Ит жылы туған тұлғалар

Күні , 91 рет оқылды

Сырым  ДАТҰЛЫ (1712-1802) – қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Батыс Қазақстан облысының қазіргі Сырым ауданының аумағында өмірге келген. Тегі – Он екі ата Байұлына жататын Байбақты руынан. Сырым Датұлы өз халқын екі жақты езгіден, отарлық бұғаудан босату үшін күрескен қайраткер.

         

Ораз ЖАНДОСОВ (1898-1938) – мемлекет қайраткері, Алматы облысының Қаскелең ауданында өмірге келген. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды. Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуға атсалысты. 1937 жылы тамызда партиядан шығарылады да, жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы наурызда атылды.

       

Мәншүк  МӘМЕТОВА  (1922-16.10.1943) – Кеңес Одағының Батыры. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында  туған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрген. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында қан майданға кірді. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және батыл-дығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пуле-меттен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

   

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ (24.12.1910-10.06.1982) – Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16-шы армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясы), 1073 атқыштар полкінің және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И. В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Дивизия командиріне дейін көтерілген даңқты гвардия полковнигі Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя» т.б. роман, повестері бар.

   

kinopoisk.ru

Сильвeстр СТАЛЛОНЕ (06.07.1946) – көпке танымал американдық актер, режиссер, сценарийші, продюсер Фильмдері: «Капоне» (1975), «Полицейская история» (телехикая) (1975), «Бегство к победе» (1981), «Скалолаз» (1993), «Ангел мести» (2002), «Неудержимые» (2011) т.б.

             

Юрий ГАГАРИН – 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино деревнясында жарық дүниеге көрінген. Ұшқыш-космонавт, Кеңес Одағының Батыры. 1961 жылы 12 сәуірде Гагарин «Восток» кемесімен адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. 1968 жылдың 27 сәуірінде «МиГ-15» ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Тұңғыш ғарышкердің туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.

 

Дайындаған Ясипа РАБАЕВА


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика