«Құл иеленушілер» ұсталды

Күні , 107 рет оқылды

Адам-есиртки-мен


Жуырда БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жыл сайынғы  азаматтарды заңсыз жұмысқа салған тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу мақсатындағы жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.


Шара облыс аумағында азаматтарды еңбекке пайдалану үшін заңсыз бас бостандығынан айырумен байланысты қылмыстардың алдын алу және қарапайым тұрғындарды аталмыш қылмыс түрінен хабардар ету үшін қолға алынған болатын. Осы мақсаттағы «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қаладағы қонақүйлердің бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды. Сол қонақүйде швейцар-күзетші ретінде қызмет атқаратын 1992 жылғы  М. есімді азамат 4 мың теңге көлемінде ақшаға Жандос есімді жігітке ақылы жыныстық қызмет көрсету үшін екі қызды ұсынған. Ал Ақсай қаласының 1962 жылғы К. есімді азаматы сол қаланың 1958 жылғы тұрғынын бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікке заңсыз жұмысқа салған. Аталған факті бойынша Бөрлі АІІб-да ҚР ҚК-ның 128-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жедел шара барысында  ҚР ӘҚтК-ның 449-бабына сәйкес алты әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар 2017 жылғы 27 маусым күні БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына (ҰҚҚКБ) Бөкей ордасы ауданындағы қыстақтардың бірінде екі азаматты заңсыз еңбек күші ретінде қолданып жүргені туралы хабар келіп түсті.  Жедел іздестіру негізінде БҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері Теректі және Қазталов ауданының екі азаматын заңсыз жұмсаған және оларға күш көрсеткен 1944 жылғы  Р. есімді азаматты құрықтады. Аталмыш дерек бойынша Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінде Қазақстан Республикасы ҚК-ның 126-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика