Мұрағат: 20.11.2018


Өрт қауіпсіздігі кейінге қалдырылмайды

Күні: , 26 рет оқылды

Тұрғын үй немесе пәтер болсын – бұл біздің әрқайсымыз өзімізді толық қауіпсіздікте сезінгіміз келетін орын. Алайда, тұрғындардың өздері қарапайым ережелерді қаперіне алмастан тұратын жерлерін жалыды оттың алдында әлсіз етеді, осылайша өзінің ғана емес жақындары мен көршілерінің өміріне қатер төндіреді. Дәл осы себептен де Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үнемі профилактикалық аралау өткізеді, оның мақсаты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін үйрету, сондай-ақ облыс тұрғындары арасында тұрмыстағы қауіпсіздік шаралары көрсетілген жаднамаларды тарату болып табылады.

2018 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша өртте 5 адам мерт болып, 23 адам жарақаттанды. Мерт болған және жарақаттанғандардың көпшілігі тұрғын секторына келеді, олардың үйлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығын жойып, өрт кезінде не істеу керектігін түсіндіріп бірнеше мәрте келген еді.

«Көп үйлерде ең бірінші көзге түсетіні – эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ретсіз үйіп тастау, бұл өз кезегінде пәтер мен үйден жылдам шығу қажет болса біршама кедергі келтіреді. Өрт кезінде болатын ащы және қара түтін ғимараттан шығуға біраз тосқауыл болса, ал жолдағы осындай кедергілер арқасында мүлдем шыға алмай қалуың мүмкін. Пештер мен электр құралдарын пайдаланудағы бұзушылықтар көп, оған қоса үй иелері де үйде, тіпті кей кезде мас күйінде темекі шегіп жағдайды ушықтырып жібереді» — дейді БҚО ТЖД Өрт бақылау саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мамандары.

Үйлерді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі туралы техникалық білімдер таратылады, өрт сөндірушілер мен инспекторлар азаматтардың санасын жоғарылатады. Үй мен пәтер иелерінің қалыптасқан мәселеге назар аударып, «үй ошағын» оттан қорғау бойынша шара қабылдайтын уақыт жетті емеспе?! Бұл әркімнің қолынан келетін шаруа. Өрт сөндіргіш сатып алып, арнайы жабдықталмаған орындарда темекі шекпесе, балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып отырса, «пеш пен электр құралдарын пайдалануды «тәртіпке келтірсе» келеңсіз жайттар болмайды. Оған қоса өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі туралы жаднама әкеліп,  мамандар өз кезегінде азаматтарға мына ережелерді естеріне салады:

Есте сақтаңыз, от жаққан кезде мыналарға ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ:

— пештің есігін ашық қалдыруға;

— отынды жағу үшін жеңіл тұтанатын заттарды қолдануға (керосин, жанармай және т.б.);

— сызаттар мен тесіктері бар пешті пайдалануға;

— жанбайтын материалдан жасалған пеш алдындағы қаңылтырсыз пешті  пайдалануға (қажетті мөлшері 0,5х0,7 м);

— пеш жанында түрлі жанғыш материалдар жинап, пеш үстіне заттар кептіруге;

— жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;

— пешты балалардың жағып, олардың қарауына қалдыруға;

— сөнбеген күлді үй жанына тастауға;

Улы газбен уланып қалмас үшін мұқият болып және пештегі көмір толығымен жанып кеткенше құбырды (жапқышты) жаппау қажет.

Құрметі азаматтар, егер де сіздер пешті қолдансаңыз пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыздар! Бұл үйдегі пешпен қоса моншада, шаруашылық құрылылыстарындағы пештерге де қатысты. Жарамсыз болғандығын анықтап, кейінге қалдырмай жөндеу керек. Пешті жөндеген кезде кәсіби пешші-мамандарға қаратыңыздар! Өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз, үйіңіздегі пеш тек жылулық пен қуаныш сыйласын!

Электр құралдарын (жабдықтарын) пайдаланған кезде мыналарды орындау қажет:

-Электр құралдарын пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығу қажет, онда мазмұндалған талаптарды бұзбауға тырысу керек. Әр құралдың пайдалану мерзімінің болатынын есте сақтау қажет, ол орташа есеппен 10 жылды құрайды. Оны мерзімінен асыра пайдалану оқыс оқиғаларға әкеп соғуы ықтимал;

-Электр сымдарын, розеткаларды, қалқаншалар мен жылытқыштың вилкасын үнемі тексеріп отыру қажет;

-Қысқаша тұйықталудан қорғайтын заманауи құрылғыны пайдалану;

-Құралдың жағдайын үнемі қарап отыру қажет: уақытында жөндеп, сынып қалса тетіктерін ауыстырып отыру керек. Босап қалған немесе бүлінген штекерді, сақтандырғышты ауыстырып отыру керек;

-Өндірістік тәсілмен жасалған құралдарды ғана пайдалану керек, бүлінген, қолдан жасалған заттарды пайдаланбаңыз;

-Штекердің розеткаға толығымен кіргеніне көз жеткізіңіз, әйтпегенде электр құралы қызып кетіп, өтртің шығуына себепкер болуы ықтимал.

Мыналардың ҚАУІПТІ екенін есте сақтаңыз:

— Көзге көрініп тұрған оқшаулағышы бүлінген электр сымдары мен кабелдерді пайдалану;

— Бүлінген розетка, рубильник, өзге де электр құралдарын қолдану;

— Электр шамдарын қағазбен, матамен немесе өзге жанғыш заттармен орау;

— Қалпақтары шешілген үстел шамдарын қолдану;

— Жылудан қорғайтын құрылғысы жоқ, сондай-ақ термореттеушісі жарамсыз электр қыздыру заттарын қолданбаңыз (үтік, шәйнек, пеш);

— Электр қыздыратын заттарды қосып қараусыз қалдыру;

— Электр қалқаншасы мен қозғалтқыштардың жанында жанғыш заттарды қою;

— Авариялық немесе өзге де уақытша жұмыстарға арналмаған ұзартқыштарды, уақытша сымдарды қолдану;

— Желі сымдарын кілем немесе өзге заттардың астына жіберу;

— Сымдардың үстіне ауыр заттарды (мысалы, жиһаз) қоюға болмайды, себебі құрал қызып кетіп өрт шығуы ықтимал;

— Қатарынан бірнеше энергияны тұтынатын затты қоспау, себебі электр желіге артық жүктеме болады.

Өрт туындаған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз!

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы

бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының

өртті мемлекеттік бақылау тобының бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Талғат Темірғалиев


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика