7.04.2015, 7:40
Қараулар: 284
«Жайық толқыны» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«Жайық толқыны» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

 

DSC00518


Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті.


Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Орал өңіріндегі балалар туризмі орталығының құрылғанына 55 жылдығына орай оздырылған аталмыш фестивальға аудандық, қалалық “Жайық толқыны” өлкетану  фестивалі байқауының іріктеу кезеңінен өткен 14  команда құрамындағы 107 оқушы қатысты. Фестиваль қорытындысында «Жас суретші» аталымына ақжайықтық Дулат Дендер, «Жас шебер» аталымына бөрлілік Ерсұлтан Төлеубаев лайық деп танылды. Ал «Атамекен» қалалық балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмешісі Шолпан Мұқан мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығының үйірмешісі Кирилл Галянин «Жас ақын» аталымының жеңімпаздары деп  танылды.  «Жас қалам» аталымы бойынша проза саласының үздігі деп сырымдық Гүлден Сағидоқас аталса, «Жас талант» аталымына командалық есепте жаңақалалықтар басым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. «Жас костюмер» аталымын тасқалалық Бейнура Төкешева мен Альмира Танбаева иеленді.

Гүлсезім БИЯШЕВА


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар