7.03.2015, 9:20
Қараулар: 98
Келді көктем нұрын төккен…

Келді көктем нұрын төккен…

2810_0


Қабылдауға Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, медицина, білім беру, мәдениет, құқық қорғау және тағы да басқа салалардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студент жастар шақырылды.


— Осы залда отырған ақ жаулықты аналар, ардақты апалар, аяулы қыз-келіншектер, баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және біздің шақыруымызды қабыл алып, ұйымшылдықпен жиналғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Тәуелсіз елімізді көркейтіп, экономикасын нығайтуға осы отырған барлығыңыздың қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар екені ақиқат. Біздің қоғамда әйелдердің орны ерекше. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – ақын, әйел – қоғам қайраткері. Әсіресе, мен ортамызда отырған Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің қаһармандық ерліктері мен қажырлы еңбектері үшін оларға басымды иіп, үлкен алғыс сезімімді білдіремін. Биылғы жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, ҚХА-ның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекелерін атап өтеміз. Осы мерекелі күндері бүгінгідей көтеріңкі көңіл күйде кездесейік, қашанда айдай сұлу, күндей нұрлы жүздеріңізден шуақ шашып, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер, — деді облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы.

Дастарқан басына жиналғандар кезекпен сөз алып, мерекелік тілектерін ақтарды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Лидия Губанова, Алевтина Митрохина, тыл ардагері, 95 жастағы Ермекова Қаламсия әженің жүрекжарды тілектері ешкімді де жайбарақат қалдырмады.

Салтанатты шара барысында Нұрлан Ноғаев ақын Ақұштап Бақтыгерееваға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерекелік құттықтауын табыс етті.

Мерекелік шараға жиналғандарды Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова құттықтады.

Шара соңында қабылдауға қатысушыларға облыс әкімі атынан гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлық табыс етілді.


Еламан ӘЙПІШЕВ,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген Медет ДОСУМОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар