1.03.2017, 20:42
Қараулар: 188
Үш батыр қызға ескерткіш

Үш батыр қызға ескерткіш


Алдағы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Оралдағы Достық даңғылында қазақтың үш батыр қызына ескерткіш орнатылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.


Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов­тың айтуынша, 2015 жылы ақпан айында батыр қыздарға композиция орнату жөнінде мәселе көтеріліп, арнайы комиссиямен бес жоба қаралды. Таңдау мүсінші Нұрлан Далбайдың жобасына түсті. Биіктігі бес метрлік ескерткіш композицияда ортада Мәншүк Мәметова, оның екі жағына Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованың бейнелері сомдалған. Композиция Астанада қоладан құйылу­да. Жобаға 139 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Ал Мәншүктің бұрынғы ескерткіші реставрацияланып, одан кейін аудандардың біріне беріледі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар