Үштұғырлы тіл саясаты

Күні , 68 рет оқылды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиялық жоспары мерзімінен бұрын жүзеге асып, Қазақстанды бүкіл әлем таныды.


Президентіміз, 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек.  Снымен қатар,  қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік.Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі .Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз.

Осы «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы қазан айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Ал , 2007жылы Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын кезең –кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы мәдени жоба Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы болмақ. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Сондықтан, бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. ˝Ана тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол˝,- деп мәлімдеме жасады Елбасымыз Н.Назарбаев. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда , — деді елбасымыз.Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ. Халқымыздың үш тіл білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың жобасы болып табылады.

Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің бас маманы Г. Юсупова



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика