19.04.2017, 21:32
Қараулар: 55
Ағаш егуге атсалысайық!

Ағаш егуге атсалысайық!

PRI_0326


Сәуірдің 22-сі күні облыстық сенбілік шеңберінде «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» республикалық акциясы өтеді.


Облыстың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру деңгейін көтеру мақсатында ағымдағы жылдың 12 сәуірі мен 12 мамыры аралығында облыстық санитарлық-экологиялық айлығы жарияланды. Осы кезеңде облыстың елді мекендері мен оларға іргелес аумақтарында көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Санитарлық-экологиялық айлықты өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспарда облыстық басқармаларға, аудандық әкімдіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға ұжымда және жергілікті тұрғындар арасында айлыққа барынша толық және тиімді қатысуды ұйымдастыру ұсынылды. Кәсіпорындар және ұйымдар басшыларымен сенбіліктер өткізу туралы кеңестер өткізілді. Осыған орай 22 сәуір күні облыстық сенбілік аясында «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» республикалық акциясы өтеді.

Бүгінгі күні барлық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде екпе материалдарының жеткілікті көлемі бар.

Облыстағы кәсіпорындарды, ұйымдарды және тұрғындарды екпе материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында 20-21 сәуір күні сағат 10.00-16.00 аралығында «Ер ырысы» базарында кеңейтілген жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкеде ағаштардың қылқан жапырақты, ағаш және бұталы тұқымдарының көп және сапалы ассортименті ұсынылатын болады.

Жасыл желекті қалыптастыру маңызды жұмыс болып табылады. Облыс, қала, ауданның әр  тұрғыны, әсіресе, жастар ағаш отырғызуға, оларды күтіп және баптауға бір кісідей қатысулары қажет.

Облыстың тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысып, облыстың көгалдануы мен абаттандырылуына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар