7.03.2015, 11:10
Қараулар: 107
Аналарға ән-шашу

Аналарға ән-шашу

2805


Кеше облыстық қазақ драма театрында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай концерт болды. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.


Облыс басшысы театр фойесінде жасақталған «Сұлу сөзбен сурет, өлеңмен өрнек салған арулар» атты кітап көрмесін тамашалады. Онда еліміздегі, соның ішінде Ақ Жайық өңіріндегі нәзікжанды ақынжазушылардың шығармашылығы қойылды.

Концерттік бағдарлама «Әлемді әлдиімен тербеткен…», «Балалардың бал тілегі», «Жыр жазамын әйелге…» атты бөлімдерден құралды. Ондағы Б. Бәбіжанның «Ару ғұмыр» атты әніне (орындаған Гүлмира Өтегенова) орай дайындалған сазды-хореографиялық көрінісі, облыстық қазақ драма театры актерларының көп балалы аналарға арнап сахналаған қойылымы, «Ақ ниет» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ана тақырыбындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өлеңдері көпшіліктің көңілінен шықты.

Мерекелік кешке Қазақстан Республикасының халық әртісі Мақпал Жүнісова, елімізге танымал эстрада жұлдызы Әділ Сламхан, ресейлік жас әнші Анна Ирхина арнайы келіп, әннен шашу шашты.


Cәкен МҰРАТҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар