Мұрағат: 13.11.2018


Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Күні: , 27 рет оқылды

Электрлік жарықтандыру және жылыту құралдарынан болатын өрттер мен жанулардың алдын алу.

Электр желісінен өрттің пайда болуының басты себебі қысқа тұйықталу, желідегі шамадан тыс жүктеме. Бұл жағдайлар болмас үшін электрөткізгішті ақаусыз күйде ұстап, ал қысқа тұйықталу және желінің артық жүктемесі (бір мезгілде бірнеше электр құрылғысын бірден қосу) кезіндегу жануға жол бермес үшін бөліп таратқыш қалқанда зауытта жасалған калибрленген сақтандырғыш әрдайым болуы тиіс. Егер электр желісіне «Жучок» жуан сымынан жасалған сақтандырғышты қоссаңыз, ол қысқа тұйықталу кезінде балқымайды. Сәйкесінше, «қорғаныс» жұмыс істемейді, ал желі ток астында қалады.

Бұл жағдайда сымдар балқуға дейін қызады, оқшаулау (қабық) тұтанып, ұшқындар мен от айналасындағы жанған заттарға өтіп, өрт туындайды. Әр уақытта заводттан шығарылған сақтандырғыштарды ғана қолдану осы үшін қажет. Қысқа тұйықталу электрөткізгіште де болуы мүмкін. Сондықтан да ол ақаусыз күйде қолданылуы керек.

Өрт электр лампасынан да туындауы мүмкін, себебі вольфрамның талшықтары қызған кезде көп жылу шығарады. Мұндай жағдай болмас үшін, электрлампалары  қағаз бен матадан жасалған абажурларға жанаспауы тиіс.

Өрт көбінесе зауыттан шығарылған және ақаусыз болатын тұрмыстық электр құралдарынан да туындап жатады. Егер электр желісіне бір мезгілде осындай құралдардың бірнешеуін іске қосса, онда бұл электрөткізгіштердің артық жүктелуі мен қатты қызуын туындатады. Оқшаулау (қабық) тұтанып, от өткізгіш бойымен түрлі заттарға таралады. Өрт бір электрлік қыздырғыш құралын (үтікті, шәйнекті, жылытқыш құралды және б.) дұрыс қолданбағаннан да болуы мүмкін. Сондықтан желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыруға немесе оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады. Құралды жанулы күйдегі заттарға қоюға болмайды, сондай-ақ, оларды перделерге, ағаш қалқандарға және басқа оңай жанғыш заттарға жақын жерде қосуға болмайды.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Ақаулы пеш жылытқышынан болатын өрттер мен жанулардың алдын алу.

Пеш жылытқышы өрт қауіпсіздігінің мәні неде? Ең алдымен, пешті отынмен жағу кезінде температура 600-800 градусқа жетеді, бұл пеш қабырғалары мен мұржасының қатты қызып кетуіне әкеледі. Егер ғимараттың ағаш бөліктері (бөренелер, қалқандар, едендер, төбелер және басқа да жанғыш құрылымдар мен материалдар) пеш пен мұржаның қабырғаларымен тығыз жанасып тұрса  — дұрыс бөлшектенген болмаса — олар жнауы мүмкін.

Өрт болмас үшін пеш кірпіш немесе тастан қалаған болуы тиіс. Ғимараттың ағаш конструкциялары мен пеш пен түтіндіктің жылыту бөліктері арасында жуандығы бір жарым кірпіштен кем болмайтын, яғни 38 см  кірпіштік ажырату орнатылады.

 Егер пештің есігінің алдында өлшемі 50х70 см-ден кем емес пеш алды металл қаңылтыр болмаса, жанып жатқан көмір еденге түскеннен өрт пайда болуы мүмкін.  Пешті міндетті түрде есікті жауып және үнемі ересектердің қарауымен жағу керек. Жанғыш материалдарды пештің алдына, пештің үстіне, пеш пен қабырғаның арасына қоюға болмайды. Пешті ұзақ уақыт бойы қыздырудың қажеті жоқ, өйткені қабырғаның шамадан тыс қызуынан жарықшақтар пайда болып, шатырда ұшқындар ұшып, олар тез жанатын заттарға түсіп, өрттің пайда болуына себеп болады. Сондықтан түтіндіктің қабырғалары мұқият балшықпен майланған және әктелген болуы керек. Егер түтіндікте жарықшақ пайда болса, ол бірден байқалады, себебі сол арқылы күйе ене бастайды.

Кейбір тұрғындар пешті тұтандыру үшін керосин немесе бензин пайдаланады, ал бұл жазатайым оқиғаларға душар етеді. Пеш жағар кезде тұтанғыш сұйықтық лезде лаулайды да пештен жалын ұшқындап өрт пайда болады.

Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтіндіктің жай-күйін тексеріп, оны жөндеп, күйені тазалаңыз, жарықшақтарды майлап, шатырдың ішіндегі түтіндікті әктеңіз. Пештер мен түтіндіктерді жөндеу және қайта салу кезінде білікті пеш қалаушыларды шақыру қажет.

Өрттің себебі кеңейту кіші бактарының дұрыс емес құрылуы, құбырларды дұрыс орнатпау және олардың дұрыс қымталмауы болуы мүмкін. Көбінесе кеңейту кіші бактары үйдің шатырына орнатылады, ал кейбір азаматтар оларды және құбырларды оларға сәйкес келетін жанғыш материалдармен (шүберекпен, үгінділермен) қымтап, жанғыш негізге орнатады, бұл көбінесе өртке әкеледі.

Бактың ішіндегі су қатып қалса: суды жылыту үшін алауды, дәнекерлік лампаны (паяльникті) қолданады. Су жылынады, отты өршітіп, нәтижесінде қымтау мен үйдің шатыры жанады.

Су жүйеден кетіп, әрі қарай қыздыру кезінде жылдам булану басталады. Бұл жағдайда кеңейту багі қатты қызады, содан кейін қыздырғыш жанып, үй өртенеді.

 Осы себеппен өрт тумас үшін кеңейту багін отқа төзімді негізге орнатып, оны тек отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалмен қаптау керек.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

ӨҚСБжПҚБ


Орал құтқарушылары ескертеді!

Күні: , 25 рет оқылды

Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтаңыздар! Тек бірлескен күшпен ғана өрт санын азайтуға, адамдардың қаза болуын болдырмауға болады.

Жылыту маусымында өрттердің алдын алу мақсатында:

— тұрғын үй-жайларыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болсын;

— күн сайын тұрмыстық жылыту пештерінің жағдайын тексеріңіз;

— тұрмыстық пештерді тез тұтанатын сұйықтықтармен жылытпаңыз;

— газ пештерін жылыту үшін қоспаңыз;

— қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;

— үйден шығар алдында газ бен электр жабдықтарының сөндірілгенін тексеріңіз;

— жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ, кішкентай балаларға оларды қадағалауды тапсырмаңыз;

-отын жағатын жерде отын мен көмірді сақтамаңыз;

— пешті қыздырмаңыз;

-пештеншығарылатын күл мен қоқысты сумен сөндіріп, қауіпсіз орынға шығару қажет;

— сізге тиесілі үй-жайлар мен құрылыстарды заңмен белгіленген тәртіпте лауазымды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеруін қамтамасыз етіңіз.

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау – сіздің амандығыңыздың кепілі, сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтау. Есіңізде болсын, адамдардың бейқамдығы, отты ұқыпсыз пайдалану күтпеген зардаптарға әкелуі мүмкін.

Тұрғындардың тұншықтырғыш (иісті) газбен улануының негізгі себептері — соғылған түтін мұржалары, пеш конструкциясының жарылуы, ақаулы пеш жабдықтарын пайдалану, жабық жапқыш немесе тартпаның болмауы. Жылыту кезеңі басталғанға дейін үй-жай шегінде қабырға және түтіндік арналарын, әсіресе, шатырдағы түтін мұржаларын тексеру, мұржаларды жиналып қалған күйеден тазалау, пештің үстіне заттар мен дымқыл отынды кептірмеу қажеттігін тұрғындардың есіне саламыз.

Батыс Қазақстан облысы

ТЖД ЖҚЖ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика