Жаздық бидай орылуда

Күні , 25 рет оқылды


Биыл Ақ Жайық өңірінде 248,35 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілді. Соның ішінде 73,69 мың гектар алқапқа өткен жылы егілген күздік дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Барлық күздік дәнді дақылдардың әр гектарынан орта есеппен 23 центнерден (2016 жылы 26,6 центнер) өнім алынып, барлығы 166,58 мың тонна (2016 жылы 121,05 мың тонна) өнім жиналды.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынған мәліметіне сүйенсек, биыл облыста 175,83 мың гектарға (2016 жылы 169,96 мың гектар) жаздық дәнді дақылдар, соның ішінде 124,81мың гектарға (2016 жылы 122,57 мың гектар) жаздық бидай егілді. Өңір диқандары жаздық дәнді дақылдардың әр гектарынан орта есеппен 11 центнерден өнім алуда. Аудандар арасынан Бөрліде, Теректіде егін шығымдылығы жоғары, әр гектарынан 11,8 центнерден, ал Сырымда бұл көрсеткіш 11,5 центнерді құрайды. Егіннің шығымдылығы өткен жылғы көрсеткіш шамасында. Бөрлі ауданы егін орағын толықтай аяқтады.

Жаздық бидайды ору жұмыстарын Орал қаласы маңындағы шаруашылықтар да аяқтады. Егістік алқабы өзге аудандардан көлемділеу Зеленовта жаздық бидайды жинау 95,2 пайызды, Сырымда 96,4 пайызды, Теректіде 93,9 пайызды, Шыңғырлауда 83,1 пайызды, Тасқалада 72,4 пайызды құрайды. Облыс бойынша жаздық бидайды жинау жұмыстары 93,4 пайызды құрайды. Ал арпа дақылы өткен жылы 37,41 мың гектарға егілсе, биылғы көрсеткіш 42,89 мың гектар. Диқандар арпа алқабының 99,1 пайызын шауып, бастырған. Оның түсімі әр гектарынан 12,6 центнерден келеді.

Облыс диқандары барлық жаздық дәнді дақылдар алқабының 91,5 пайызын орып, бастырды. Өткен жылы сәйкес мерзімдегі бұл көрсеткіш 91,9 пайыз болатын. Қазір егін алқаптарында қауырт жұмыс. Ауа райы ашық болып тұрса, егінді жнау жұмыстары көп ұзамай аяқталмақ.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика