15.03.2017, 21:15
Қараулар: 78
Шаһарлықтар шаттанған күн

Шаһарлықтар шаттанған күн

PRI_8725


Орал  қаласының  орталығындағы  Дина  Нұрпейісова көшесінде  ежелгі  дәстүр – Көрісу  күнінің  құрметіне  тұңғыш рет  театрландырылған  қойылым  көрсетілді.


Шаһар әкімі Нариман Төреғалиев мерекеге жиылған жұртшылықты қазақы салт-дәстүр бойынша амандасып қарсылады. Облыстық және қалалық өнер ұжымдары мерекелік қойылым арқылы ұлтымыздың үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, татулық, бауырмалдық сынды байырғы қасиеттерін паш етті. Ақсақалдар қауымы мереке қонақтарын мол жайылған дастарқан басында қарсылады. Қыз-келіншектер келушілердің бәріне бірдей ұлттық тағамдарымыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды. Мейрам ұйымдастырылған алаңда қазан көтеріліп, буы бұрқырап жатты. Жастар жағы үлкендермен сыпайы түрде амандасып, құрмет көрсетті.

– Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын! Жастарымыздың ежелгі дәстүрді құрметтеп осындай шара ұйымдастырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Ынтымақ салтанат құрған жерде ғана үлкен жетістіктерге, гүлденіп дамуға қол жеткізуге болады. Әр жанұяға амандық пен ашық аспан тілеймін! – деді шарада көпшілікті мерекемен құттықтаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов.

Өз  тілшіміз

PRI_8610PRI_8763

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар