«ЭКСПО-ға бірге барайық!»

Күні , 55 рет оқылды

IMG_2670-12-06-17-11-32


Өткен сенбіде «БҚМУ Ақиқат пікірталас орталығы» жастар бірлестігі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «City center» ойын-сауық орталығында «ЭКСПО-ға бірге барайық!» атты акция ұйымдастырды.


Шараның мақсаты – батысқазақстандықтарды Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға шақыру. Акция барысында 70 ерікті жас тақырыптық киімдер киіп, флешмоб биін ұйымдастырды, өңіріміздің жас өнерпаздары әннен шашу шашты.

– Кеше ғана теледидардан ауқымды көрменің ашылу салтанатын тамашаладық. Ал бүгін қала тұрғындары мен қонақтарына үш айға дейін жалғасын табатын көрме туралы ақпарат беруді жөн көрдік. Осылайша облысымыздың барша тұрғынын мемлекетіміздегі маңызды бастаманы қолдауға шақырамыз, — дейді жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Арайлым Бақытжанова.

Кеште ойын-сауық орталығы қонақтарының назарына концерттік нөмірлермен қатар танымдық бағдарламалар ұсынылды. Шара жүргізушілерінің мәлімдеуінше, 17 маусымда «Астана Арена» алаңында американдық әртіс Крис Браунның, ал 2 маусымда американдық поп әнші Бритни Спирстің ән кеші өтеді. Шілденің алғашқы күнінде Ресей эстрадасының «Би-2» және «Муммитроль» рок топтары, ал 8 шілдеде ресейлік әнші әрі продюсер Тимати және оның «Black Star» тобының мүшелері өнер көрсетеді. 27 маусымда «Славян базары – 2015» байқауының бас жүлде иегері, «I am singer – 2017» Қытай байқауының 2-орын жүлдегері Димаш Құдайбергенов жеке концертін бермекші.

Шараға арнайы қатысқан «Otyrar travel», «Мир путешествий», «Азия тур», «ОралИнТур», «Гермес-Тур» секілді туристік компаниялар мен агенттіктердің өкілдері Астанаға баруға ниет білдірген жандар үшін белгілі қызмет түрін көрсетуге дайын екендігін айтты.

– «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме аясында тұрғындарға танымдық бағдарлама ұсынудамыз. Бағдарлама қызметіне жол жүру, орналасу, үш мезгіл тамақтану ақысы кіреді. Сонымен қатар туристеріміз Елорданың көрікті жерлерін және «ЭКСПО – 2017» көрмесін гид-экскурсоводпен бірге аралай алады. Туристерді үш жұлдызды «Данияр» қонақүйіне орналастырамыз. Жеті күнге есептелген қызметтің құны ересектерге пойыздың плацкарт вагоны арқылы 48 780 теңге, балаларға 44 800 теңге, ал купе вагондары арқылы жетемін деуші ересектерге 55 570 теңге, балаларға 48 950 теңге, — дейді «Free city» туристік компаниясының кеңесшісі Рәмзия Безекенова.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИЕВА,

«Орал өңірі»


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика