Қасапшыларға арналған семинар

Күні , 32 рет оқылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Орал облыстық орталық мешітінде» қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атауымен оқу семинар болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов, аталмыш мешітінің наиб имамы әрі ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның БҚО бойынша өкілі Абдурашит Қарабаев, ұстаз Ринад Акимов, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Әсет Романқұлов қатысты.


Руслан қажы Тыныштықұлы мал союдың өзіндік мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларға өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. «Құрбан айт мерекесінің ауқымы жылдан-жылға ұлғайып, дәстүрлі дін құндылықтарына халықтың сұранысы мен ықылас-пейілі артып келеді. Айт мейрамдарының бүгінде бұқаралық сипат алғаны осыған дәлел. Санаулы күннен соң келетін мүбәрак мерекеде құрбан шалғысы келетін қала тұрғындарына кәсіби тұрғыда қызмет қылу – сіздерге жүктелген аманат. Қала әкімдігі осыған орай мал союға арнайы нысандар белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малын шариғи шарттарын сақтай отырып союға аса үлкен мән берілуі керек», – деді өкіл имам.

Семинарда «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Әсет Исламбекұлы құрбан шалудың шариғаттағы үкімдері мен талаптарын қасапшыларға кеңінен түсіндірді. Артынша қасапшыларға семинардан өткендігін дәлелдейтін сертификаттар берілді.

Шариғи үкімдер жан-жақты тарқатылған семинардан тәлім алған қасапшылар өкілдік ұйымдастырған шараға ризашылық білдірісіп, құрбан шалу барысында семинардан үйренген сабақтарын іске асыратындықтарын жеткізді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика