19.04.2017, 20:33
Қараулар: 47
Сақтандыру мәселелері талқыланды

Сақтандыру мәселелері талқыланды

20170418_162551


«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсот Құлжановтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері туралы кеңейтілген отырыс өтті.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жүргізген жиынға түрлі мемлекеттік құрылым, департамент және басқарма басшылары, сондай-ақ студент жастар қатысты.

Жиын барысында Мақсот Кәрімұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың заңдық тұрғыда бекітілген негізгі ерекшеліктері туралы баяндап, қойылған сауалдарға жауап берді.

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап жүргізіле бастайды. Сондықтан аталмыш қор бүгінгі таңда белсенді жұмыс жасауда. Қазақстанда тұратын және жұмыс жасайтын шетел азаматтары да еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттемелерді сақтай отырып, міндетті сақтандыру жүйесіне қатысатын болады. Ал шетелде өмір сүретін Қазақстан азаматтары да аталмыш сақтандыру жүйесіне жарна төлеуге міндетті. Халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігі төлейтін ай сайынғы  жарна ең төменгі жалақының бес пайызын құрамақ. Дәрі-дәрмекпен қамту жүйесі өзгереді. Тегін берілетін дәрілердің көлемі артады. Бұрын дипломаттар және оған теңестірілгендер аталмыш сақтандыру жүйесіне қосылмайтын. Ал жаңа заң бойынша Қазақстанда жұмыс жасайтын дипломаттар медициналық сақтандыру жүйесіне қатыстырылады. Жалпы айтқанда, заңдағы барлық өзгеріс міндетті сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын нығайтады. Қордың барлық қаражаты Ұлттық банк шотында сақталатын болады, – деді Мақсот  Құлжанов.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар