Жаңа тағайындаулар

Күні , 65 рет оқылды


12 ақпан  күні  облыс  әкімі  Алтай Көлгінов  қаржы  басқармасының  ұжымына  жаңа  басшыны  таныстырды.


Айгүл Бақытжанқызы Салахатдинованың зейнеткерлікке шығуына байланысты  конкурстық комиссияның шешіміне және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымына Дулат Бауыржанұлы Имашев тағайындалды.

Дулат Бауыржанұлы Имашев  1978 жылы туған. Білімі – жоғары.  1999 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасында  жетекші,  бас  маман;

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық  қызметтің  сапасын  бақылау  комитеті Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  басқармасында  бас  маман;

– Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім  басшысы,  басқарма  басшысының  орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында  басшының орынбасары;

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының  орынбасары  болып  қызмет  атқарды.

*      *      *

Кеше  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  мемлекеттік  сатып  алу басқармасының  ұжымына  жаңа  басшыны  таныстырды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына Бибігүл Ниетқалиева тағайындалды.

Бибігүл Әбдіғалиқызы Ниетқалиева 1973 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бухгалтер экономист мамандығы  бойынша  тәмамдаған.

Ол Орал қаласының қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының  орынбасары;

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің  басшысы  болды.

Бұған дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының  орынбасары  болып  қызмет  атқарды.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика