыстық мешіт қызметкерлерімен  өз жалғасын тапты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ