1.03.2017, 20:21
Қараулар: 92
Шашу шашып, дәм ұсынды

Шашу шашып, дәм ұсынды

IMG_0530-01-03-17-05-56


1 наурыз – Алғыс  айту күнінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қаламыздағы темір жол бекетінде арнайы акция ұйымдастырды.


Шарада ұлттық киім киген ұл-қыздар «Алматы – Мәскеу» бағытындағы пойызбен жол жүріп келе жатқан жолаушыларды көңілді әуенмен қарсылап,  оларға шашу шашып, ақ  пен бауырсақтан дәм татқызды.

– Алғыс айту күнінде қаламызға келген қонақтарымызды жастар болып қарсы алғымыз келді. Бұл пойыз біздің бекетте жарты сағатқа ғана тұрақтайды. Сол уақыт аралығында алыс сапардан келе жатқан жолаушыларға қазақтың қонақжайлылығын паш етіп, олардың көңілін бір серпілтіп алуды көздедік. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға шүкір етеміз, қуанышымызбен басқа да ұлт өкілдерімен неге бөліспеске?! – дейді облыстық жастармен жұмыс жасау ресурсының басшысы Кенесары Нұршин.

Жүздеріне күлкі үйірілген ресейлік жолаушылар оралдық жастарға  алғыстарын жаудырып, естелік суретке түсіп жатты. Солармен бірге Мәскеуге кетіп бара жатқан Мереке Жүнісова ерекше сезімге бөленгенін айтты.

IMG_0531-01-03-17-05-56– Мен Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Өзім таэквондомен кәсіби түрде айналысамын. Қазақстан құрама командасының мүшесімін. Ал қазір Алматы қаласында өткен жарыстан жеңімпаз атанып, Ресейдің Мәскеу қаласына кетіп бара жатырмын. Көктемнің алғашқы күнінде бізге тамаша көңіл күй сыйлаған шараның ұйымдастырушыларына ризамын. Шет елде өтетін жарыста кеңпейіл халқымның қолдауын сезінетін боламын, бұл мен үшін зор демеу болды, – дейді жас спортшы.

Айым  ТӨЛЕУҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар