Толағайларға табысты бәсеке тілейміз!

Күні , 1 165 рет оқылды


Оңтүстік Кореяның Пчёнхан қаласында өткізіліп жатырған XXIII Қысқы олипиадаға қатысушы спортшыларымызды  қолдау мақсатында өтетін шаралар жалғасуда. Ел намысын арқалап кеткен 42 спортшымыз дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол.


Спортшылар арасында облысымыздың белді спортшылары XXIII Қысқы олипиадада еліміздің көк байрағын желбіретер Абзал Ажғалиев пен шорт-тректен Қазақстан Республикасы құрама командасының капитаны Нұрберген Жұмағазиев бар.

Аса маңызға ие бұл оқиғаны «Жас Отан» ЖҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы да назардан тыс қалдырмады. Олимпиада алдында Мұз спорт сарайында, Абзал Ажғалиев білім алған М. Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектепте, Юность мұз айдынында бірқатар қолдау шараларын өткізілді. Спортшыларға сенім мен жігер берер бейнероликтер де дайындалып, ғаламтор желісінде жарияланды.

Үміт пен сенімді қатар алып жүрген спортшыларымыз үлкен дайындықтан өтіп, ендігі мақсаттарына айқын қарап, нық қадамдар жасауда. Біз өз кезегімізде толағайларға биік белестер мен үлкен жеңістер тілейміз!

Зарина Ықсанова,

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы менеджері



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика