1.03.2017, 20:41
Қараулар: 79
Діни әдебиет таратқанға 106 мың теңге айыппұл

Діни әдебиет таратқанға 106 мың теңге айыппұл


Өткен жылдың желтоқсан айында облыстық дін істері басқармасына Орал қаласының көшелерінде бір азамат діни мазмұндағы әдістеме материалын таратқандығы жөнінде хабар түсті. Алынған шаралардың нәтижесінде Теректі ауданының Подстепный ауылында тұратын Серікқали Құмарғалиев деген азаматтың заңбұзушылық жасағаны анықталды.


Заңды түрде тіркелме­ген «Евангельдік христиан баптистер шіркеуі» қоғам­дық бірлестігінің мүшесі болып табылатын ол ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы­ның 9-бабын бұзған, яғни тиісті емес жерде діни маз­мұндағы әдебиеттер тарат­қан. Соған орай бұл материал Орал қаласының мамандандырылған әкім­ші­лік сотына жолданды. Таяу­да сот қаулысы шығып, С. Құмарғалиев ҚР ӘҚБтК-ның 490-бабының 1-бөлі­мі­нің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жа­за ретінде 50 АЕК (106 050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Облыстық дін істері бас­қармасының бөлім басшы­сы, заңгер Әділ Нұрмұқа­новтың айтуынша, мұндай деректер 2015-2016 жылдары да тіркеліп, кінәлі деп танылғандар да дәл осындай әкімшілік жазаға тар­тылған. Онда бірақ ислам дініне қатысты материалдар тәркіленіпті. «2015 жы­лы біз ғаламтордағы ОLХ жүйесі арқылы планшет та­ратқан жанды анықтадық. Онда балаларды Құран оқу­ға үйретеміз деген желеу­мен діни мазмұндағы материалдары бар гаджеттер тегін таратылған. Артынан біз төрт планшет тәркіле­дік, — дейді Әділ Амантай­ұлы. — Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйекте­гі №166 қаулысына сәйкес өңірімізде діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы орындар белгіленді. Ондай орындар Орал қаласында және барлық аудан орталықтарында бар. Мәселен, бұл бағыттағы материалдарды облыс ор­талығындағы «Оптима» дү­кенінен (Фрунзе көшесі, 49) алуға болады».

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар