1.03.2017, 20:20
Қараулар: 90
754 бос жұмыс орны ұсынылды

754 бос жұмыс орны ұсынылды

IMG_7176


Орал  мұнай, газ  және  салалық  технологиялар  колледжінде жоғары  және  орта  оқу  орындарын  бітіруші  түлектерге  арналған бос  жұмыс  орындары  жәрмеңкесі  өтті.


Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Жас маман» жобасы аясында өткен жәрмеңкеде жұмыс іздеген жастардың қарасы көп болды. Жастардың уақытында жұмыспен қамтылуын мақсат еткен жәрмеңкеге Орал қаласы бойынша 25 жұмыс беруші 255 жұмыс орны және облыстың 10 ауданынан 499 жұмыс орны, барлығы 754 бос жұмыс орындары ұсынылды.

– Бұл жәрмеңке «Жас маман» жобасы аясында өтуде. Қазір мұнда жастар ресурстық орталығының кеңесшілері мен жұмыспен қамту орталығының мамандары, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалының мамандары, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының кеңесшілері жәрмеңкеге қатысушы жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін кеңестер беруде. Бұл жерде жастардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Жәрмеңкеге оқу орнын биыл бітіргендер ғана емес, былтырғы түлектер де қатыса алады, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бастығы Кенесары Нұршинов.

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар