Бай өлке Егіндікөл атырабы…

Күні , 140 рет оқылды

DSC_0795


Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Қаратөбе ауданындағы  Егіндікөл ауылдық округі көркемөнерпаздарының «Ауылым – айтылар ән-жырым» атты концерті өтті.


Рухани кеш аталмыш ауылдың перзенті, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллиннің жетекшілігімен жасалған Егіндікөл тарихы туралы бейнебаянды тамашалаудан басталды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған дәстүрлі шарада егіндікөлдік өнерпаздар шарықтата ән шырқап, мың бұрала би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, Қайнар Ешматұлының домбырада орындауындағы халық әні «Ақкербез», Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза қыз», Нысанбаевтар әулетінің орындауындағы әке туралы ән, Ербол Ғазиев орындаған Гүлзира Серғазының «Егіндікөл» әні, сондай-ақ жас бүлдіршіндер шырқаған әндер көрермен қауымға ерекше көңіл күй сыйлады. Қаратөбе ауданынан облыс орталығына көшіп келген егде жастағы тұрғындар өнерпаздарға ақ батасын жаудырып, ұйымдастырушыларға деген шынайы ризашылық сезімдерін білдірді. Бір кездері мәдениет саласында қызмет етіп, ақындар айтысына қатысып, өз өнерін аудандық, облыстық деңгейде талай мәрте паш еткен, бүгінгі таңда зейнет жасына жетіп, Бөрлі ауданында тұрып жатқан егіндікөлдік Қайырбай Нұрханов сахна төріне көтеріліп, кештен алған әсерін өлең жолдарымен жеткізді.

«Бай өлке Егіндікөл атырабы,

Бұлағы жер астынан атылады.

Тамаша табиғаты, жері нулы,

Аққұмың – бір шежіре, жатыр әні.

Деген бар нені ексең, соны орасың,

Өнерің – бір сыбаға, қонақасың.

Өнерің болмаса егер елім менің,

Көңілің ел көшкендей тоналасың.

Болмаса Шыңғыс айтқан мәңгүрт болып,

Судай боп құмға сіңген жоғаласың.

Өнерлі жас ұрпақтар өсе берсін,

Сыпырған қыран құстай томағасын!» – деп тебіренді Қайырбай ақын.

Кеш соңында орталық директорының орынбасары Рысханым Мұқасқызы Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне алғысхат табыс етті.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Тегтер: , , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика