24.03.2017, 19:45
Қараулар: 57
Денсаулық саласында жаңа басшы

Денсаулық саласында жаңа басшы

Канат Тосекбаев


Конкурстық  негізде  және  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық сақтау  министрлігінің  келісімімен  Қанат  Дүйсенбайұлы  Төсекбаев  Батыс  Қазақстан  облысы  денсаулық  сақтау   басқармасының  басшысы  болып  тағайындалды.


Қанат ТӨСЕКБАЕВ – 35 жаста, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік медициналық университетін 2005 ж., Ганновер жоғары медицина мектебін  2008 ж. бітірген. АҚШ-та қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша іс-тәжірибеден өткен. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.

Еңбек  жолын  «Жедел жәрдем»  қызметінде  фельдшер  болып  бастаған.

2008-2009 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысының кеңесшісі;

2009-2010 жылдары «Астана медициналық университеті» АҚ бас маманы;

2010-2013 жылдары Астана қалалық «Жедел жәрдем» стансасында бас дәрігер;

2013-2015  жылдары  «Санаторий  Алматы» АҚ  басшысы.

2015 жылдан бері Алматы қалалық балалар инфекциялық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет істеді.

Қанат Дүйсенбайұлының емдеу ісінде, денсаулық сақтау саласында, басқарушылық  жұмыста  іс-тәжірибесі,  ұйымдастырушылық  қабілеті  бар.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар