Өңіріміздің намысын қорғайтындар белгілі болды

Күні , 62 рет оқылды

IMG_7103


Облыстық қазақ драма театрында «Мен – қазақпын!» атты мегажобасының іріктеу кезеңі өтті.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодты сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту  туралы айтқан болатын. «Салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», — деді. Осы ретте атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мен – қазақпын!» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Осыған орай жобаның іріктеу кезеңіне өңірімізден 30 үміткер қатысып, өз бақтарын сынап көрді.

— Бабамыздан қалған мұрамызды әрі қарай дамыту мақсатындағы жобаға үміткерлер көптеп қатысуда. Бұл шараның негізгі міндеті әр облыстан үш адамнан таңдалып алынады. Олар күй, ән және терме жанры бойынша алдағы уақытта республикалық «Мен – қазақпын!» мегажобасында өз өңірінің намысын қорғайтын болады. Байқаудан өткен үш өнерпазды тәлімгер ретінде біз дайындайтын боламыз, — дейді қазылар алқасының мүшесі, дәстүрлі әнші  Өмірқұл Айниязов.

Сонымен «Мен – қазақпын!» мегажобасының аймақтық байқауында үздік шығып, келесі кезеңде Ақ Жайықтың намысын Ақылбек Бектасов (үздік күйші), Жәнібек Ғайнетдинов (үздік жыршы), Данияр Елеуов (үздік дәстүрлі әнші) қорғайтын болды.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика