Несиеге мал емес, «Тойота» алған

Күні , 52 рет оқылды


Таяуда  облыстық  прокуратура “Аграрлық несие корпорациясы”  мен “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-лары  облыстық  филиалдарының  агроөнеркәсіп кешені саласында  несие беруді  жүзеге  асыру кезінде ҚР заңнамаларының  қолданылуына қатысты тексеріс жүргізді.


Тексеріс шарасы кезінде аталмыш филиалдардың бюджет қаражаттарының пайдаланылуын тиісті деңгейде бақыламайтындығы анықталды.

Соның нәтижесінде жекелеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алынған қаражаттарын мақсатсыз жұмсап отырған. Мысалы, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның облыстық филиалымен өңірдегі жеке кәсіпкердің біріне 5 бас аналық ірі қара малын, 50 бас ұсақ мал және жемшөп сатып алуы үшін 3 млн. теңге несие берілген. Бұл несие қаражатына  қарыз алушы «Тойота» маркалы  автокөлігін  сатып  алған.

Екінші жағдайда бір шаруа қожалығы “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның БҚО филиалымен 55 бас аналық ірі қара алу үшін 9 350 000 теңге несие рәсімдеген. Алайда бұл малдардың 16-сы оның иелігінде бұрыннан болған.

Осы тексеріс нәтижесінде облыстық прокуратурамен жоғарыда аталған ұйымдар мен БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне заңбұзушылықтарды жою туралы (несие талаптарын бұза отырып пайдаланылған ақша қаражаттарын қайтару және кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері туралы)  ұсыныс  енгізілді.

Сондай-ақ несиені мақсатсыз пайдаланудың үш дерегі бойынша тексеріс материалдары процестік шешім қабылдану үшін БҚО бойынша мемлекеттік кірістер  департаментіне  жолданды.

Облыстық  прокуратураның баспасөз  қызметі


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика