Бір велошерушіге – «ЭКСПО»-ның екі билеті

Күні , 81 рет оқылды

в2в1


– Астана қазіргі кезде еліміздің мәртебесін асқақтатуда. Елорданың мерейлі күні мен «ЭКСПО» көрмесі құрметіне өткен велошеруге 500-ге тарта тұрғын қатысты. Қаламызда спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлінуде, – деді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев шеру мәресі белгіленген П. Атоян атындағы стадионда.


Шарада велошеруге қатысушылар арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Бес адамның әрқайсысына «ЭКСПО» көрмесіне екі билет, спорттық киімдер және «Жайық самалы» жүзу  бассейніне  тегін  жолдама  берілді.

– Орал қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жеңіл атлетикамен айналысамын. Велосипедпен жүру бойыңды  ширатып, қан айналымына жақсы әсер етеді. Көпшілік велошеру көңілді өтті, – деді спорттық  шараға  қатысқан  Дәурен  Салықов.

Өз  тілшіміз


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика