12.03.2015, 10:04
Қараулар: 24
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Келісім беретінімді мәлімдеймін»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Келісім беретінімді мәлімдеймін»

nurotan-page-1403847908


Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVI сиезі өтті.


Партияның кезекті сиезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында өңірлік конференцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару құрылымдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Сиез делегаттары «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің және Орталық тексеру-бақылау комиссиясының есепті кезеңдегі жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ олардың мүшелері сайланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді атап көрсетті.

– Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс әсер етуіне жол бермеу керек. Екіншіден, даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, әрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау керек. Төртіншіден, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізге төнген жаһандық сын-қатерлерге өзгеше және қуатты тойтарыс беру керектігін атай отырып, бес институционалдық реформа ұсынды.

Олар – заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет.

Қазақстан Президенті аталған реформалардың жиынтығы мемлекетті нығайту және оны әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін жағдай туғызатынына назар аударды.

– Бұл – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жолы. Бес институционалдық реформаның әрқайсысы – зор міндет және ел үшін орасан жұмыс. Мұндай реформаның табыстылығы билік пен халықтың табанды ерік-жігері арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Ұсынылған шаралар қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформалар кешенінің жүзеге асуын үйлестіретін болады. Осылайша, біздің алдағы жылдарға арналған негізгі міндетіміз – осы бес институционалдық реформаны іске қосу және біртіндеп жүзеге асыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше күннің ішінде ел азаматтарынан, еңбек ұжымдарынан, білім мекемелерінен, қоғам-дық бірлестіктерден кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірген және одан өзінің кандидатурасының ұсынылуын өтінген көптеген хаттар мен хабарламалар алғанын айтты.

– Қазақстанның және қазақстандықтардың игілігі жолындағы менің еңбегіме берілген жоғары баға үшін барлығына көп рақмет айтамын. Өз халқыңның мұндай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін сиез мінберінен менің атыма жылы лебіздер айтқан баршаға шын жүрегімнен ризамын. Мен алдағы сайлауға «Нұр Отан» партиясынан президенттікке кандидат ретінде түсуге келісім беретінімді мәлімдеймін. Мен сіздерді, серіктестерімді – «нұротандықтарды», барша қазақстандықтарды тағы да жұмылып, жеңіске жетуге шақырамын. Біздің ортақ рухани күш-қуатымыз бен биік мұратымыз – Мәңгілік ел. Ол біздің XXI ғасырдағы дамуымызға прогресс қуатын дарытатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Сиезде мемлекет және қоғам қайраткері К. Сағадиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, партияның Саяси кеңесінің мүшесі А. Башмаков, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстандағы бөлімшесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А. Бақтыгереева, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Р. Ошақбаев, «Тайынша Астық» ЖШС бас директоры А. Рафальский, Алматы облысы Іле ауданының М. Мақатаев атындағы орта мектебінің директоры Г. Нәдірбекова,

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Ю. Пя, «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС-ның бас геологы А. Дәулетов, Павлодар облысының ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Э. Паули, айтыскер ақын Б. Шойбеков сөз сөйледі.

Сөйлеушілер Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы, қалыптасуындағы және нығаюындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті. Олар сондай-ақ еліміздің басты құндылықтары –егемендікті, тұрақтылықты, бақ-берекені, дамуды және болашаққа  ұмтылуды да Мемлекет  басшысымен  байланыстырды.


(akorda.kz сайтынан)

 


Анатолий БАШМАКОВ, Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының  орынбасары:

– Қазiргi сыртқы геосаяси және экономикалық тәуекелдердiң әсерiне қарамастан, бiздiң мемлекетiмiз аяғында нық тұр және өзiнiң тұрақтылығын, өз халқының өмiр сүру деңгейiн лайықты сақтап қалып отыр.

Бүгін билiк партиясы атынан сайлауға қатысу үшін  Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылып, маңызды шешiм  қабылданды  деп  ойлаймын.


 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,

ақын:

– Бүгінгі жиынның жөні бөлек. Мыңжылдықтар тоғысында өз егемендігін алып, өз тарихын жазған қазақ тарихының бүгін тағы бір жарқын бетін жазуға жиналып отырмыз. Алашқа арман болған жаңа ғасырдың еркіндік тізгінін ұстар кезде, кешегі «қайта құру» деп аталатын тарихтың сын кезеңінде халық өзінің тұңғыш президентін жазбай танып, сайлап алды. Сол қуанышты тағы да бөліскелі келіп отырмыз. Қасиетті атамекендегі еліне кие, халқына ие болатын азамат кез келген уақытта туа бермейтініне, ол бақыт кез келгеннің маңдайына жазылмайтына куә болдық. Біз ел сенімін арқалайтын, халқының алдында борышын дәлелдейтін ұлдың – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін көрдік, білдік. Соны бүгін біз әлемге  қайта  мақтана  айтуға  келдік.

Бүгін қазақ даласында ғана емес, бүкіл әлем аузында «Нұрсұлтан – Қазақстан, Қазақстан – Нұрсұлтан» деген ұғым бар. Байлығы мол даламызды бүкіл әлемге танытып, тереземізді теңестіргеніңіз үшін, біздің аспанымыздың ашық, өміріміздің бейбіт болуына өзіңізді кепілдікке қойғаныңыз үшін бүкіл халық сізге тағы да сенім артып, президенттікке қайта сайлаймыз деген тілегін алып келіп отырмыз. Осы тілегімізді қабыл алыңыз. Сіз ұлы саясаткердің, өз ұлтын сүйетін ұлағаттылық  пен  даналықтың  үлгісін  көрсеттіңіз.  Біз  соған  ризамыз.


 

Қырымбек  КӨШЕРБАЕВ, Қызылорда

облысының  әкiмi:

– Бүгінгі жетістік «болдым, толдым» дегенді білдірмейдi, ел алдында барды баянды ету мақсаты тұр. Көштің іркіліссіз ілгерілеуі үшін Елбасының да кедергiсiз, алаңсыз жұмысына жағдай жасау қажет. Алдағы сайлау елдік парасат пен намыс, жауапкершілік сыналар сәт. Әрбір қазақстандықтың Елбасыға деген құрметі мен риясыз көңілі – тарихи сында шыңдалған шынайы сенімінің белгісі. «Халыққа қамқор, елге жанашыр, жерге ие, әлсізге жақ, дауға әділ болып ғаламның бабын, істің ретін,  елдің сәнін келтірген сізге кәміл сенеміз.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар