Мұрағат: 05.09.2018


Қос басындағы ауқат (суретке тіл бітсе)

Күні: , 76 рет оқылды

Жәнібек аудандық газет редакциясының архивінде жатқан сарғыш тартқан мына сурет көзімізге өте ыстық, өте таныс. Суретте өткен ғасырдың 1970 жылдарының басы бейнеленген. Көзімізге ыстық, таныс  деуіміздің себебі, ол кезде  13-14-тегі бала болатынбыз.

Әке-шешеміз жазғы каникулға шыққан бізді үйде босқа қарап жатпасын, құр бекерге аяқ-тентек болып, ойнап жүрмесін, еңбек етуді  үйреніп, аздап қаржы тапсын деп мал азығын дайындап жатқан тракторшы ағаларға тіркемеші етіп, дала қосына апарып  тастайтын. Осы шақтан біздің еңбек вахтамыз басталып, ол тамыз айының 25-іне дейін, дәлірек айтқанда, мектептегі сабағымыз басталғанша созылатын. Таңғы бесте оянып, қос басынан қара шай мен нанға жағылған сары майды ішіп-жеп алып, тракторшымызбен бірге 4-5 шақырым жердегі шабындыққа немесе көлдікке келеміз. Бұл жерде кеште  жұмыс аяқталғанда тастап кеткен жеті орақты шөп шабатын агрегат жатады. Қаңтарулы тұрған агрегатты тракторға тіркеп алып, дәл таңғы 6-да шөп шабуға кірісіп кетеміз. Тракторшы ағамыз тракторын тізгіндейді. Жеті орақты агрегаттың үстінде кемінде 3-4 бала отырамыз. Шөп шауып келе жатқанда шабындықта кездесетін әр түрлі заттан  орақтың кептеліп, тұрып қалмауы үшін  агрегаттың иінтірегін (рычаг) көтереміз. Агрегат, орақ сынып немесе қақалып қалса, дереу тракторшыға белгі беріп, орақты тоқтатып, тіркемешілердің бәрі жабылып, техниканы жөндейміз, шалғыны  ауыстырамыз. Шақырайған күн астындағы төбеңнен өтетін шыжыған ыстықта шаршап, шөлдеп жүрсек те, шөп шабудың қиындығы мен қызығы бізге уақыттың қалай өткенін білдіртпей қалушы еді. Түскі бірге жақын жұмысты доғарып, «ДТ-75» ныспылы шынжыр табанды трактордың кабинасына 4-5 тіркемеші бала үйме-жүйме болып отырып аламыз. Тап мына суретте көрсетілгендей, қос басына келгесін, жуынып алып, аспаздың пісірген ас-ауқатын сүйсіне ішуге кірісеміз. Еңбек етіп келіп ішкен тағам қандай дәмді!..  Бойға сіңімді де жұғымды болаты-нын сезінесің. Кеште тағы солай, күн батуға таяу қалғанда шөп шабатын агрегатты қаңтарып тастаймыз да тағы да қос басына тартамыз.  Аспаздың дәмді қылып әзірлеген кешкі тамағына бас қоямыз. Қос басында аспаз болып, әдетте,  60-тан асқан, зейнет жасындағы әжелер қызмет істейді. Аспаз әже өзінің әзірлеген тамағын сүйсіне ішіп отырған бізге: «Тағы да добавка (үстеме) құяйын», – деп мейірлене қарайды. Кешкі тамақты ішіп алғаннан соң қос басында волейбол, шахмат, дойбы ойнаймыз. Әудем жерде  тұрған үлкен «Рапсодия» ныспылы радиодан Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова «Ақбақай», «Гауһартас» атты халық әндерін шырқаса, енді бірде Ольга Воронец «Деревня моя», «Гляжу озеро синие» деген басқа тілде болса да,  құлаққа жағымды, жайлы естілетін әндерді айтып жатады. Қос басындағы будканың жанындағы көрсеткіш тақтада  сол күнгі шапқан шөбіміздің мөлшері, шамасы ілулі тұрады. Осының бәрі көңілімізді шаттыққа бөлеп, ертеңгі күнгі басталатын еңбекке деген құлшынысымызды арттыра түседі…

Аудандық газет редакциясының мұрағатындағы фототілші, марқұм Сәбит Қуанғалиев түсірген осы суреттегі балалар сияқты бүгінгі күннің жас жеткіншектері де бос уақытын пайдалы қоғамдық  жұмысқа неге арнамайды деген пікір туындайды. Бұрынғыдай мемлекеттің меншігіндегі құрылымдар болмағанымен, қазір  ауылдарда шаруа қожалықтары көптеп саналады. Шаруа қожалықтарының басшыларымен келісіп, солардың қарамағында белгілі уақыт жұмыс істеп, азын-аулақ табыс тапса, екі жаққа да тиімді болар еді.  Жазғы каникул кезінде күні бойы компьютермен ойнап, телефон, планшет бетін шұқылағаннан гөрі, бір мезгіл туып-өскен ауылдың табиғат аясында еңбек еткен әлдеқайда пайдалы емес пе?!.  Мұның өзі бір жағынан туған жерді, өскен ортаны сыйлауға, құрметтеуге, елін сүйетін патриот болуға үндейді деген ойдамыз. Сіздің пікіріңіз қалай,  құрметті  оқырман?!.

Нұрымбек  ЖАПАҚОВ,

Жәнібек   ауданы


Оралман мәртебесін берудегі өзгерістер

Күні: , 70 рет оқылды

Қазіргі таңда заман талабына сай көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге сұраныс күннен-күнге жоғарылап келеді. Соның бірі — Оралман мәртебесін беруде көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет.

Бұл мемлекеттік қызметті Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көрсетеді (бұдан әрі – Басқарма). Оралман мәртебесін беруде көрсетілетін мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы №68 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы аталмыш стандартқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №446 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұған дейін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру басқарманың кеңсесі арқылы да жүзеге асырылатын. Енді стандартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру тек қана халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – басқарма құжаттардың толық топтамасын тіркеген күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күнін қамтиды.

Оралман мәртебесін беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)  оралман мәртебесін беру туралы өтініш нысан бойынша;

2)  өмірбаян (еркін нысанда);

3) отбасы отағасының, отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3 х 4 сантиметр екі фотосуреті;

4) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударушы оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

5) үміткердің Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазаққа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар және көшірмелер де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттен басқа) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы барлық мәліметтер басқарманың http://aleumet-bko.gov.kz/ интернет-ресурсында, нормативтік-құқықтық құжаттар бөлімінде орналастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны: 8 (7112) 24 18 34.

Гүлмира  ҚАЛДЫШЕВА,

облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы


LG смартфондарын неге таңдау керек?

Күні: , 44 рет оқылды

Егер сіз үшін смартфон байланыс құралы ғана емес, өзіндік ерекше орны бар болса, онда сізге ерекшелігі, түсі, мүмкіндігі және қол жетімділігі тұрғысынан сәйкес келетін LG G7 ThinQ моделіне назар аударуыңызды ұсынамыз. Оның себебін түсіндіріп көрелік.

Экраны

Сіз телефоныңызды күндіз жарық күнде пайдаланып көрдіңіз бе? Мысалы, Instagram-ды парақтаған кезде? Бұндай жағдайда күн сәулесіне экран шағылысып, суреттер нашар көрінеді. LG G7 осы брендтің барлық үлгісінің ішіндегі дисплейі ең көрнекі және айқыны осы, жарықтығы 1000 нитке жетеді (экран айқындылығының өлшем бірлігі), яғни өте жарық кезде де әлеуметтік желілерде өзіңізге ұнағанды оқып, видео көруге немесе парақшамен танысуға өте ыңғайлы. Жүйе жарық түрін және сапасын автоматты түрде анықтайды және жарық пен түсті қоршаған ортаға қарай реттейді. Құрылғыны қолмен реттейтін мүмкіндігіңіз болса, экранды баптаудың түрлі тәсілін таба аласыз.

Камерасы

Смартфон екі негізгі камерамен жабдықталған. Екіншікамерада кең бұрышты объектив бар. Мұндай камерамен бір топ адамды суретке түсіруге болады, ең шетте тұрған адамның өзін қамтиды. Тағы бір ерекшелігі – бұл «интеллектуал камера». Бұл функция объективте түрлі объектіні өз бетінше анықтайды және түсірудің 19 сценарийін: адам, жан–жануар, ас, күн шығуы, қала, макро, аспан және басқасын ажырататын оңтайлы түсіру режимін таңдайды. Мұндай фотокамерамен сурет әдемі түсіріледі, сондықтан әлеуметтік желілердегі парақшаңыздағы түрлі-түсті суреттер жұрттың назарын аударатын болады.

Дыбысы

LG инженерлері жаңа смартфонның дыбыс мүмкіндіктерін жақсартты. Біріншіден, G7-де Boombox деп аталатын қатты дауыс зорайтқыш бар. Резонатордың көлемі бұрынғы LG смартфондарына қарағанда 17 есе көп, соның арқасында дыбыс жоғары және кең болып шығады. Екіншіден, смартфон DTS-X Virtual Surround Sound технологиясымен қуатты дыбыс түрлендіргішті (музыкалық процессор) пайдаланады. Осының арқасында G7құлаққап пайдаланғанда да қатты және анық дыбыс шығарады. Әзірлеушілер дыбыстық параметрлердің икемді жүйесін жасады. Фильм көресіз бе? Тиісті режимді орнатыңыз  да, рахаттанып көріңіз. Диктофонды жиі пайдаланатын адамдар үшін инженерлер смартфонды сөйлеген сөзді танитын жаңа жүйемен жабдықтады. Өте шулы жерде смартфон дауысты анық бөліп, шуды жояды. Журналистер немесе бейне блогерлер үшін өте ыңғайлы.

Өнімділігі

Өнімділігі қарапайым. G7 қазіргі кезде Android-смартфондарға арналған ең қуатты Snapdragon 845 процессорымен жабдықталған. Бұл заманауи 3D ойындар мен қосымшалар үшін өте ыңғайлы. Танымал PUBG немесе World of Tanks Blitz смартфон жоғары деңгейде секундына 50-60 кадрды ұстайды, яғни сурет бірқалыпты, кедергісіз, жатық болып шығады.

Бағасы және қайдан сатып алуға болады?

LG G7-дің бағасы нарықтағы басқа флагмандармен бірдей. Егер G7-ді дәл қазір сатып алғыңыз келсе, онда пайдалы ұсынысты таба аласыз. Мысалы, Kcell Store-де «Келісімшарттық телефон» акциясына смартфон сатып алуға болады. Келісімшарттық телефон – смартфондарды ақысын бөліп төлеп сатып алуға мүмкіндік береді, бірақ смартфоннан басқа оператордан байланыс қызметінің пакетін ала аласыз. LG G7 ресми ұсыныс бағасы — 309 960 теңге. Егер сіз Kcell Store-ден 12 айға бөліп төлейтін болып сатып алсаңыз, ай сайынғы төлем 25 830 теңгені құрайтын болады, оған 30 Гб интернет-трафик, Қазақстанның басқа ұялы байланыс операторларына қоңырау шалу үшін 300 минут және Kcell/Activ желісінде шексіз байланыс кіреді. Келісімшарттық телефон науқаны табысты ұпай жинау нәтижесіне байланысты өткізіледі. Ұсыныс туралы көбірек білгіңіз келсе және бөліп төлеудің ыңғайлы шарттары мына жерде.

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика