Мұрағат: 23.10.2018


Қауіпсіздік ережелері сақталмайды

Күні: , 24 рет оқылды

Балық аулау – бұл демалысқа, табиғатқа шығуға, таза ауамен тыныстап, адреналинмен қуатталуға, балықтың әрбір қабуынан оң эмоциялар алуға тамаша себеп. Алайда, кез келген су айдыны ол үш жерден жақсы таныс әрі мұқият зерттелген орын болса да – бұл жоғары қауіп-қатер орны.

Өкінішке орай, көпшілігі балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Мәселен, 2018 жылдың 21 қазанда сағат 16.10-да Зеленов ауданы Рубежка ауылы, Жайық өзенінде «БҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ күштерінің 4 қызметкері, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы 20 қызын күні балық аулау кезінде суға батып кеткен 1966 жылы дүниеге келген азаматтың денесін тауып шығарды.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Құрметті облыс тұрғындары БҚО ТЖД төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Сіздерге балық аулауға шықпас бұрын туғандарыңызға баратын жеріңіздің шамамен орнын және келетін уақытыңызды хабарлауыңызды ескертеді.

Балық аулау белсенді демалыстың тамаша түрі, бірақ қарапайым қауіпсіздік шаралары сақталмаса ол қауіп тудыруы мүмкін. Жинақылық, өзгермелі жағдайға адекватты әрекет ету сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Қауіпті жағдай келесідей факторларда орын алуы мүмкін:

1.Балық аулаудың алдында немесе аулау кезінде алкоголді ішімдік ішу;

2.Көктемгі және күзгі кездегі салқын су;

3.Жүзе білмеу;

  1. Қатты жел және толқын (ағыс);

5.Тәуліктің қараңғы уақыты;

  1. Жағада немесе қайықта жалғыз балық аулау.

Жағада тұрып немесе қайықта отырып балық аулағанда қауіпсіздіктің негізгі ережелерін ұмытпау қажет.

Қармақпен балық аулау кезінде адамға түрлі қауіптер төнеді. Кез келген су айдыны, тіпті көптен білетін айдын да қандай да бір мөлшерде белгілі бір қауіп-қатер орны болады. Сондықтан балық аулайтын әрбір әуесқой қарапайым қауіпсіздік шараларына үнемі көңіл бөліп, оны сақтағаны жөн.

 Қайықта отырып қайық аулаған кезде қайыққа отырмас бұрын қайықты тексеріп, ескектердің, рулдердің, ескек тұтқалардың, құтқару шеңберінің және су құюға арналған бақыраштың бар-жоқтығына көз жеткізу қажеттігін естен шығармау керек.

  Міндетті түрде құтқару жилетін киіңіз!

  Қайыққа мінгенде тақтайдың ортасына басып міну қажет.

  Орындыққа біркелкі отыру керек.

  Қайықтың бүйіріне (бортына), бір орыннан екіншісіне ауысып отыруға, бір қайықтан екіншісіне көшуге, қайықты теңселтуге, қайықтан түсіп шомылуға және сүңгуге мүлдем болмайды.

  Аса қажеттілік болмаса қайықта түрегеліп тұруға болмайды. Тіпті лақтырма қармақпен (спинингпен) аулау кезінде де бұл сайманды отырып қолдануды үйрену керек, ал оны үйренуге әбден болады.

Көбінесе тік жарлы учаскеден  балық аулау қызықтырады, себебі осындай тұңғиықтарда көбінесе ірі балықты, әсіресе жыртқышты аулауға болады. Бірақ тік және ағыспен шайылған жаға кенеттен бұзылып балық аулаушы суда қалуы немесе оны опырылған топырақ жауып тастауы мүмкін. Сондықтан мұндай жерлерде ерекше сақ болған жөн. Егер сіз жаға шетінен ұзына бойғы (жаға бойынан) жыра байқасаңыз – бұл қауіптің айқын белгісі.

  Үрмелі қайықтармен балық аулау ерекше сақтықты талап етеді. Су асты бұтағының үшкір ұшын сәл «басып кетудің» өзі резеңкенің тесілуіне және ең қайғылы салдарға душар етуі мүмкін.

Көмек сұрау үшін 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыздар.

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат


«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады

Күні: , 22 рет оқылды

2018 жылдың 10 қазанында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ақылбек Қосманұлы Ахметжановтың төрағалығымен «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ  (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың  9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша жиналыс өтті.

Қызмет бастығы Н. Селимов 9 ай бойы атқарылған жұмыстар қорытындысын баяндау барысында келесі негізгі мәселелерді атап өтті: бөлімшелер жарағында 166 бірлік техника бар. Оның 77-сі – негізгі,      28-і – арнайы өрт сөндіру автомобилі және 61 бірлік көмекші техника. 2018 жылғы 9 айында өрттен 5 адам қаза болды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 10 адам, 50 пайызға азайды), 23 адам жарақат алды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 13 адам, 43,5 пайызға көбейді).

Өрт сөндіру кезінде 50 адам құтқарылды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде –      74 адам, 32,4  пайызға азайды), 685 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1000 адам, 31,5 пайызға азайды).

2018 жылдың есептік мерзімінде Қызмет бөлімшелері дабыл бойынша 1339 рет  шығуда болды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1586 рет, 15,6 пайызға азайды), оның ішінде:

— өртке – 488 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 477  рет, 2,3 пайызға көбейді);

— авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге – 107 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде де 88 АҚЖ тіркелді);

— жану оқиғаларына – 740 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1004 рет,               26,3 пайызға азайды);

— жалған шақыртуларға – 4 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 17 рет,          76,5 пайызға азайды);

— өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға – 11 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 14 рет, 21,4 пайызға азайды);

— өрт-тактикалық сабақтарға – 292 рет (2017 жылдың ұқсас кезеңінде –          259 рет, 11,3 пайызға көбейді).

Қызмет қарамағында жинағында болаттан жасалған 65 баллон  және     191 композиттік баллоны бар 132 «Драгер» аппараты, 76 «МСА Ауэр» аппараты және 31 «АП-98-7к» аппараты мен 1 «АИР-2» аппараты және              7 «АСВ-2» аппараты бар. Гарнизонда «Драгер» панорамдық маскаларын тексеру үшін 6 сынақ құралы, «МСА Ауэр» панорамдық маскаларын тексеру үшін 3 сынақ құралы, 691 «АП-98-7к» панорамдық маскасы үшін 3 «ИР-2» индикаторы бар.

Сондай-ақ, Н. Селимов алдағы тоқсанға арналған міндеттер туралы айтып өтті. Бұл төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі міндеттерді орындау бойынша жұмысын жалғастыру, тиісті органдармен бірлесіп, қыс кезінде жазатайым оқиғалардың алдын–алу бойынша жұмыстарын жүргізу, қысқы кезеңге авариялық құтқару техникасы мен жабдықтарын дайындау бойынша жұмыс жүргізу.

Жиналыс соңында подполковник А.Қ. Ахметжанов қызметтің 9 ай атқарылған жұмысына оң баға беріп, барлық қатысушыларға өздерінің атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді, сонымен қатар, алдағы уақытта көптеген қиындықтар бар екенін және оларды жүзеге асыру үшін жұмысты күшейту қажет екендігін атап өтті.

Арайлым Ғани

«Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика