24.03.2017, 19:36
Қараулар: 36
Мерекеге арналған жәрмеңке

Мерекеге арналған жәрмеңке

0ea04b6a-e435-46e4-ad3d-d1ae83a6f416


Орал  қаласындағы  М. Ықсанов  көшесінің  бойында  Наурыз  мерекесіне орай ауыл шаруашылығы  және  азық-түлік  өнімдерінің  жәрмеңкесі  өтті.  Жәрмеңкеге қала және  облыс  аудандарының   тауар  өндірушілері  қатысты.


–  Бүгінгі азық-түлік жәрмеңкесіне 51 сатушы өз тауарларын шығаруға ниет білдірген еді. Алайда қазір 80-нің үстінде сатушы келді. Жәрмеңкеге сегіз аудан қатысуда. Қазталов, Ақжайық аудандары ет, Зеленов ауданы бал, май өнімдерін әкелді. Теректі ауданынан өсімдік майы келді. Тауарлар базар бағасымен салыстырғанда 10 пайыздай арзан. Соғым біте келгесін болар, негізінен ет өнімдеріне сұраныс жоғары екені байқалып тұр. Балық тоғандардан тікелей әкелінуде. Сиыр етінің келісі 1200, қой еті 1100 теңгеден сатылуда, – деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор  меңгерушісі  Қайрат  Төлеуішов.

– Мұндай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны тұрғындар үшін тиімді. Азықтүлік бағалары көңілден шығады. Базардағымен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Жылқының таза етінің келісін 1500 теңгеден сатып алдым, – дейді қала тұрғыны  Владимир Яковлевич.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар