Мұрағат: 30.10.2018


2 мың тонна ет – экспортқа

Күні: , 49 рет оқылды

Өңіріміздегі Ресеймен шектесетін кейбір ауыл-аудандарға қарағанда, шекарадан алшақтау жатқан аудандардың ет экспорттауға деген құлшынысы ерен.

Елбасы Жолдауларында ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде етті сыртқы нарықтарға шығаруды 2,5 есеге ұлғайту міндеті қойылғаны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, биылғы тамыз айынан бергі уақытта мемлекеттік шекара сызығынан алшақтау жатқан үш аудан шаруаларының ет экспорттауға деген ұмтылысы қарқынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақовтың айтуынша, Қаратөбе ауданындағы «Сатыбалды» шаруа қожалығы (жетекшісі – Е. Мұқанов) Ресейдің Самара қаласына 10 тонна ірі қараның етін шығарып үлгерді. Жаңақала ауданындағы «Бірлік» мал зауыты» ЖШС (жетекшісі –  Қ. Ешімов)  көршілес ресейліктерге 15 тонна, Ақжайық ауданындағы «Батыс Нық» мал сою пунктін жалға алып отырған «Batys Meat» ЖШС 19 тонна ет өткізді. Тек осы үш ауданның ет экспортына қосқан  үлесі  44  тоннаны  құрап  отыр.

Биыл батысқазақстандық тауар өндірушілер сыртқа 2 мың тонна ет шығаруды жоспарлаған. Бүгінде ол 1 915 тоннаға жетіп, 95,8 пайызға орындалған. Ал қой етін сыртқа шығару көлемі 180 тонна болса, қазіргі уақытта 494 тонна ет экспортқа шығарылып, межені үш есеге жуық артығымен орындауға қол  жеткізілген.

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал  өңірі»


Агроөнімдерді экспорттау 31,6 млн. долларға жетпек

Күні: , 26 рет оқылды

Қазанның 1-інен бастап «Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру» атты жаңа тұжырымдама күшіне енді.

Соған орай БҚО ауыл шаруашылығы басқармасында  өткен алқалы жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов бұл тұжырымдама Елбасының биылғы Жолдауына негізделіп әзірленгенін атап өтті. Бұл құжат ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін, өңделген өнімді экспорттау көлемін арттыруды мақсат тұтады. Мәселен, аталмыш саладағы еңбек өнімділігі ақшалай көрсеткіш бойынша өткен жылы 1,1 млн. теңге болса, 2022 жылы ол 2,6 млн. теңгеге жуықтауы керек. Ал өңделген агроөнімді сыртқы нарыққа шығару былтыр 15,8 млн. долларды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 31,6 млн. долларға жетуі тиіс. Сондай-ақ АӨК-тің жалпы өнімін (қызметін), салаға инвестиция тартуды екі есеге дейін көбейту де жоспарда бар.

Жиынға қатысқан мемлекеттік құрылым, қаржы институттарының өкілдері, шаруашылық жетекшілері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, осы бағдарламада айтылған нәтижеге қол жеткізу үшін алда тұрған жоспарларды талқылады.

Мәди ЫҚЫЛАС


Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңды факт туындағаннан кейін міндетті түрде алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізіңіз

Күні: , 22 рет оқылды

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес заңды факт (мысалы мәмілені нотариалды куәландырғаннан кейін, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, басқа да құқықбелгілейтін құжат берілгеннен кейін) туындағаннан кейін жылжымайтын мүлікке меншік құқығы міндетті түрде 6 айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуге жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің белгіленген мерзімін бұзуы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 460-бабымен көзделгендей, ескерту жасауға әкеп соғады.

Ескерту түрінде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет жеке тұлғаларға – 10 АЕК (24050 теңге), заңды тұлғаларға – 20 АЕК (48100 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бірақ, ҚР ӘҚБтК 811-бабына сай тұлға 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерін төлеуге құқылы.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

Осыған байланысты, әкімшілік жазаны болдырмау үшін азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын уақытылы тіркеу қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жылжымайтын мүліктің орналасқан мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на немесе нотариуске жүгінуге болады.

Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын

ұйымдастыру бөлімінің басшысы  А.Амангельдина


Қызметте Президент Жолдауы талқыланды

Күні: , 18 рет оқылды

Қазақстан Республикасының халқына Президенттің Жолдауы – ол елдің одан әрі негізгі бағыттары анықталған, басты мақсаттары қойылған, Қазақстанның жаңа даму белестеріне нақты қадамдар жасау үшін құралған нақты бағдарламалық құжат.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 қазанында Қызметте2018 жылғы      5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылауға арналған «Нұр Отан» партиясының өкілі Исламғали Архат Жұбайұлымен кезедсу өтті. Архат Жұбайұлы  жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталғандығын, мемлекет басшысы қоғамның ең өзекті мәселелерін қозғағаны жөнінде, оның ішінде,  халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы – міне, осы 6 мақсатты ҚР Президенті барлығының алдына қойғандығы жайында түсіндіру жұмысын жүргізді.  Президенттің Қазақстан халқына берген бұрынғы Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған болатын.Онда Нұрсұлтан Назарбаев төртінші индустриалды революция әлемінде табысты навигация және бейімделу үшін республикадағы мемлекеттік органдар мен азаматтар үшін нені жүзеге асыру керектігін анықтады. Оған ел дамуының 10 басым бағыттары кірді.

«Біздің стратегиялық мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық. Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жарияладық. Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік. Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз» деп Елбасымыз айтқан еді.

Елбасының қазіргі үндеуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне қатысты.

Қызмет қызметкерлері Архат Жұбайұылының Елбасы Жолдауы жөнінде өткізген түсіндірме жұмыстарын аса үлкен қызығушылықпен тыңдады, маңызды Жолдауға арналған түсіндірме жұмыстарына алғыстарын білдіріп және өз уәкілеттері шегіндеоларды іске асыру үшін барлық күш-жігерін салатындарына сендірді.

«Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика